Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 582 0 пікір 23 Тамыз, 2026 сағат 10:06

Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру шашумен басталды

Суреттер: Алматы қаласы әкімдігінен.

Құрылтай сайлауының алғашқы сағаттарында Наурызбай ауданындағы №542 сайлау учаскесінде ерекше көңіл күй орнады. Дауыс беруге келген тұрғындарды ақ жаулықты аналар ұлттық дәстүрмен шашу шашып қарсы алды.

Ұлттық салтпен басталған бұл сәт сайлау күніне мерекелік реңк беріп, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Бүгінгі сайлау — ел болашағын айқындайтын маңызды оқиға. Сондықтан азаматтық жауапкершілік танытып, таңдау жасау үшін келдік», — деді аудан тұрғындары.

Наурызбай аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мәдениет Жәркенов жастарға үлгі болу үшін сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келгенін айтты.

«Жастарға үлгі көрсету үшін алғашқылардың қатарында келіп, дауыс бердік. Еліміздің жарқын болашағына сенеміз. Партиялардың бағдарламаларымен таныстық», — деді ол.

Ал Орал Нұрмұханбетова сайлау нәтижесінде әлеуметтік салада оң өзгерістер болады деп үміттенетінін жеткізді.

«Жеке тұлғаны қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелеріне басымдық беріледі деп сенеміз. Елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік сақталып, халықтың әл-ауқаты арта берсе екен», — деді ол.

Айта кетейік, №542 сайлау учаскесі №187 мектептің ғимаратында орналасқан. Таңнан бері мұнда сайлаушылар белсенді келіп жатыр. Дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалып, сайлау үдерісі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1549
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3162
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1158
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1079