Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 673 0 пікір 25 Тамыз, 2026 сағат 15:13

Биылға мұнай өндіру жоспары 2 млн тоннаға қысқартылды

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдардың салдарынан елімізде мұнай өндіру көлемі 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға дейін қысқартылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

- Қаңтарда, одан кейін маусым-шілде айларында жалғасқан шабуылдардың салдарынан шамамен 3,5 млн тонна мұнай жоғалттық. Осыдан кейін ТШО акционерлері күрделі жөндеу жұмыстарын жасамау туралы шешім қабылдады. Келесі жылға ауыстырылды, - деді министр.

Оның атап өтуінше, келесі жылы NCOC операторының кен орындарында да жөндеу жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданған.

- Біз биыл 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарланған едік. Қазір жоспар 96 млн тоннаға түзетілді. КҚК-ға жасалған шабуылдан өндірілмеген мұнай көлемі 3,5 млн тоннаны құрайды, - деді Ерлан Ақкенженов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3126
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1120
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1044