Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 737 0 пікір 25 Тамыз, 2026 сағат 15:51

Атырау МӨЗ-і аумағындағы өрт толығымен сөндірілді!

Сурет: bes.media сайтынан алынды.

Еліміздегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі — Атырау МӨЗ аумағында өрт шығып, сөндірілді.

Бүгін түскі сағат 12:55-те зауыт аумағынан ашық жалын шығып, қою қара түтін байқалған болатын.

112 қызметінің мәліметінше, тілсіз жау толығымен ауыздықталып, өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның салдарын жоюға ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС, АТМА әуежайы және NCOC компаниясының авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, барлық құрылымдардың үйлесімді әрекеті ұйымдастырылды.

Бұл жұмыстарға барлығы 65 адам мен 19 бірлік техника тартылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1438
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3013
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1006