Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Аласапыран 293 0 пікір 14 Қыркүйек, 2026 сағат 14:18

Сирияда тағы да дүрбелең: Аш-Шараа шарасыз қалды...

Суреттер: forbes.kz, org.qa, arabic.ru сайттарынан алынды.

Сириядағы Ахмед аш-Шара билігі жанармай бағасын 40 пайызға қымбаттатқаны үшін жұрт жаппай наразылыққа шығуда. Қазір Сирияның Дейр-әз-Зор, Ракка, Хасеке, Алеппо, Идлиб қалаларын наразылық толқулары шарпыған…

Осылайша Сирияда жанармай дағдарысы ушыға түсті. Елдің энергетикаға жауапты министрлігі «жағдайдың аса ауыр екенін», «бағаны шарасыздықтан көтергенін» айтуда. Ал Сириядағы мұнай өңдеу саласы соғыстан кейін тоқырап тұр. Энергетика секторына лаңкестік шабуылдар жиілеп кеткен.

Сирия ұзақ жылдар бойы мұнай өнімдерін Ираннан, кейін Ресейден алып келген. Ахмед аш-Шараа билікке келген соң Сауд Арабиясы Дамашықтың бас «демеушісі» болатыны айтылған.

Сирия әлгінге дейін тәулілігіне 60-65 мың баррель мұнай өндіріп келген. Кейін, Аш-Шараа билікке келіп, Дейр әз-Зордағы бірнеше кен орнын Дамашық өзіне қайтарған. Осыдан соң тәуліктік норма 100 мың баррельге дейін көтерілетіні айтылған. Ал бұл ел соғысқа дейін (2011) тәулігіне 385 мың баррель мұнай өндіретін. Ал ішкі нарықты қамту үшін кемі 200 мың керек.

Қазір Сирияда 2 МӨЗ бар. Бірі - Хомста, екіншісі - Баниаста. Екеуінің жалпы қуаты тәулікте 250 мың баррельді өңдеуге жетеді. Ал жоғарыда Сирияның тәулікте өндіретін мұнайы 65 мыңның шамасында екенін айттық.

Ормуз тұралап тұр. Иранның да, Ресейдің де жағдайы кісі қызығарлық дей алмаймыз. Теһеранның Дамашыққа саяси «өкпесі» бір басқа, мұнай саудалар жолы жабылып ол тұр. Ал Ресейдің өзі Үндістаннан бір, ОА-дан екі, Ливиядан үш мұнай сұрап жүр. Жұртты жарылқар шамасы жоқ. Оның үстіне Аш-Шараа билігі Мәскеушіл де емес. Осылайша, Сирия импортқа тәуелді, шарасыз жағдайда қалып отыр. Ел билігі енді үшінші МӨЗ салуды қолға алған. Ол болса, 2030-дяң әңгімесі.

Елі дүрліккен Дамашық қазір Ормузға балама бағыт ретінде өз территориясын ұсынуда. Атап айтқанда, Киркук - Баниас мұнай құбыры бар. Соны қайта қалпына келтіріп, Парсы шығанағы елдерінің мұнайын Сирия аумағы арқылы Жерорта теңізіне шығаруды ұсынған.

Бұл құбыр 1952 жылы салынып, 2003 жылғы Ирактағы соғыстан соң тоқтап қалған. Оған дейін тәулігіне 700 мың баррель мұнай ағып жатқан. Бұл жобаны АҚШ қолдауға кетәрі емес. Бірақ, 20 жылдан аса қолданыссыз жатқан құбыр шіріп біткен. Оны іске қосу дегеніңіз - қайта салу деген сөз. Ал бұл ырғыр-қырғын қаражатты керек етеді. Оның үстіне Сирия өз аумағының қауіпсіздігіне 100 пайыз кепілдік бере алмай отыр.

Сондықтан, бұған бала бағыт - Киркук - Жейхан деген Түрік бағыты. Бұл қолданыстағы құбыр. Көлемі де үлкен. Қазір тәулігіне 750 мың баррель мұнай ағызса, алда 1,5 млн баррельге көтермек. Қосымша инвестицияны керек етпейді. Тиімдісі осы боп тұр. Сондықтан, Аш-Шараа тағы да шарасыз күйге түсуде…

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2699
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 823
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 793