Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 123 0 пікір 24 Қыркүйек, 2026 сағат 15:53

Jetour T1 және T2 көліктерін ұзақ сапарға қалай дайындау керек?

Сурет: jetour-auto.kz сайтынан алынды.

Саяхат көлік қала шетінен шыққан сәттен емес, одан әлдеқайда бұрын басталады. Бағыт айқындалып, жолдорба жиналып, бейтаныс өлкелерді көруге деген аңсар ауған сәттің өзі – сапардың алғашқы қадамы. Jetour T сериясындағы T1 және T2 модельдері дәл осындай сапарларға лайықталған. Олар қала ішінде күнделікті жүруге ыңғайлы, сонымен қатар үйреншікті бағыттан шығып, көл жағасына, тауға, далаға немесе адам аяғы сирек тиетін табиғи мекендерге жол тартуға мүмкіндік береді.

Jetour T1 көлігі 2,0 литрлік, қуаты 254 ат күшіне жететін турбокомпрессорлы қозғалтқышпен, 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен және BorgWarner муфтасы бар XWD интеллектуалды толық жетек жүйесімен жабдықталған. Көліктің жолдан биіктігі – 190 мм. Jetour T2 ұзақ сапарға бұдан да көбірек мүмкіндік ұсынады. Оның 2,0 литрлік қозғалтқышының қуаты – 254 ат күші. Жерден биіктігі 220 мм. Салоны кең, ал беріліс қорабының бірнеше нұсқасы бар. Соның ішінде 7 сатылы роботтандырылған қорап және Explorer жинақтамасындағы 8 сатылы автоматты қорап қарастырылған.

Алайда жақсы жабдықталған көліктің өзін қосымша керек-жарақтардың көмегімен саяхатқа одан әрі ыңғайлауға болады.

Шатыр көлікті жол үстіндегі шағын демалыс орнына айналдырады. Бұл әсіресе қонақүйі немесе арнайы демалыс орны жоқ шалғай жерлерге шыққанда ыңғайлы. Көліктің төбесіне орнатылатын шатырда түнеуге болады. Оны тез жинап, қайта орнатуға мүмкіндік бар. Әрі салондағы орынды алмайды. Жер бедері қолайсыз немесе кәдімгі шатыр құруға ыңғайсыз жерлерде де мұндай жабдықтың пайдасы ұшан-теңіз. Бірнеше күн ішінде әр жерге аялдайтын саяхатшылар үшін бұл — уақытты үнемдейтін таптырмас шешім. Шатыр таңдағанда оның салмағына, көлеміне, қанша адамға шақталғанына және көлік төбесіне рұқсат етілген жүктемеге назар аудару керек. Бұл жабдық нақты көлік моделіне, шатырдағы жүк салғышқа (багажникке) және жоспарланған сапар бағытына толық сай болуы тиіс.

Маркиза көлік жанынан лезде көлеңкелі әрі жайлы орын жасауға мүмкіндік береді. Ол аптап ыстықтан, сіркіреген жаңбырдан және желден қорғайды. Ал аялдаған сәтте тамақ әзірлейтін, демалатын немесе достармен әңгіме-дүкен құратын шағын бұрышқа айналады. Шатыр мен маркизаны бірге қолданса, жол бойында шағын кемпинг ұйымдастыруға болады. Көлеңке іздеп әуре болмайсыз, бұтақ пен басқа заттардан уақытша күрке жасаудың да қажеті жоқ. Тоқтап, жабдықты жайсаңыз болғаны – демалатын орныңыз дайын. Кең салон мен үлкен жүксалғыштың өзі ұзақ сапарға қажетті заттардың бәрін сыйғыза бермейді. Ұйықтайтын қаптар, шатыр, жиналмалы орындықтар, туристік ыдыс, киім-кешек және басқа да керек-жарақтар көліктің ішін тез толтырады.

Мұндай кезде төбеге орнатылатын жүксалғыш-бокс көмектеседі. Ол салондағы орынды босатып, жолаушыларға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Заттар ретімен орналасып, шаң мен жауыннан қорғалады. Ал салонда жол бойында жиі қажет болатын дүниелерді ұстауға болады.
Қосымша жабдықтардың барлығы бірдей сән үшін орнатылмайды. Көліктің алдыңғы және артқы бөлігін, табалдырықтары мен астыңғы қаңқасын қорғайтын элементтер қиыршық тасты жолда, тасты өңірде немесе ойлы-қырлы жолмен жүрген кезде көлікті әртүрлі зақымнан қорғауға көмектеседі. Сонымен бірге мұндай жабдық көлікті сапарға бейімдей түседі.

Алайда кез келген қосымша жабдықты таңдағанда оның нақты Jetour моделіне сәйкестігіне, қалай бекітілетініне және көліктің клиренсіне, сондай-ақ еңіске түсу мен өрге шығу бұрыштарына қалай әсер ететініне мән берген жөн.

Қалада, тасжолда және көпшілік танымал табиғи бағыттарда көліктің штаттық шиналары жеткілікті. Ал жол балшықты, құмды, тасты немесе қатты бүлінген болса, шинаның түрі маңызды бола түседі. Жол талғамайтын көліктерге арналған шиналардың протекторы тереңірек, ал бүйір қабырғалары берік болады. Олар бос топырақта, қиыршық таста және балшықта жолды жақсырақ ұстап, өткір тастарға төзімді келеді. Дегенмен мұндай шиналардың асфальтта дыбысы қатқылдау болуы және жанармай шығынына аздап әсер етуі мүмкін. Сондықтан шинаны сыртқы көрінісіне қарап емес, нақты баратын жолыңызға қарай таңдаған жөн. Аралас бағытқа әмбебап шина жараса, күрделі жолдарға жиі шығатындарға арнайы жол талғамайтын шиналар қажет болуы мүмкін.

Ұзақ жолда көлік көбіне толық тиеледі: жолаушылар, багаж, су, түрлі жабдықтар мен жанармай қоры көліктің салмағын арттырады. Мұндай жағдайда күшейтілген аспа көлікке қосымша салмақты сенімді көтеруге көмектеседі. Ол ауыр жабдықтарды тұрақты түрде пайдаланатын, көп зат алып жүретін немесе бірнеше күнге жететін автономды сапарларға шығатын адамдарға пайдалы болуы мүмкін. Алайда көлік аспасын да мұқият таңдаған жөн. Бұл ретте жабдықтың салмағы, жүргізушінің әдеті және алдағы жолдың сипаты ескерілуі қажет. Сапалы бапталған аспа көліктің биіктігін арттырып қана қоймай, оның жолдағы тұрақтылығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Әр жүргізушіге ұзақ автономды экспедицияға арналған жабдықтардың толық жиынтығы қажет емес. Демалыс күндері қысқа сапарға шығатындарға жүксалғыш-бокс пен маркизаның өзі жеткілікті болуы мүмкін. Тауда немесе далада түнеуді жоспарласаңыз, көлік төбесіне орнатылатын шатыр қажет болады. Ал күрделі жолдарға жиі шығатындар лайықты шиналарға, қорғаныс жабдықтарына және күшейтілген аспаға назар аударғаны дұрыс. Ең бастысы – әр жабдықты жеке-жеке емес, біртұтас жүйе ретінде қарастыру. Қосымша салмақ, төбеге түсетін жүк, көліктің жолдан биіктігі және аспаға түсетін салмақ автомобильдің мүмкіндігі мен сапар мақсатына сай болуы керек.

Саяхаттың әсерін көбіне осындай ұсақ көрінген дүниелер айқындайды. Көл жағасында атқан таң, ашық аспан астындағы кешкі ас, туристік картада аты жоқ жерге апаратын жол және алда нақты жоспардың болмауынан сезілетін еркіндік. Адамдарды алыс сапарға жетелейтін де – осы сезім. Ал дұрыс таңдалған қосымша жабдық мұндай сапарды жайлырақ, қауіпсіздеу әрі есте қаларлықтай етуге көмектеседі.

Jetour T1 және T2 көліктеріне арналған қосымша жабдықтарды Қазақстан бойынша ресми Jetour дилерлік орталықтарынан сатып алуға болады. Толық ақпаратты jetour-auto.kz сайтынан білесіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1438
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3014
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1006