«Майхана шатыр»: Ежелгі көшпенділер архитектурасы
Расында, Шығыс Азияның дәстүрлі пагода және цзяньчжу (飛檐» — ұшатын бағана-шатыр) архитектурасы көшпенділердің ежелгі «Майқана шатыр» (ханшатыр) үлгісінен бастау алатынын тарих өзі дәлелдеуде. Сондықтан, жалпы құрылыс-сәулет мәселесіне емес, қазақ халқына тән дәстүрлі сәулет өнеріне тоқталмақпын.
Біреулер: «қазақ көшпенді болса, онда қайдағы сәулет құрылысы?» деуі мүмкін. Мәселе де осында. Осы мақала дәл осындай көзқарасқа жауап ретінде жазылды деуге болады.
Ендеше, жалпы әлемдік сәулет өнерінің үлгілері туралы емес, көшпенді халққа тән Орта Азиядағы сәулет өнерінің үлгілері туралы сөз қозғаймын.
- Қазақ сәулет өнерінің тамыры қола дәуірінен бастау алып, орта ғасырларда (Қараханидтер мен Дешті Қыпшақ кезеңінде) классикалық формасына жеткен құрылыс үлгісі.
- Қазақтың төл сәулет өнеріне тән негізгі үлгі — киіз үй пішінінен бастау алатын күмбезді және конус тәрізді (шатырлы) порталды-күмбезді сәулет үлгісі.
- Шатырлы болса да өз алдына дара, бұрыштары жоғары қайқыланып келген шатырлы ғимараттар жайында. Бұларды бұл күнде «Шығыс Азияның дәстүрлі пагода және «цзяньчжу» («飛檐» — «ұшатын бағана-шатыр») архитектуралық үлгісі» деп атап жүр. Міне дәл осы үш құрылыс түріне тоқталамын.
Қазақ сәулет өнерінің тамыры қола дәуірінен бастау алып, орта ғасырларда (Қараханидтер мен Дешті Қыпшақ кезеңінде) классикалық формасындағы құрылыс үлгілері:
Қола және Андронов дәуірі (б.з.б. II мыңжылдық)
Ерекшелігі: Дөңгелек және төртбұрышты тас қорғандар мен кесенелер.
Дәлел: Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің кесенелері (Беғазы, Дәндібай, Ақсу-Аюлы). Бұл құрылыстарда үлкен гранит тастардан пішін жасап, төбесін сатылап жабу әдісі қолданылған. Бұл — болашақ күмбезді құрылыстардың алғашқы прототипі. Мысалы: Сақ-Ғұн және Түркі дәуірі (б.з.б. I мыңжылдық – б.з. VIII ғ.) сәулет құрылыстары. Ерекшелігі: «Дың» деп аталатын тастан қаланған сүйір, конус пішінді құрылыстар. Дәлел: Орталық қазақстан мен Жезқазған өңіріндегі Домбауыл дыңы. Домбауыл — исламға дейінгі оғыз-қыпшақ дәуірінің ескерткіші, пішіні киіз үйге өте ұқсас, балшық пен тасты араластырып қалаған.
Одан соң — Алтын Орда және қазақ хандығы дәуірі (XIII – XVIII ғғ.) сәулет құрылыстары. Ерекшелігі: Далалық сәулет өнерінің өз қолтаңбасы — «Далалық күмбез мектебі». Орталық Азияның биік порталды стилінен айырмашылығы — бұл құрылыстарда салмақ тепе-теңдігі киіз үй динамикасына негізделген. Дәлел: Ұлытау өңіріндегі Жошы хан кесенесі мен Алаша хан кесенесі. Алаша хан кесенесінің сыртқы қабырғалары қазақтың «төртбұрыш», «алаша» оюлары сияқты кірпішті өріп қалау (фигуралық қалау) әдісімен безендірілген.
Бұдан басқа — Күйдірілген және шикі кірпіш синтезі. қазақ даласындағы кесенелер төтенше ауа райына (қыста аяз, жазда ыстық) шыдау үшін арнайы балшық құрамынан (қыл-қыбыр, сабан, топан және сүт, май қосылған) құйылған кірпіштерден тұрғызылған.
Тағы бір айқын мысал — Ою-өрнекті кірпіш қалау (Терракота) мысалы: Айша бибі кесенесіндегі (XII ғ.) 60-тан астам түрлі өрнекті оймыш терракоталық плиткалар — далалық сәулеттің геометриялық және ұлттық мотивтерді ғимаратқа қолданудағы биік шыңы. Бұдан басқа әлгіге дейін жалғасын тауып келе жатқан сәулет түрі киіз үй геометриясы. Көптеген кесенелердің ішкі күмбезіне өту жүйесі (тромптар) мен төбесінің жабылу технологиясы киіз үйдің уық-шаңырақ орнату логикасын толық қайталайды.
Қазақтың төл сәулет өнеріне тән негізгі үлгі — киіз үй пішінінен бастау алатын күмбезді және конус тәрізді (шатырлы) порталды-күмбезді сәулет үлгісі.
Халқымыздың төл құрылыс үлгісі — көшпелілердің киіз үй геометриясы мен тас-кірпіш қалау өнерінің бірігуінен туған күмбезді-кесенелік сәулет мектебі.
Бұған (б.з.б. XII–VIII ғғ.) Беғазы-Дәндібай кесенелерінің құрылыс техникасы жатады. яғни Қола дәуірінің соңында Орталық қазақстанда қалыптасқан бұл құрылыстар — далалық монументті сәулеттің алғашқы үлгілеріне жатады.
Алып гранит плиталарды негіз еткен кесенелер шарбақ-қабырғалар салмағы бірнеше тонна болатын үлкен гранит тастарды тігінен орнату арқылы тұрғызылған. Тастар бір-біріне тығыз жымдастырылып, сыртқы жағы топырақ пен майда тастармен бекітілген.
Сатылы төбе жабыны (Пирамидалық әдіс), Ғимараттың төбесін жабу үшін тастар ішке қарай сатылап (ортасына жақындаған сайын тартылып) қаланған. Бұл — кейінгі күмбезді құрылыстардың ең алғашқы инженерлік негізі.
Сыртқы өткелдер (Коридорлар): Кесенелер тек бір бөлмеден тұрмай, айнала оралып өтетін галереялық өткелдермен және шығысқа қараған арнайы кіреберіс порталмен жабдықталған.
Мұндай көне тас дыңдардың құрылыс техникасы (б.з.б. I мыңжылдық – б.з.б. VIII ғ.) деуге болады.
Мысалы: Дыңдар — исламға дейінгі оғыз-қыпшақ дәуірінен сақталған, сыртқы пішіні киіз үйге немесе шошалаға ұқсас сүйір тас құрылыстар (бұған Домбауыл дыңы мысал болады).
Плиталық қалау: Дыңдар цемент немесе әк ерітіндісіз, тегіс тақта тастарды (плитняк) балшық ерітіндісіне отырғызу арқылы қаланған.
Шошақ күмбез («Жалған күмбез» техникасы): Ішкі жағынан қарағанда қабырға мен күмбездің арасында айқын шекара жоқ, қабырға жоғары көтерілген сайын ішке қарай суырылып, сүйір конус жасап жабылады. Бұл техника ғимаратқа жоғары беріктік беріп, ғасырлар бойы жел мен жауын-шашынға төтеп беруге мүмкіндік берген.
Мұнда табиғи желдету мен жарық бірлікте сәйкеседі, мұндай Дыңдардың есігі әдетте күн шығысқа қарап жасалып, төбесінде шаңырақ сияқты шағын саңылау қалдырылған.
Осы екі құрылыс мектебі кейінгі Алтын Орда мен қазақ хандығы кезеңіндегі күйдірілген кірпіштен сүйір күмбез соғу өнеріне негіз болды.
Біз дәлелге Домбауыл дыңының ішкі құрылысын мысалға алайық.
Орталық Қазақстандағы Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне тас сәулет ескерткішінің Пішіні мен өлшемі: Сыртқы пішіні киіз үйге (немесе конус тәрізді шошалаға) өте ұқсас, негізі төртбұрышты (шамамен 5,5 метр), биіктігі 6 метрден асады.
Тақта тастардан қалануы: Ғимарат жергілікті қызыл-құмдауық тақта тастардан (плитняк) балшық ерітіндісіне тұрғызылған. Қабырғасының қалыңдығы 1,2 метрден асады, бұл ішкі температураны тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.
Ішкі құрылысы: Есігі күн шығысқа қараған. Ішкі бөлмесі бір ғана шаршы пішінді кеңістіктен тұрады. Қабырғалары 2 метр биіктікке дейін тік көтеріледі де, одан әрі ішке қарай сатылап суырылып, сүйір «жалған күмбез» түзеді.
Бұрыштары жоғары қайқыланып келген шатырлы ғимараттар — Шығыс Азияның дәстүрлі пагода және «цзяньчжу» («飛檐» — «ұшатын бағана-шатыр») архитектуралық үлгісі.
Негізгі тақырып осы мазмұнында тұр, былайша айтқанда бұл құрылыс үлгісі біздің сәулет құрылыс өнеріміздің ең алғашқы бастамасы деуге әбден болады.
Қазіргі жалпылама анықтамада Бұрыштары жоғары қайқыланып келген шатырлы ғимараттар — Шығыс Азияның дәстүрлі пагода және «цзяньчжу» («飛檐» — «ұшатын бағана-шатыр») архитектуралық үлгісі деп танылып келеді.
Ендеше бұл құрылыс үлгісі қай заманнан бастау алады дегенге берілетін жауап.
Құрылыстың архитектуралық стилі Қытайда Таң (618–907) және Сун (960–1279) әулеттері кезінде қалыптасып, Мин (1368–1644) мен Цин (1644–1911) дәуірлерінде шарықтау шегіне жеткен. Бейжіңдегі Гугун сарайлары мен халық алаңы маңындағы тарихи ансамбльдер осы Цин және Мин дәуірінің классикалық дәстүрін көрсетеді.
Бұл үлгідегі құрылыстың ерекшеліктері: Жаңбыр суын қабырғадан алысырақ ағызу үшін және ғимаратқа жеңілдік және «ұшып бара жатқандай» сән беру үшін қолданылған.
Және бір ерекшелігі құрылыс материалының басым бөлегі ағаш материалдан болып, конструкциялары («доу-гун» жүйесі) басым санды бөлегі шегесіз, қиюластыру тәсілімен атқарылады.
Құрылыстың бұлайша құрастырылуымен, пішіні күні бүгінге дейін қазақ құрылыстарынан үзіліс жасаған жоқ, мысалы шошала үй, ағаш үй, шарбақ үй, дөңбек үй деген үйлер дәл жоғарыдағы құрылыс өнерінің сабақтастығы болып отыр.
Ендеше бұларды неге айтып отырмын. «Құрылыстың архитектуралық стилі Қытайда Таң (618–907) және Сун (960–1279) әулеттері кезінде қалыптасып, Мин (1368–1644) мен Цин (1644–1911) дәуірлерінде шарықтау шегіне жеткен» деген анықтама бұл күнде ғылыми айналымға батылдықпен айтылып келеді.
Мысалы: Бейжіңдегі Гугун сарайлары мен халық алаңы маңындағы тарихи ансамбльдер осы Цин және Мин дәуірінің классикалық дәстүрін көрсетеді делінген анықтама ретінде қолданылып келеді.
Халқымыздың шежірелік аңызында «Бейжің мен Ухан қаласының ең алғашқы жобасын Құбылайдың тапсыруымен Елқыдыр (Елгелді) жобалапты» деген аңыз жетеді. Бұл археологиялық, материалдық дәлелсіз сөз болғанымен аржағында негіз жатқаны белгілі, мысалы: Шыңғыс хан мен Үгедей ханның бас кеңесшісі, Қытайланған қидан (хитан) текті мемлекет қайраткері болған Елюй Чуцай (1189–1243), Ол тікелей сәулетші болмаса да, Моңғол империясының мемлекеттік жүйесін, қала құрылысын, мәдениетін қытайлық дәстүрмен сабақтастырудың негізін қалағандығы айтылады.
Енді бірі, Лю Бинчжун (1216–1274): Құбылай ханның бас кеңесшісі, ғалым, конфуцийші әрі сәулетші. Ол Құбылай ханның жарлығымен Шанду (Xanadu) жазғы ордасы мен империяның бас астанасы Даду (Дайду — қазіргі Бейжің) қаласының бас жобасын (планын) сызған негізгі тұлға. Міне осындағы Елюй Чуцай және Лю Бинчжундар халықтық шежіре немесе аңыздарға сай мүмкін халық арасында дыбыстық өзгеріске ұшырап, «Елқыдыр» түрінде сақталуы әбден мүмкін. Өйткені «Қарақорымды Үгедей Бейжіңге көшіретін болғанда Керей тайпасынан шыққан құрылыс жобалаушы Елқыдырды ала кетіп, әзіргі Бейжіңнің патша сарайын жобалатқан» деген сөздің бүгінге жетуі тегінен тегін болмаса керек.
Иә, Құбылай заманында бұндай құрылыс үлгісі Орта Азияға кеңінен тарай бастағандығы да айтылады.
Бұл жөнінде Қытайдың танымал қала құрылысы маманы және Қытай инженерлік академиясының академигі. Қытай қала құрылысы және дизайн академиясының президенті, Қытайдың заманауи қала құрылысы және сәулет дизайны индустриясының жетекшісі болған Зоу Дэци (1934-2020) деген көрнекті тұлғаның: «Қытайдағы жүйеден Бейжіңдегі құрылыс архитектуралары ежелгі түркі халықтардың сәулет құрылысы үлгісенде жобаланған» деген пікірді айтуында да жоғарыдағы дәлелдерге сүйеніп отырған болуы мүмкін.
Ендеше Шығыс Азияның дәстүрлі пагода және «цзяньчжу» («飛檐» — «ұшатын бағана-шатыр») архитектуралық үлгісіндегі бұрыштары жоғары қайқыланып келген шатырлы ғимараттың тарихының тұп төркіні көшпенділердің архитектуралық үлгісінен бастау алып жатқаны дәлелденеді деген тұжырым жасалады.
Орта Азиядағы бұрыштары қайқайған құрылыстар сонау Шумерлер, Сақтар мен Ғұндар сияқты көшпенділердің жаугершілік кезеңдерде, отар, жайлау қамы деп көші-қонда хандар мен бегзада, ханзадалардың демалып тынығуына, белгілі жұмысты шұғыл ақылдасуға, соғыс жайын батырлар мен баһадүрлерден мәлімет алып, бұйрық беруге арналған, кейде соғыс толастап тыныстай қалған кезде, көш аялдап, орныға қалғанда Майқана шатыр әзірленіп кеңес осы шатыр ішінде тиянақталады.
Майқананың сыртқы пішіні бүгінгі Орта Азиадағы бұрышы қайқайған шатыр құрылыстарынан аумайды.
Майқана шытырын кейде жеңілдетіп «Қан шатыр» деп те атаған кездер болған, мысалы Құбылай хан Даду (Дайду — қазіргі Бейжің) және Шанду (Xanadu) қаласын жобалатуға сәулетші Лю Бинчжун (1216–1274) (ауыз кеңесте Елқыдыр) шақыртып алған соң ең алғашында мұнда Майқана шатырларын әзірлеткендіктен «шатыр қаласы» деп те аталғаны айтылады.
Сол кезде құрылыстың «шатыр» аталуы, әзірленген құрылыстардың бұрыштары қайқы шатыр болуының сыры осында.
Көшпенділер жоғарыда айтқандай Майқананы әзірлеу кезінде алты найзаны қанжыр «аралық мәтшә) етіп, екі қатарға тіктейді, осы алты найзаның үстінен көлденеңінен екі басынан екі найда арқалық ретінде (кейде ортасынан және екі найза қояды) да бұлардың үстіне бұл, арнаулы илеп әзірленген жеңіл қозы, лақ терілерінен құралған жапқыны жабады. Бұл кезде Майқананың екі басындағы найзаның ұшы жапқының сыртында қалатындықтан оған қылыш, қанжар байлайды, міне бұл майқана шатырдың бұрыштарын жоғары қайқайта көтеріп тұрады, әрбір бұрышы шыққан майқана шатыр әрқандай жаңбыр шашынды іргесінен су өтпейді, себебі шатырдың ортасына жаңбыр суын жиналтпай бұрыштарынан ары қарай ағызады, аққан суды шатыр іргесіндегі мордан ары асырып ағызу рөлі бар. Майқана әзір болған соң қайқайған шыққан бұрыштарына Қасқырдың, алымыр құстардың, айдахан немесе қырғауылдың бейнесін орнатып төтемдік жоралғыны сақтайды.
Міне осы баяндап отырған Майқана Құбылаймен бірге Орта Азиаға кеңінен тарап қайқы бұрышы бар құрылыс жобаларын дүниеге әкелді деуге әбден болады.
Майқана шатырды арада будистер жақсы пайдаланды, олар өздерінің діни дәрежесін Марқан шатырдың қабатымен дәлелдейтін болды, ең астындағы жібектен әзірленген Мрқана шатырын таза, ұзақ уақыт сақтау ұшын әуелде үстіне бір қабат шатыр қосқан еді, кейін бәсекемен жеті қабатқа дейін қабаттап әзірлейтін болды, мұнда үстінгі қабаттарға адам жатып пайдаланылмағанымен Майқананың қабатын көрген жерден мұндағы діни орталықтың дәрежесіне бірден көз жеткізетін болған.
Майқана шатыры туралы кей деректерде Семей өңірінде XIX ғасырға дейін қолданыста болғанын, бұл туралы Шоқан Уәлихановтың өз көзқарасын білдіріп кеткендігі айтылады
«Семей» Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Г. Х. Гасфорттың адъютанты Семей сапарында «Ертіс бойындағы бекіністер мен сауда жолдары, және жергілікті қазақтар мен Татарлардың тұрмыс-тіршілігі негізінде, Ф. М. Достоевскиймен достығы мен кездесулері сипаттаудан басқа Майқана шатыр туралы айтылмағандығын көлделең тартады, алайда Шоқан ежелгі көшпенділердің Майқана шытыр туралы деректерінің Семей атауының Шатырмен қатысы барын («Жеті сарай / Жеті палата») делінетінін ескертіп өткен.
Кей деректе Семейдің бұрынғы атауы (Семипалатинск) XVII ғасырда Ертіс бойында тұрған жоңғар-қалмақтардың буддалық ғибадатханалары — «Жеті палата» (Семь палат / Жеті сарай) болғаны айтылады, мұндағы жоңғар-қалмақтарды деген кім, тағы да сол көшпенді түркі халықтар, оларды да Ресей империясы «құрттың атын малта қойу» тәсілімен тарихын қойып олардың ізін өшірудің амалын қолданғаны көрініп тұр.
Себебі зерттеушілер кейде бұл ғибадатханалар мен тас құрылыстарды ауызша әңгімелерде немесе терминдерді қате аударуда «жеті шатыр» (семь шатров/палаток) деп шатастырып айтатын» деп ақталатынын қайтесің. Ал біз айтып отырған Майқана шатырдың екі, бес, жеті қабатқа дейін әзірленетіндігі, көшпенділер соғыста, немесе жиын — тойларда майқана шатырын тігіп кеткен жерлер географиялық жақтан «ұш шатыр», «жеті шатыр» немесе «жеті отау» деп аталғандығы есте болғаны жөн.
Жинақтап айтқанда жоғарыда көрсетілген Орта Азияда жүйеден көшпенділерге тән үш түрлі стильдегі құрылыс үлгісінің барлығында осы айтып отырған бұрышы қайқы құрылыс үлгі негіз болғаны байқалады, әрине қай уақытта да, қай дәуірде мәдениеттің ауысуы, тоғысуы, тәжірибелердің баюы болып жататындығы рас, сол сияқты ол кезде де жаңалық жарату, бәсекелестіктің әсерінен құрылыстағы «Қазаншалау», «құдықтастырыу», «сүйір және тік қабырғалау» сияқты құрылыстағы жаңа тәсілдер қолданылып келгенмен осының барлығына қайқы бұрыш құрылысы негіз болды деуге әбден болады, бұған Азиядағы ежелден бүгінге жеткен құрылыс қалдықтары жауап береді.
Байахмет Жұмабайұлы,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі. Қытай Жазушылар одағының және Фольклор одағының мүшесі. Этнограф
Abai.kz