Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2469 0 пікір 12 Қараша, 2009 сағат 08:57

Ескеріңіз, Есімов мырза: Алматы... ең нашар қалалардың бірі

Қай заманда болмасын, бейтаныс елге барып, нәпақасын айыруға я болмаса нарығын игеріп, байлығын бөлісуге ынталы азаматтар толастаған емес. Ал, кірпияз американдықтар мен еуропалықтарға тіпті өмір сүру сапасы өте төмен елдерде жұмыс істегені үшін деп қосымша пұл төлейтін көрінеді. Осы орайда американдық ORC Worildwide атты рекрутингтік компаниясы атақты Business Week журналына арнап ең нашар қалалардың тізімін түзіп беріпті. Яғни, АҚШ, Канада және Батыс Еуропаның аумағынан тыс жерлерде шетелдіктердің түрлі мәселелермен, айталық ауру-сырқаумен, саяси шыдамсыздықпен, ластанумен, т.т. «ұсақ-түйекпен» бетпе-бет келуі мүмкін деген 55 қаланы атапты. Әрине, әскери қимылдар жүріп жатқан Бағдад, немесе халықаралық изоляцияда қалған Пхеньян сияқты қалалар онсыз да бұл тізімге қосылмаған. Масқара болғанда, біздің ару шәріміз Алматы топ бастамаса да, төртінші орынға ілігіп тұр. Алматыдан озса, тек Эр-Рияд (Сауд Арабиясы), Джакарта (Индонезия) және Лагос (Нигерия) қана озыпты. Ендеше, Есімов мырза, көкейімізде «нашар қалалардың алдында болатындай нендей кінәміз кетіп еді?» деген заңды сауал туады екен. Айтпақшы, сөзіміз сенімді болу үшін сол зерттеменің бізге қатысты тұсын ойып бермекпіз. Оқып көріп, ойланып көріңіздер...

4. Алматы, Қазақстан

Жалпы деңгейі: өмір сүруге өте қауіпті жер

Басты мәселелері: ластану, ауру-сырқаулар мен антисанитария, медициналық дәрі-дәрмектің тапшылығы, жағрапиялық жағынан алшақтығы;
Басқалай мәселелері: тұрғын үй, климат, оқу, инфраструктура, байланыс жүйелері, мәдениет және демалыстың әлсіз дамыған жүйесі; 

Ө.ДАРХАН, «Абай-ақпарат»

0 пікір