Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2600 0 пікір 16 Қараша, 2009 сағат 06:07

Мұхтар Кәрібай. КАЙРДЕ ШЫРҚАЛҒАН «ҚҰСТАР ӘНІ»

Адамзат жаратылысының мол құпияларын қойнына сақтап, тұла бойы көне тарихтан тұнып тұратындай көрінетін Мысыр еліне әлемнің түкпір-түкпірінен ағылатын туристерде сан жоқ. Арада мыңдаған шақырымдар жатқанымен, қазақ халқына да жаттығы жоқ, керек десеңіз, тамырын тереңнен тартатын байланысы бар осынау ежелгі мемлекетке біздің елден сапар шегетіндердің де қатары қалыңдай түскен. Мұның бір себебі мынада.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Кофи Аннанға дейін Бас хатшысы болған мысырлық Бутрос-Бутрос Ғали осы әлемдік Ұйым аясында іске асырылатын ауқымды бағдарламалардың бірін барлық қаржы-қаражатымен бірге өз отанына қарай бағыттап, Египетке алып берген. Оның шеңберінде  жыл сайын ТМД елдері, сондай-ақ шығыс еуропалық мұсылман мемлекеттерінің дипломатия, қаржы, салық, жекешелендіру, қауіпсіздік саласының мамандары үшін арнайы оқу-тәжірибе алмасу сапарлары ұйымдастырылып келеді.

Кезекті бір сапардың орайы бізге де бұйырып, осы жолдардың авторы және Дәулет Ембердиев, Орал Әбубәкір сынды әріптестеріммен бірге ежелгі пирамидалар еліне аттандық. Әуежайдан қолды-аяққа тұрғызбай тосып алып, бес жұлдызды қонақ үйдің  төрінен бір-ақ шығарған күтіп алушылардың қауырт та қызу қимылына қарағанда, бұл бағдарламаның қаржылық мүмкіндігінің молдығына көзіміз жеткендей болды.

Бізге деп даярланып, бір айға жақын созылған Мысыр елі, жалпы араб әлемінің тарихы, дипломатиясы мен саясаты дәрістерін өзіміз осы саланың қызметкерлері, әрі араб тілінің мамандары болғандықтан, реті келгенде ағылшынша лекцияларды да жатырқамай қабылдай беріп, бұл елдің өткен-кеткені мен қазіргі өмірінен біраз мағлұматты бойға сіңіріп алдық. Әсіресе Бейбарыс бабамыздың аты аталған  сайын ТМД-дан келген өзге топтардың алдында арқаланып, шоқтығымыз биіктей түскендей шабытты әсерде жүрдік. Оның үстіне ішімдік атаулыны «боза» дейтін, көпірлердің үстінде жазылып тұрған «көпіре» сөздерін көргенде көңілдің көк дөнені тіпті  тулап кететін. Шынтуайтына келгенде, сонау алыстағы Африка жерінде де аталарымыздың ат ойнатқанына біз мақтанбағанда кім мақтансын!

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөзді де сол ержүрек аталарымз қалдырғанын еске алып, біраздан соң елге қарай елеңдей бастадық. Кайрден қайтатын күні кешке таман біздің Елшіліктегі Батыршаев Бақыт, Қирабаев Әлім деген жігіттер хабарласып, дүниенің қай түкіпірінде жүрсең де қаперден шықпайтын қазақы дәстүр бойынша «жол аяқ» жасап жіберуге келген екен. Бір ай бойы емін-еркін аунап-қунап, сан түрлі дәмдерін армансыз татқан өз үйіміздей болған бес жұлдызды қонақ үйдің астыңғы қабатындағы дәмханада Африканың аптап ыстығынан қашып, салқын сыраға бас қойдық. Шет елдерде жүргенде бір байқағаным  - адам баласы, бәлкім қазақтар ғана ма, әйтеуір табаның басқа елдің топырағын басып тұрса да, ой-санаң өз еліңді кезіп жүретін мызғымайтын бір беймәлім күш бар. Бұл жолы да сол әдетімізден танбай, ауылдан кеше ғана шықсақ та, елшіліктегі жігіттермен басымыз қосылғандағы басты әңгімеміз ел мен жер төңірегінде өрбіп, арасында Мысыр мемлекетімен салыстырып сырласып отырдық. Сыра десек те, бір сырын ішіне жасырып тұратын бұл сусыныңыз буын-буынды бойлап, денені жайлаған соң қанды қыздыра бастаған. Қанша мезгіл өткенін кім білсін, енді бірауықта әйгілі Нұрғиса ағамыздың мәңгілік өлмес «Құстар әніне» басып отыр екенбіз. Сірә, елшіліктегі жігіттердің елге деген сағыншы арнасынан асқан ба, әлде енді бірер сағаттан соң оларға қол бұлғап, біздердің қайтып бара жатқанымыз қосылды ма, әйтеуір сол сәтте бас қосып отырған бір топ қазақ баласының басындағы алай-дүлей сезімдер көкіректі керней келіп,  ән болып ақтарылған тәрізді. Ал, мұндайда алыста қалған туған аулыңның күз келген күрең шақтағы түнгі аспанын тіліп, тағы бір көктем мен жаздың, қимас дәуреніңнің қайтып келместей артта қалып бара жатқанын білдіре қиқулата ұшып өтетін жыл құстары жайындағы әннен басқа көңілге дәру табу қиын-ақ, әрине.

Хош, сонымен әлемнің әр түкпірінен келетін кірпияз, тәкаппар туристер дәм сусындарын ішіп, демалып отырған түнгі дәмханада бір топ азиялықтың отырып алып аңырата ән салуы, тіпті, талайды көрген Каир қонақ үйінің қызметшілері үшін де тосын құбылыс болғандай. Бір байқасам, бізге қарап аңтарылып қалғандардың қатары молая түсіпті. Қанша дегенмен, тәуліктің қай мезгілінде де тып-тыныш тұруы тиіс шетелдік қонақтар тұрақтайтын қымбат қонақ үй емес пе, дамыл таппайтын даяшылар да естерін жиып,  аяқтарының ұшымен жақындап келіп бізге «ақырындатсаңыздар» дегендей ишара білдіре бастады. Алайда олардың бұл әрекетінен енді ештеңе шықпайтын еді. Шырқау шегіне жетіп, тар кафеге сыймай, қарындасты қимай шалқыған қазақтың «Құстар әнін» тоқтатарлық күш дәл осы сәтте ешкімде жоқ-тұғын.

Сол кеште маған бүкіл Каир түні, қала берді күллі Мысыр елі қазақ әніне құлақ түріп, апшыңды қуыратын аптап ыстыққа қарамастан, күнделікті қайнап жататын қауырт тірлігі бір сәт дамыл тапқандай көрінді. Кім білсін, дәл сол түні қыпшақ даласына ғана тән қасиетті жусан исін аңсап өткен Бейбарыстай батыр бабамыздың рухы мысыр аспанында мәңгілік қалықтап, арада талай ғасыр өткенде өзін дүниеге әкелген қастерлі қазақ топырағынан келген қара домалақ ұлдарын желеп-жебеп тұрған шығар.

0 пікір