Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2699 0 пікір 17 Қараша, 2009 сағат 08:45

"Егеменшіл" екенін енді білдік

Баяғыда біреу «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» депті ғой сабаз. Сол сабазыңыз тым көреген болуы керек шамасы. Өйткені, Керей мен Жәнібек хандардың және қазақ батырларының ескерткіші төңірегіндегі мәселе ушығып тұр. Тіпті, ескерткіштер мәселесі кейінгі кезде кімнің-кім екенін айқындап берді. Сонымен бәрі белгілі бола бастады.

Шүу, дегенде ұз-а-а-а-а-қ үнсіздіктен кейін Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағанбетов ұлт намысының көрігін қыздыра бастаған ескерткіштерге байланысты пікір білдірді. Ол не деді дейсіз ғой, міне: «Мен ескерткіштер жөнінде айтудан қорықпаймын. Бұл сұрақты маған емес, рұқсат құжатсыз жасаған мүсіншіге қойыңдар. Рұқсат құжат деген не? Бұл - мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы ескерткішті салуға рұқсат беретін мемлекеттік комиссияның құжаты деген сөз. Ал мұндай құжаттар мүлдем жоқ. Демек ескерткіштер жөнінде де сұрақ туындамау керек,» - депті бас қаланың әкімі жиналған журналистерге.

Журналистермен сол жолғы кездесуінде Иманғали Тасмағанбетовтің «Егемен Қазақстанды» оқуға кеңес бергені турасында әкімнің «нұсқауын» Азаттық радиосы ескерткіштер туралы кезекті бір мақаласында атап өткен еді. Қызық осыдан кейін басталды. Шындығында, бұдан кейінгі іс- шаралар жоспар бойынша өткендей әсер қалдырды. Ел газеті  «Егемен Қазақстанда» әкім айтқандай шынында да «тосын» жаңалық бар болып шықты. Сөйтсек, қарайғанмен ісі жоқ, өзінің шаруасымен айналысып отырған тарихшы көкеміз Қойшығара Салғараға ескерткіштер маңындағы мәселеге «төре» пікір айтуын өтініп «егемендіктер» хабарласқан көрінеді.

«Егеменнің» өзінен хабарласып тұрса, жан қала ма? Ағамыз жалма-жан бар шаруаны жиып қойып, ескерткіштерге қатысты азаматтық үнін білдірмекке бел буады. Бұл тарихшының мақаласында айтылған жайлар. Осы жерден тағы бір мазасыз сұрақ туады. Сонда Қойшығара Салғараның «айбынды» азаматтық үнін естуге баршамыз зар болып жүргенімізде, ол кісі «Егеменнен» қоңырау күтіп отырған ба? Мүмкін «Егеменнен» емес, басқа жақтан телефон шалған шығар? Бұл жағы көкеміздің өзіне аян. Қойшы, сонымен тарихшы ағамыз Керей мен Жәнібектің кескін-келбеті қытайланып кеткен деген қортынды шығарған. Және қайдағы бір хандардың тас мүсініне бола, қазақ жастарының даурыққанына кәрияның ақылы жетпей, ақыры бәрін сабырға шақырады. Сабырға шақырғаны төпелей берсе де, төзе беріңдер дегені шығар деп біз сияқты кішкентай адамдар расында сондай бір ыңғайсыз ойға беріледі екен. Тарихшы жоғарыдағы әкімнің ескерткіштің құжаты туралы ойын тәптіштеп түсіндіріп шыққан екен мақаласында. Мұндай түсіндірме, «қорған» мақала тарихшының ісі ме деп, біз тағы ойға қалдық. Жоспарлы жүйенің ісі мұнымен бітпеді. 16 қараша күні Астанадан мүсінші, сәулетші, суретші, өнертанушысы бар бір топ адам Алматыға сау етіп жетіп келіпті. Баспасөз мәслихатын өткізген бұл сабаздарыңыз, әкімнің айтқан сөзіне тереңдете талдап, үстемелеп түсіндірді. Ескерткішті іске алғысыз халтура деп атады. Ақыр аяғында Алматыдағы журналистерге не айтуға келгендері, бір жарым ай мұқым қазақ шуылдап жатқанда қыңқ демеген бұл көркемөнер өкілдерінің неліктен аяқ астынан нілдей бұзылғанын өздері түсіндіріп бере алмады, журналистер түсінбей дал боп тарқасты.

Арқадан келген көркемөнершілер бастан аяқ ресми тілде су жорғадай тайпалып отырып, қазақ хандары ескерткішінің жоба ауторы делініп жүрген Сембіғали Смағұловты жерден алып жерге салды.

Құдай-ау, бұл қалай болды деп Сембіғали Смағұловқа хабарластық. О кісі жоғарыда топ болып келген мырзалардың сөзін толығымен жоққа шығарып, ескерткіштің құжаты түгел екенін айта келіп, мемлекеттік комиссия тамыз айында қабылдағанын, ескерткіштің Қытайда жасалуының себебінде түсіндіруге тырысты. Сембіғали мырзаның сөзіне сенсек, ескерткішті құю кезінде Қазақстандағы мүсін құятын орындар бос болмаған көрінеді. Өйткені, бәрі Астананың 10 жылдығына сыйлық жасап қарбалас болып жатқан. Сөйтіп, амалсыз Қытайға апарып мүсінді құйдырып келген. Әзірге ескерткіштің маңындағы әңгіменің бір парасы осы. Әркім өзі ісінің ақтығын айтып әлек. Ал, Астананың сыртында ақ қарға оранып хандар мен батырлардың ескерткіші әлі тұр...

Айтпақшы, біз Қойшығара Салғараұлын тарихышы шығар деп жүретін едік, сөйтсек ол кісі әредік «Егеменнен» тапсырма алып тұратын елгезек журналист екен. Енді білдік...

«Абай-ақпарат».

0 пікір