Бас прокуратура Мұхтар Жәкішевтің қамалғаны туралы қауесетті жоққа шығарды
Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Бас прокуратураның баспасөз қызметі «Қазатомпром» АҚ ҰАК-ның экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің қамалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне бас прокуратураның баспасөз қызметінен ресми хабарлады.
«Қазатомпромның» бұрынғы басшысына қатысты ешқандай қамау, не ұстау болған жоқ. Мұның бәрі қауесет», - деп түсіндірді бас прокуратураның баспасөз қызметінің жетекшісі Сәулебек Жамкенұлы.
Одан өзге, оның айтуынша, бас прокуратуға қазір М. Жәкішевтің қайда екені: Қазақстанда ма жоқ тыс жерде ма екені, белгісіз.
«Біз оған қатысты халықаралық іздеу жариялаған жоқпыз», - деп нақтылады ол.
Жұма күні «Республикка – деловое обозрение» газетінде бейсенбіден жұмаға қараған түні бас прокуратураның қызметкерлерімен «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы М. Жәкішев тұтқандалғандығы туралы ақпарат жарияланды.
Алдын хабарлағандай, 21 мамырда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының шешімімен М. Жәкішев ҚР бас прокуратурасының шешімімен өз қызметінен босатылды.
Президент Назарбаев ТМД мемлекеттеріне Достастық елдерінің мигранттарына толеранттықпен қарауды ұсынды
Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Достастық елдерінің мигранттарына толеранттықпен қарауды ұсынды.

«Жұмыссыздық барлық мемлекеттерде бар. Бұл тұрғыда бәрі қиналып отыр. Алайда, Достастық елдері мигранттарға толеранттықпен қарауға тиіс шығар», - деді ол жұма күні ТМД елдері үкімет басшыларымен кездесуде.
Н. Назарбаев, Қазақстанда ресми мәліметтерге сәйкес, көрші республикалардан келген 1 млн-ға жуық мигрант бар екенін нақтылады.
«Біз көршілерде де жағдай жақсы емес екенін ескере отырып, оларды өз елімізден қумауға тырысып жатырмыз», - деп атап көрсетті ол.
Өз кезегінде Молдова премьер-министрі Зинаида Гречаная ең бастысы - «ТМД елдері азаматтар және тауарлар үшін жасанды кедергілер құрмаса болғаны» деп атап көрсетті.