ИБРАҺИМ ИБН ҚҰНАНБАЕВ
«Уақыттың» 322-санында Россияның ең атақты ақындарының бірі Лермонтовты М.М. әпенденің аударуымен «Жалғыздықта» деген өлеңі жарияланған еді. Осы өлеңді көрген соң, оқушыларымыздың құрметті Ибраһим Құнанбаевтың Лермонтовқа іңкәр болып, орыс әдебиетінің гүл шоқтарын өз тілінде сайратқаны екінші бір жағынан адамның ойына оралады.
Бұл адам Семипалат облысы, қазақ, нәсілі тобықтыдан еді, Өскенбайдан тараған Құнанбайұлы Ибраһим мырза.
Ибраһим мырза ұлы ақын аталып, бұдан төрт жыл бұрын дүниеден қайтты,59 жаста еді. Ғылымсыз, қара халық арасында,сахара қазақтары ішінде жалғыз жұлдыздай болып жанып шығып,тілі,оқушыларын оятатын өлеңдері оны бүкіл атырапқа мәшһүр етті.Шығармалары қазақша жазылды.Мейлінше мол еңбектенумен орыс тілін үйреніп , орыс әдебиетіне еркін жетіліп, достасып алды. Өлеңдері есіткеннің жүрегін жігерлендірерліктей табиғи болып, шығармаларының асыл негізі Лермонтавқа үндес.Мәжілісінде болған кісілердің айтуынша, тілі ләззатты, араб, парсы, түрік, қалмақ тілдерінен хабардар, тарих, география пәндерінен мағлұматы кең болып танымы ауқымды еді. Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлтжанды, елін-жерін сүйген кісі еді.Марқұмның өлеңдері көп болса да, басылғандары жоққа тән еді. Обалы шығармаларын біліп жарыққа шығармауға қайрат етпеген кісілердің басында тұр.
Марқұмның сөздерінің бірі:
Қуатты оттай бұрқырап,

Уәзінге салып тізілген
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген
Қайран тіл, қайран сөз!
Наданға қадірсіз.
Тәуекел мен батыр ой,
Өткір тілді найза етіп.
Сайысып-ақ бақты ғой,
Неше түрлі айла етіп.
Оянбай, қайран жұрт,
Ұялмай қал жым-жырт!
Ақылмен ойлап айтқан сөз,
Бойыңа жұқпас сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Ән салар, жатқа алар,
Түбінде құр қалар.
Міржақып Дулатұлы
«Уақыт», 1908 №383