Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2581 0 пікір 24 Мамыр, 2009 сағат 04:18

KEGOC компанияны негізсіз айыптаған экологтарға қарсы сотқа арыз жазбақ, өйткені бұл компанияға залал тигізуі мүмкін

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – KEGOC компаниясы өзіне залал тигізетін негізсіз айып таққаны үшін экологтарға қарсы сотқа арыз жазбақ. Бұл туралы жұма күні ҚазТАГ тілшісіне «KEGOC» АҚ басқарушы директоры Сергей Катышев хабарлады.
«Экологиялық ұйымдардың есіне сала кеткіміз келеді, олардың экологиялық заңнама бұзылып жатқаны туралы ойланбай жасаған мәлімдемелері біздің компанияның іскерлік беделіне және әріптестермен қатынастарымызға залал тигізеді, бұл KEGOC компаниясына экономикалық шығын келтіруі мүмкін», - деп мәлім етті ол.
Алматы облысының Шарын өзенінде Мойнақ гидроэлектрстанциясы салынып жатқаны белгілі. Бұл орайда аталған электр станциясының қуатын беру сұлбасының құрылысы – бұл электр станциясын жұмыс істеп тұрған электр желілерімен байланыстыратын электр желілерінің құрылысы KEGOC компаниясының міндетіне жатады. «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы жобаны жүзеге асыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңды бұзуға алып келеді деп отыр. Олар жоғары вольтты желілерді «Шарын» және «Алтын-Емел» ұлттық табиғи бақтарының аумағынан тыс орналастыруды талап етуде.

С. Катышевтың айтуынша, қазіргі уақытта электр жеткізу желілері өтетін жол таңдалған жоқ. Жоғары вольтты желілер өтуі мүмкін орынды таңдау және келісу бойынша мамандандырылған ұйыммен келісімшарт бар. Бұл процесс барысында аталған ұйым осы жұмысқа қатысы бар мемлекеттік органдар мен ұйымдармен кеңесіп әрекет етіп жатыр.
«Аталған ұйым электр жеткізу желілері өтетін ықтимал жолдарды таңдап, оны KEGOC-қа ұсынған соң, біздің компания бұл жолдарды қарап, экологиялық, экономикалық және басқа да қауіптерді бағалап, өз қызметін ашық атқаратын компания ретінде бұл мәселеге қатысты ақпаратты халыққа жария етеді. Біздің болжауымызша, бұл бір-бір жарым айдан кейін болады», - деп атап көрсетті басқарушы директор.
«Қазір шулап, дау көтеруге еш негіз жоқ. Сондықтан осындай шу көтеріп жатқан ұйымдардың көзқарасы түсінбеушілік тудырады. Сондай-ақ, KEGOC компаниясы өз қызметі барысында республиканың заң актілерін және халықаралық конвенцияларды бұзуға ниетті емес екенін атап көрсеткім келеді. Электр желілерінің жолын таңдау Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады», - деп атап көрсетті С. Катышев.
Компания бейсенбі күні таратқан хабарламада айтылғандай, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді халық алдында тарату, БАҚ пайдалану арқылы түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға хабарлау әрекеттерін KEGOC компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіруге бағытталған деп есептейді. Бұл жағдай KEGOC компаниясына бұл мәліметтерді жоққа шығаруды және оларды таратудан келген залалды өтеуді  сот тәртібімен талап етуге мүмкіндік береді.
«Сондай-ақ, жалған мәліметтерді қасақана тарату жалғасатын болса, «КЕGОС» АҚ айыпты тұлғаларды заңнмен белгіленген жауапқа тартуды талап ету құқығын өзінде қалдырады», - делінген хабарламада.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515