Айдос Сарым. Халық «тобыр» емес, Олжас мырза!
Қазақ ұлтының бас көтеріп, ғасырлық ұйқысынан оянып келе жатқанынан есеңгіреп қалған билігіміз тағы бір "қуантты". Досқанның масқарасын аз көрген болуы керек, билік дарақы Доктринаны қолдау үшін Олжас Сүлейменов деген "кереметтің" нафталинін қағып, шаңын сүртіп жарыққа алып шықты. Осы аптада париждік "пәруәдігеріміздің" "Тобырдың саясаткерлердің сара ойларын саясаткерсымақтықтан айыратын кезі келді" деген сұхбатын "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі әлемге жайып жіберді (оқимын деушілер порталдың "Білгенге маржан" деген айдарына назар аударсын).
Шетелде - елші, елінде - турист болып кеткен Олжас Сүлейменовтың "қалың қазаққа сөзі өтеді" дегенді кім ойлап тапқанын білмейміз, алайда сұхбатты алушылар ағамызды "ашыла сайратыпты". Кеңес одағының күйреуіне бір күңіреніп, бір күрсініп, кеңесек данышпанымыз дүдәмал доктрина төңірегінде болып жатқан ұлттық күреске, оны бастаған ұлтшыл азаматтарға қатысты біраз сөз айтыпты. Оның пікірінше, бұндай жағдайдың пайда болуына "белгілі дүниежүзілік терминдердің мағынасын адамдарға түсіндіріп бере алмайтын тіл ғылымының артта қалғандығы мен саясаттанудың қауқарсыздығы" ғана "кінәлі" екен.
Қазақ ұлтының бас көтеріп, ғасырлық ұйқысынан оянып келе жатқанынан есеңгіреп қалған билігіміз тағы бір "қуантты". Досқанның масқарасын аз көрген болуы керек, билік дарақы Доктринаны қолдау үшін Олжас Сүлейменов деген "кереметтің" нафталинін қағып, шаңын сүртіп жарыққа алып шықты. Осы аптада париждік "пәруәдігеріміздің" "Тобырдың саясаткерлердің сара ойларын саясаткерсымақтықтан айыратын кезі келді" деген сұхбатын "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі әлемге жайып жіберді (оқимын деушілер порталдың "Білгенге маржан" деген айдарына назар аударсын).
Шетелде - елші, елінде - турист болып кеткен Олжас Сүлейменовтың "қалың қазаққа сөзі өтеді" дегенді кім ойлап тапқанын білмейміз, алайда сұхбатты алушылар ағамызды "ашыла сайратыпты". Кеңес одағының күйреуіне бір күңіреніп, бір күрсініп, кеңесек данышпанымыз дүдәмал доктрина төңірегінде болып жатқан ұлттық күреске, оны бастаған ұлтшыл азаматтарға қатысты біраз сөз айтыпты. Оның пікірінше, бұндай жағдайдың пайда болуына "белгілі дүниежүзілік терминдердің мағынасын адамдарға түсіндіріп бере алмайтын тіл ғылымының артта қалғандығы мен саясаттанудың қауқарсыздығы" ғана "кінәлі" екен.
Онысын аз көргендей ақынымыз халқына, филология ғылымдарының докторларына ақыл үйрете бастайды. Ол: "Но толпе надо бы уже научиться отличать чистые помыслы политиков от явного политиканства. Доктора филологии могли бы обратить внимание, что в казахском языке понятия "нация", "национальность", "этнос" до сих пор выражаются одним словом ұлт" - деп көсемсиді.
"Осыным аз болып кеткен жоқ па екен?" деп ойлаған Олжасымыз: "Политологи должны были пояснить, что в международной терминологии существуют ясно обозначенные самостоятельные значения каждого из трёх приведенных терминов:
- нация - это обозначение гражданства, имени государства. В данном случае: казахи - основа казахстанской нации, поэтому наше этническое имя стало корнем имени государства - Казахстан;
- национальность - народ, являющийся основой данной нации или частью её. В данном случае: казахи - основа казахстанской нации, поэтому наше этническое имя стало корнем имени государства - Казахстан. Русские, украинцы, поляки и др. - это национальности, ибо есть на планете государственные образования, имеющие в основе своих наименований имена этих народов - Россия, Украина, Польша и др.;
- этнос - народность, не имеющая самостоятельной государственности. В России, например, в ранге этноса пребывают эвенки, нивхи, чукчи и т.д. Но, являясь гражданами России, они, даже не будучи национальностями, являются представителями российской нации. На свете есть около 7 тысяч этносов. Они представлены в сотнях национальностей, которые сошлись в двухстах нациях, создавших Организацию Объединенных Наций (ООН). Всеобщая Декларация прав Человека, ставшая Конституцией (Основным законом) демократии, признает за каждым человеком основные права, независимо от того, является ли он представителем великой нации или малого этноса, затерянного в джунглях Амазонки", - деп академиялық дәріс оқиды.
Сүлейменовтың пайымдауынша мәселенің барлығы тек "терминологиялық шатасуға" тіреліп тұр екен. Өзінің таңғажайып ақылдығын, ғұламалығын дәліледеу үшін ол: "С 21 декабря 1991 года - образовалась Республика Казахстан, появилась казахстанская нация. С основной частью - казахской национальностью. (Если отрицать существование казахстанской нации, то, значит, отрицать существование и государства Казахстан.).
Проблема непонимания возникает при переводе терминологии на казахский язык:
"Казахстанская нация" - қазақстан ұлты.
"Казахская национальность" - қазақ ұлты.
В казахском изложении получается столкновение и взаимозамещение смыслов этих политически различных выражений. А то, что из этого получилось в местной политике, мы наблюдаем. Филологам надо было за эти 20 лет обогатить казахский словарь выражениями новых понятий, появившихся с обретением государственности. Объяснить художественной интеллигенции и начинающим политикам, что "нация" это - обозначение "государственности", "гражданство". "Национальный банк" это - "государственный банк", "национальная компания" это - "государственная компания". Поэтому "Доктрина национального единства" это - идеология государственного единства, единства всех национальностей Казахстана. Какие могут быть возражения у здравомыслящей аудитории, если правильно понимать смыслы терминов?" - деп таң қалады.
"Қазаққа тым жағынып кеткен жоқпын ба, осы?" деп күмәнданған "әлем азаматы" сөз соңында Жәнібек пен Керейдің ескерткіштеріне қатысты биліктің іс-қимылын толық ақтап, "тілді енгізуді асықтыруға, саясиландыруға" қарсылығын білдіріп, "Алматы қаласының орыс тілінде "Алма-Ата" аталуын қалайтынын" баса көрсетіпті.
Бұнің барлығына не деп айтуға болады?
Олжас мырза! Сіз бүгінгі биліктің қандай да болмасын сорақы ісі мен жымысқы тірлігін ақтап алуға дайын адам екеніңіз әлемге аян. Қазақты мазақ қылғаны былай тұрсын, ертеңгі күні атып, қырып жатса да мыңқ етпессіз. Оған таң қалып отырған жоқпыз. Бұл тұрғыдағы сіздің адами, азаматтық бетпердеңізді кезінде марқұм Алтынбек ағам ашып кеткен! Алайда нанын жеп, суын ішкен ұлтыңызды надан "тобыр" санау, оның мұң-мұқтажын "филологиялық қателік" деңгейінен асырмауыңыз өзіңіздің рухани азғындағаныз бен саяси алжығандығыңызды көрсетеді.
Осы күндері ХҚА ұсынған Доктринаға қарсы наразылығін білдіріп, ұлттық іс-қимылды бастаған Тұрсынбек Кәкішев, Мекемтас Мырзахметов сияқты филолог-ғалымдар, Асанәлі Әшімов, Мақпал Жүнісова, Болат Атабаев сынды өнер қайраткерлері, Мұхтар Шаханов, Софы Сматаев, Дулат Исабеков, Мұрат Әуезов біртуар ақын-жазушыларымыз, басқа да жүздеген, мыңдаған атақты-атақсыз қандастарыңызды ақымақ санамаңыз. Сіз айтып отырған терминдердің мазмұнын сізден де жақсы біліп, түсініп отырмыз. Алайда мәселе "терминдерде" емес, жүргізіліп отырған саясатта! Мәселе "сөздің" аздығында емес, нақты істің жоқтығында!
Бәлкім, сіз үшін қазақ тілі, қазақ ділі, қазақ діні, қазақ тарихы, қазақ мәдениеті деген ұғымдар түкке тұрмайтын дүние шығар. Алайда біздер үшін бұлар мәңгілік рухани құндылықтар. Осы құндылықтар үшін өмір сүріп жатырмыз. Қажет болса солар үшін өлуге де дайынбыз. Адам өмірге "атақ алам, ақша табам" деп келмейді. Ата-бабалар қалдырған асыл мұраны қабылдап, келер ұрпаққа тапсыру үшін келеді. Осындай қарапайым ғана ақиқатты түсінбей отырып, әлем халықтарының мәдени мұрасының жайын айтып, оны сақтау үшін аянбай ат салысып келе жатқан ЮНЕСКО сияқты ұйымда қазақ атынан елші болғаныңыз бар болсын! Қажет десеңіз, бүгінгідей сөздерден кейін осы ұйымда елші болуыңызға ешқандай азаматтық, адами қақыңыз жоқ! Париждің шарабы мен круассандарына әбден тойған шығарсыз! Енді өз еркіңізбен отставкаға кеткеніңіз өзіңізге де, мүсіркеген "тобырыңызға" да тиімді болады!
"Абай-ақпарат"
(Хат Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы елшілігінің электронды поштасына жіберілді)