Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3309 0 пікір 11 Қаңтар, 2010 сағат 07:41

Қазақ қанша болдық?

2009 жылы 25-ақпан мен 6-наурыз аралығында өткен халық санағының ресми қортындысы әлі күнге жарияланған жоқ. Санақтың алғашқы нәтижесі бойынша мемлекет құраушы ұлт  қазақтардың жалпы саны елде 67 пайыз деп айтыла бастаған болатын. Бірер айдан соң 67 пайыздың 2 пайызы белгісіз себептермен «кеміп» кетті. Сөйтіп, әзірше 65 пайызға иек артып тұрған сияқтымыз. Есесіне бұрынғы 130 ұлттың қатары күрт өсіп «140 ұлт» деп дәріптелуде. Сонымен, ілгеріде Қазақстанда 130 ұлттың өкілі (диаспорасы) тұрып өмір сүріп келген болса, енді олардың саны 140-қа жетіпті. Әйткенменде, ресми қортынды жарияланбай халық санағына қатысты нақты бірдеңе айту қиын. Өйткені бар жоғы 15 миллионның айналасындағы Қазақстан халқының жансанын жария ету құзырлы орындарға да «қиын» тиіп жатқанға ұқсайды. Айтпақшы, 2009 жылды мемлекеттік мазмұны терең Халық санағымен қортындылаудың орнына билік «Қазақстан халқы» деген идеямен көрініп көпті мезі етіп алды. 

Белгілі деректерге сүйенсек, ең алғаш халық санағы 1897 жылы өтіпті. Аталған тұңғыш санақта 3,4 миллиондай қазақ болғанға ұқсайды.
1916 жылғы дүрбелең  мен азамат соғысы кезінде 850 мың қазақ Ата жұрттан ауыпты. 1931-33 жылдары 1 млн 750 мың қазақ көз жұмса, қуғын-сүргіннен кейінгі екінші дүниежүзілік соғысты қосып есептегенде 5 миллиондай адамнан және айрылыппыз...

Соғыстан соң елі іші ептеп ес жиып, 1950 жылдары қазақтың саны 8 миллионға барыпты. Қазақтың қарқынды өскен кезі 1950-1990 жылдар болды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қазақ халқының табиғи өсу кезеңі басталды. Қиыр жайлап шет кеткен бауырларымыз Баба мекеніне қайта оралып, демографиялық көрсеткіштерімізді үстеу үстінде.
Мұның бәрі жақсы-ау, алайда, халық санағының қортындысы неге осы уақытқа дейін құпия болып келеді? Әлде қазақтың қарасы молайып, саны артқаны саясатқа солақай тиіп тұр ма? Түсінбедік. Сонымен санақ өтті. Ал санымыз қанша?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369