Байқоңыр… Брэнд
Қорқыт бабаның қобызы тербеткен даланы бүгінде зымыран-құсты зеңгірге көтеретін қозғалтқыштар дауысы дүбірлетеді. Иә, тұзы көкке, суы құмға көшкен Аралдың азабы аздай, Байқоңыр ғарыш айлағы да осы аймақтағы ағайынның денсаулығына зарарын тигізіп келеді. Әйтсе де, бұл мақтаныш! Еліміздің брэнді! 6 717 шаршы шақырымды алып жатқан әлемдегі тұңғыш һәм ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңырдың» АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі және Қытайдың Цзюцюань айлақтарымен қатар ғарышкерлерді көкке ұшыруға мүмкіндігі бар әлемдегі үшінші ғарыш айлағы екені естеріңізде болар. Үшінші емес... бірінші! Неге десеңіз, Халықаралық ғарыш стансасының орбитасы осы Байқоңырдың жердегі ендігіне сай таңдап алынған. Байқоңырдың іргетасы алған 1955 жылдың 12 қаңтарында қалана бастады, екі жылдан соң-ақ зымыран ұшыруға лайықты инфрақұрылымның барлығы дайын болды. Ал «Байқоңыр» деген атауды әлем жұртшылығы алғаш рет 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагариннің ұшу сапарынан кейін естіді. Алғашқыда бұл атаудың өзі «жалған ақпарат» ретінде таратылды. Себебі, ол кезде Кеңестер Одағы АҚШ-пен қырғи қабақ қатынаста еді. Тұңғыш ғарышкердің ғарышқа сапарын тіркеу үшін оның ұшу нүктесін көрсету керек... содан да Кеңестер Одағы ұшу алаңының координатасын жасырып, әлемдік қауымдастыққа одан 300 шақырым жердегі Байқоңыр кентінің координатасын ұсынған. Одан бері....
Қорқыт бабаның қобызы тербеткен даланы бүгінде зымыран-құсты зеңгірге көтеретін қозғалтқыштар дауысы дүбірлетеді. Иә, тұзы көкке, суы құмға көшкен Аралдың азабы аздай, Байқоңыр ғарыш айлағы да осы аймақтағы ағайынның денсаулығына зарарын тигізіп келеді. Әйтсе де, бұл мақтаныш! Еліміздің брэнді! 6 717 шаршы шақырымды алып жатқан әлемдегі тұңғыш һәм ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңырдың» АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі және Қытайдың Цзюцюань айлақтарымен қатар ғарышкерлерді көкке ұшыруға мүмкіндігі бар әлемдегі үшінші ғарыш айлағы екені естеріңізде болар. Үшінші емес... бірінші! Неге десеңіз, Халықаралық ғарыш стансасының орбитасы осы Байқоңырдың жердегі ендігіне сай таңдап алынған. Байқоңырдың іргетасы алған 1955 жылдың 12 қаңтарында қалана бастады, екі жылдан соң-ақ зымыран ұшыруға лайықты инфрақұрылымның барлығы дайын болды. Ал «Байқоңыр» деген атауды әлем жұртшылығы алғаш рет 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагариннің ұшу сапарынан кейін естіді. Алғашқыда бұл атаудың өзі «жалған ақпарат» ретінде таратылды. Себебі, ол кезде Кеңестер Одағы АҚШ-пен қырғи қабақ қатынаста еді. Тұңғыш ғарышкердің ғарышқа сапарын тіркеу үшін оның ұшу нүктесін көрсету керек... содан да Кеңестер Одағы ұшу алаңының координатасын жасырып, әлемдік қауымдастыққа одан 300 шақырым жердегі Байқоңыр кентінің координатасын ұсынған. Одан бері.... алғашқы жер серігі, алғашқы ғарышкер, алғашқы ғарыш стансасы, айта берсе Кеңестер Одағына «ғарыштық держава» деген атақты кілегейлеп берген жеңімпаз ұшулар, жобалар осы Байқоңырда жүзеге асты.