Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2164 0 пікір 25 Мамыр, 2009 сағат 19:51

Ұсталған автокөліктердің импортына жаңа баж салығы 2010 жылы енгізілуі мүмкін – индустрия министрлігі

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Ұсталған автокөліктердің импортына кедендік баж салықтарының жоғарылатылған мөлшерлемелері 2010 жылы енгізілуі мүмкін, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметі (ИСМ).
ИСМ өкілдері атап көрсеткендей, бұл мәселе Қазақстанның, Ресейдің және Беларуссияның Кеден одағы шеңберіндегі бірыңғай тариф құру жөніндегі жұмыс барысында қарастырылып жатыр.
«Кеден одағын құру шеңберіндегі елдердің уағдаластықтарына сәйкес, бірыңғай кеден тарифін енгізу 2010 жылдың 1 қаңтарына жоспарланып отыр», - деп атап көрсетілген баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Автокөліктерді әкелуге кеден салықтарының жаңа мөлшерлемелері үкімет қаулысымен енгізіледі және ол ресми БАҚ-та жарық көрген сәттен 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Кедендік мөлшерлемелерді арттыру жөніндегі ұсыныстар ИСМ-нің бұрынғы басшылығы – Владимир Школьниктің тұсында (қазір «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының президенті) әзірленген болатын. Экс-министрдің пікірінше, оларды енгізу отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасауға және еліміздегі экологиялық ахуалға теріс әсер ететін ұсталған автокөліктердің санын азайтуға мүмкіндік береді.

Өзінің интернет-блогында оқырмандардың сауалдарына жауап бере отырып  В.Школьник кедендік салықтың мөлшерлемелерін автокөліктің шыққан жылы мен қозғалтқышының көлеміне байланысты әртараптандыру ұсынылып отырғанын хабарлады.
Оның айтуынша, баж салығының ең көп мөлшерлемесін пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан ұсталған автокөліктерге, ең төменгісін пайдалану мерзімі үш жылдан кем автокөліктерге белгілеу ұсынылып отыр.
«Сондай-ақ, жеңіл автокөліктердің импортына кеден салықтарының мөлшерлемесін келесідей өсіру жоспарланып отыр: пайдалану мерзімі 7 жылдан асқандарға 1 см3 үшін 1,4 еуродан 1 см3 үшін 3,2 еуроға дейін; пайдалану мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін 25% көлемінде, алайда 1 см3 үшін 0,45-1 еуродан кем емес; жаңа автокөліктерге (3 жылға дейін) 25% көлемінде, бірақ 1 см3 үшін 1-2,35 еуродан кем емес (қозғалтқыш көлеміне байланысты), - деп атап көрсетті экс-министр.
Оның атап көрсетуінше, қазіргі уақытта ұсталған автокөліктердің импортына 10% көлемінде құрама кедендік баж салығы салынады, алайда қозғалтқыш көлемінің 1 см3 үшін 0,1 еуродан кем емес, бұған нөлдік мөлшерлеме белгіленген медициналық мақсаттағы автокөліктер жатпайды. Пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан автокөліктердің импортына 15% мөлшерлеме бойынша салық салынады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498