Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3449 0 пікір 15 Қаңтар, 2010 сағат 05:36

Кәмшат ТАСБОЛАТ. Қазақтың 2 пайызы қайда кетті?

Сүйіншілеген санағымыз күйінішке айналмай ма?


Қазақстанда өткізілген жалпыұлттық халық санағының ресми қорытындылары жарияланбаса да, кейбір отандық демографтар «қазақ 67 пайызға жетті» деген сүйінші хабарды БАҚ арқылы халыққа жеткізген еді. Abai.kz порталының хабарлауынша, сол 67 пайыздың 2 пайызы белгісіз себептермен «кеміп» кеткен.

Расында да, соңғы кездері кейбір билік өкілдері қазақтың 67 пайыз емес, 65 пайыз екенін тілге тиек етіп жүр. Есесіне, 130 этностың қатары көбейіп, елімізде «140 этникалық топ» пайда болыпты. Отандық сарапшылар бұл, тіпті Кеңес одағында болмаған, «естімеген елде көптің» керін келтіретін жайт деп бағалап отыр. Егерде саясаттанушылар санақтың да ұлттық мүдде тұрғысынан үлкен саясат екенін алға тартса, демограф ағаларымыз із-түзсіз «жоғалған» екі пайыз қазақтың ұзаққа созылған санақ қорытындыларын есептеу барысында, яғни өткен бір жылда табиғи өсім есебінен қатарға біртіндеп қосылып жатқанын айтады. Қалай десек те, қазақ - 67 пайыз! Ұлт арасында өзіндік брендке айналған санға шүбә келтіруге бола ма?

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, саясаттанушы:

Сүйіншілеген санағымыз күйінішке айналмай ма?


Қазақстанда өткізілген жалпыұлттық халық санағының ресми қорытындылары жарияланбаса да, кейбір отандық демографтар «қазақ 67 пайызға жетті» деген сүйінші хабарды БАҚ арқылы халыққа жеткізген еді. Abai.kz порталының хабарлауынша, сол 67 пайыздың 2 пайызы белгісіз себептермен «кеміп» кеткен.

Расында да, соңғы кездері кейбір билік өкілдері қазақтың 67 пайыз емес, 65 пайыз екенін тілге тиек етіп жүр. Есесіне, 130 этностың қатары көбейіп, елімізде «140 этникалық топ» пайда болыпты. Отандық сарапшылар бұл, тіпті Кеңес одағында болмаған, «естімеген елде көптің» керін келтіретін жайт деп бағалап отыр. Егерде саясаттанушылар санақтың да ұлттық мүдде тұрғысынан үлкен саясат екенін алға тартса, демограф ағаларымыз із-түзсіз «жоғалған» екі пайыз қазақтың ұзаққа созылған санақ қорытындыларын есептеу барысында, яғни өткен бір жылда табиғи өсім есебінен қатарға біртіндеп қосылып жатқанын айтады. Қалай десек те, қазақ - 67 пайыз! Ұлт арасында өзіндік брендке айналған санға шүбә келтіруге бола ма?

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, саясаттанушы:

Қазақстанда қазір шынымен-ақ, «қазақ 67 пайыз емес, 65 пайыз екен» дегендей әңгімелер айтылып жүр. Біріншіден, 2 пайыздық ауытқу - көңілге қонатын дүние емес. Мәселен, Қытай, Үндістанда жал­пы­ұлттық санақтар жүргізілсе, олар­да 2-5 пайызға дейін ауытқулар болады. Өйткені бұл елдерде халық өте көп. Ондағы халықтың саны 1 млрдтан асып кетеді. Ал Қазақ­станда небары 15 миллионнан астам халық тұрады, сондықтан 2 па­йыз­дық ауыт­қудың болуы көңілге қонбайды. Мұндай қателікке бару, біріншіден, дұрыс емес. Екінші мәселе, тіпті солай қателескен күн­нің өзінде де Қазақстанның ұлттық саясатының дұрыс болуы үшін «қа­зақ 65 пайыз» деп айтпаса да болар еді. Яғни, әу бастан қазақтың саны 67 пайыз делінсе, бұл сан өзгермей қалуы керек-тін. Үшінші мәселе, мұнда мемлекеттің имиджі тұр. Сон­дықтан мен әлі күнге дейін мем­лекеттің ста­тистикалық агенттік қыз­меткерлері халық алдына шы­ғып, «қазақтың саны 67 пайыз, тіпті одан да көп» дейтініне сеніп ке­ле­мін. Қазіргі таңда ең дұрыс шешім сол болатын шығар.
- Ал өзге ұлыстардың 140-қа дейін өсуі қаншалықты шындық?
- Дұрыс айтасыз, қазіргі таңда Қазақстандағы өзге ұлыс өкілдерінің саны жыл санап өзгеріп келеді. Бірде өзге ұлт өкілдерін «130» дейді, енді бірде «140» деп көрсетеді. Әу бастан бұлардың саны 90-ның ар жақ-бер жағынан басталған еді. Сталиннің билік құрған кезеңінен бастап Кеңес одағында 100-ге жуық ұлт тұратын. Қазіргі таңда біз Ста­линнің де заманынан асып кеттік: еліміздегі ұлыстарды 140-қа жет­кіз­дік. Әрине, бұл дұрыс емес. Бұлай айтудың ешқандай да саяси негізі, астары жоқ, бұл небары популистік сөздер ғана. Тағы бір мәселе, мем­лекет осындай мәлімдемелер жа­саған сайын өзінің халық алдындағы беделін түсіріп алады. Қазақстан халқының 100 пайызы білімді. Олар 130 бен 140 ұлыстың айырма­шы­лығын біледі. Бұл - үлкен саяси мәселе. Бұл жерде билік те біршама өз ұпайларынан айырылып қалды.
- Жалпы, Қазақстанда қазақтың өзі 67 пайыз, мұсылмандар саны 80 пайызға жуықтаса, қалайша қалған 20-30 пайыз адам 140 ұлт өкілі болуы мүмкін? Жүз мыңдық межеден ас­қандары сол ма?
- Әрине, осыдан-ақ мұның шын­дыққа жанаспайтынын көруге болады. Мен бірде теледидардан көзім шалып қалды: Қазақстанда 1000 қалмақ тұрады екен, соған орай қалмақтың да жеке мәдени ұйымы ашылған. Мәселен, Қазақ­станда 1000 қалмақ тұрса, өзге этни­калық топтар ішінде 100 не 200 адам­ға да жетер-жетпес ұлыстар бар. Бірақ оның барлығын Қазақстанда тұратын белгілі бір «ұлт, мемлекет өкілі» деп көрсету, сондай-ақ, олар­дың ұлттық құқықтарын қорғауымыз керек деуіміз - абсурдтық жағдай. Сондықтан бұл мәселелерді қайта қарауға әлі де кеш емес. Меніңше, Қазақстанның ішкі және сыртқы беделі үшін бұл мәселелерді қайта қараған жөн. Қазақстанда ешкім де ол неміс болсын, қалмақ болсын, әйтеуір, ешбір ұлыс өкілінің азамат­тығына шүбә келтірмейді, ешқандай да құқын бұзбайды. Бірақ Қазақ­стан­да қандай да бір ұлт өкілі тұрса да, біз мемлекеттік тілден басқа өзге елдердің мәдениеті мен тілдерін насихаттап, қорғап, көрсетуге мін­детті емеспіз. Бұл олардың ұлттық намысын таптау емес, бұл жалпы әлемдік тәжірибеде жоқ нәрсе. Бұл жай ғана ақша жарату әрекеті болып табылады. Сондықтан мемлекет бұл саясатын қайта қарастыруы тиіс сияқты.

Мақаш ТӘТІМОВ, демограф:

- Қазір санақтың нақты қоры­тындылары шыққан жоқ, сондықтан ресми деректер белгісіз. Бірақ біз сарапшы-мамандар көп нәрсені алдын ала білеміз. 67 пайыздық межені БАҚ-тар, оның ішінде әсі­ресе қазақ ақпарат құралдары тез таратып жіберді. Негізінен, 67 па­йыз - қазақ тілін білетіндердің көлемі. Қазақтың, яғни ұлтым қазақ дейтіндердің нақты саны - 65 пайызға жуық. Ал негізінде бұл жоғары көрсеткіштер. Біз ағымдағы статистика бойынша, қазақ 62 пайызға жетсе де жақсы болар еді деп тосып отырғанбыз, ал қазақтың саны бұдан да асып, 65 пайыз болып жатса, біз қуанамыз. Мемлекеттік тілді білемін дейтіндер 67 пайыз болса, бұл үлкен жетістік. Ал БАҚ-тар көп нәрсені жылдам сүйіншілеп таратып жібереді. Әрине, бұлайша ақпарат тарату, бір жағынан, қуа­ныш қой...
- Кешіріңіз, Мақаш аға, басында БАҚ-тарға еліміздің бас демографы ретінде «қазақ 67 пайызға жетті» деп сүйінші сұрап, сұхбат берген өзіңіз едіңіз ғой...
- Енді... Ең бірінші боп сұраған мен емеспін. БАҚ-тар таратып жі­берді де. Ал санақтың дерегі әлі шық­пай тұрғанда, мен де солай болсын деп ниеттедім. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Санақтан кейін бір жыл өтті. Соның ішінде бұл процент кемінде 1,5 есе көбейді. Алдағы ақ­пан айында санақтың өткеніне бір жыл болады. Бір жылдың ішінде айтылған пайыз 1,5 есеге көтерілді. Сондықтан мұны айт-айтпа, түзет-түзетпе, түбінде қазақ 67 пайыз бо­лады, тіпті асады. Мен ылғи айтып жүрмін ғой: түбінде қазақ ұлты 70 пайызға жетуі керек. Біз сол па­йыз­дық көрсеткішке жақындап келе жатырмыз. Ал мемлекеттік тілді бі­летіндер бұдан да асып кетеді. Біз­ден басқа түркі тілдестердің көр­сеткіші - 7-8 пайыз. Оларды бірге қосып санасақ, мемлекеттік тілді білетіндер 70 пайыздан асып тұр.
Негізінде санақтың дерегін ар­тық айтуға да, кем айтуға да бол­майды. Әр көрсеткішті нақты айт­қан дұрыс. Артық айтсақ, тоқмейілсу пайда болады. Кем айтсақ, бір нәрсе жетіспей тұрады. Қазіргі күннің нақтысы сол: қазақтың саны - 65 пайыз, мемлекеттік тілді білетіндер - 67 пайыз. Түркі тілдес халық­тар­мен бірге санасақ, біз 73 пайыз­быз.
- Бірақ алдында 67 пайыз деп айтылды ғой, бұл сонда қанша мил­лион адам?
- Нақтылап айтсақ, бұл 10 мил­лион 750 мыңдай адам. Қазақтың өзі екі санақтың ортасында 30 па­йыздан астам өсіп отыр. Алдағы он жылдықта да бұдан артық өспесе, кемімейді. Өйткені табиғи өсім қарқын алды. Биылдан бастап шет­елдегі қазақтарға арналған отбасы­лық квота 15 мың емес, 20 мыңға жеткізілді. Үкімет 15 мың отбасылық жоспар орындалды деп есеп берді. Егерде биыл да 20 мың оралман отбасын орналастырамыз деген жос­пар орындалса, кемінде әрбір от­басында 4-5 адамнан келетінін есеп­тесек, биыл елге 90 мың қазақ ке­леді.
- Соңғы санақ өзге ұлыс өкілдерін 140-қа дейін жеткізгенге ұқсайды. Бұл қаншалықты рас?
- Бұл жерде де нақтысын ресми дерек айтады. Бірақ 140 деген де, 130 деген де тым көп көрсеткіш. Мұ­ның бәрі саясат үшін ғана айтылады. Бір мысал, елімізде бір эфиоп жүрсе де, оны санаққа қоса салады. Десе де, елімізде 140 ұлт өкілі бар десе, оған таңғалудың қажеті жоқ. Өйт­кені Қазақстанның шетелдермен бай­ланысы зор. Санақ кезінде елі­мізде 1 кубиндік, 1 эфиоп, 5-6 ма­лайзиялық жүруі мүмкін, олардың саны болған соң, қоса салады. Мен өзге ұлт өкілдерінің саны жөнінде бір нәрсені айтайын. Халық ақи­қатты білуі керек. «135 ұлт» деген сөз - бұл бұрынғы бүкілодақтық санақтағы ұлттардың тізімі. Кеңес одағы тұсында «бізде мынандай ұлттар бар, солардың саны алынуы керек» деп тапсырма берілетін. Бұл бүкілодақтық санақтағы ұлттардың тізімі?! Ал бүкіл Кеңес одағы мен Қазақстанды салыстыру мүмкін емес.
Әйтсе де Қазақстан алып, көп­ұлтты мемлекет болған соң, сол тізімдегі адамдардың бірен-сараны біздерде кездеседі. Бұл тізімнің сақ­талғаны да сондықтан. 1999 жылғы алғашқы ұлттық санақта мен «бүкіл­одақтық тізімді 100-ге дейін азай­тайық» дегенмін. Бірақ өздеріне оңай болған соң, олар бұл тізімді қалдырды. Ал саясат үшін айтсақ, Қазақстанның беделін өсіріп, Президентіміздің үлкен саясатын қолдайтын болсақ, тіптен, келесі 2019 жылғы санақта бұл ұлттардың тізімін 150-ге дейін көтеруге болады. Қалай көтересің? Алдағы он жыл­дың ішінде Қазақстанның шетел­дермен байланысы күшейіп, сауда-саттығы артып, Кедендік одақ құ­рылып, ДСҰ-ға кірсек, біздің Қазақстанда сол санақ кезінде 150 ұлт өкілі жүруі мүмкін!
- Ал сонда сырт көзге қазақтың өзі де көптің бірі боп қалмай ма? 2019 жылы да осы саясаттың ығымен жүре береміз бе?
- Міне, сіздің сұрағыңызда бір үлкен кілтипан бар. Ешбір ұлт өкілі мен ұлыстар қазақпен сан жағынан теңесе алмайды. 3 миллионға тақа­лып отырған орыстың өзі де қа­зақпен сан жағынан теңесе алмай­тыны анық. Қазақ саны көбейіп отыр. Сондықтан жоғарыда айтыл­ған мәселе ұлыстардың санын емес, тізімін ғана білдіреді. Ол сан емес, тізім ғана! Мысалы, Алматының бір өзінде 80 бурят, 1 нанайлық бар. Бірақ бұдан олардың саны көбейіп кеткен жоқ қой. Сондықтан мұны халыққа дұрыс түсіндіру керек.
Мен қазір «Глаболизация и де­мография» деген үлкен кітабымды жазып жатырмын, онда бүкіл ұлт­тардың өсу болжамын беріп отыр­мын. Қазақ түбінде 80 пайызға дейін өз елінде өседі. Содан кейін оның өсу процесі баяулап, тоқтауы мүм­кін. Сонда Қазақстандағы халықтың бестен төрті қазақ болса, оның үс­тіне 10 пайыздай түркі тілдес халық­тарды қосып алсақ, орыстілділерге небары 10-ақ пайыз қалады. Мен Қазақстанды көпұлты ел деп дә­ріптемеу керектігін білемін. Шын­дығында, Қазақстанда жалпы саны 100 мыңнан асатын 8-ақ ұлт өкілі бар. Қазақ ұлтынан бөлек, елімізде орыс, кәріс, өзбек, украин, татар, ұйғыр, неміс сияқты ұлыстар тұ­рады. Осы ұлт өкілдері «Қазақ­стан­ның көпұлтты портретін» жасайды. Ал қалғандары тізім үшін ғана ке­рек. Бұдан былай Қазақстанда түркі тілдес халықтар қазақпен қатар өседі, ал түркі еместер, орыстілді, еуропатектес ұлыстардың саны енді өспейді. 1989 жылғы санақта орыс­тың саны 9 миллион еді, қазір 3-4 миллионға да жетер-жетпес. Яғни, қазақтың саны бұдан да артады.

Кәмшат ТАСБОЛАТ

 

"Айқын" газеті 14.01.2010 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366