Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3195 0 пікір 16 Қаңтар, 2010 сағат 07:32

Бірлік бастауы – доктринада емес, сенатор мырза

Cенатор Қуаныш Сұлтанов «Айқын» газетінің 12 желтоқсан 2009 жылғы № 223(1414) санында жарияланған «Бірлік - бабалар аманаты» деген мақаласында «бірлік» сөзінің мағынасы туралы жан-жақты ой толғай келіп, былай дейді: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының XV сессиясындағы сөзінде осы Аманатқа сүйеніп, жаңа заман талаптарына сай  жаңа азаматтық қоғам құрудың басты-басты  мәселелеріне тоқталып, ұлт бірлігінің жаңа доктринасын қабылдау қажеттілігіне екпін берді. Доктринаның жобасын әзірлеп, БАҚ-та жарияланды. Қазір осы жоба жер-жерде қоғамның сан саласында зор қызығушылықпен талқыланып жатыр.»

Қ.Сұлтанов мырзаның ойынша «Ел бірлігі» доктринасын сол «бірлік» деген аталы сөзді ту етіп елдің басын біріктіру мақсатында қабылданбақ екен. Тіпті бұл идеяны бабалар Аманаты көрінеді. Сондықтанда ол: «Жобада қазақ ұлтының өркендеуіне қауіп төндіретіндей ешқандай тұжырымдар, «қазақстандық ұлт» деген сөйлемдер жоқ. Ондай сөйлемдер бола да алмас еді» - дейді.  Сірә, қиял сөзге еліткен сенатор доктринадағы мына сөйлемдерді аңғармай қалса керек. Оқып көрейік: «Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды.» Осы доктрина одан әрі былай өрістейді: «Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды.» Ұлтты тіпті этностардың өзін жоюға бағыт алған осы ойларды сенатор мырзаның «түсінбей» қалғанына таңымыз бар. Доктринаның «американдық ұлттан» бастау алатыны осы сөйлемдерден-ақ көрініп тұрған жоқ па?

Ол кісі түсінгенді былай қойып, одан әрі: «Жобаның негізгі идеясы - Қазақстан халқының бірлігі, тату-тәттілігі, ынтымақтастығы», - дейді. Қ.Сұлтановтың ойынша елдің ынтымағын жарастыратын тек осы доктрина көрінеді. Біле білсек қазақ ұлты еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің жағасынан алып, аузына жармасып жатқан жоқ. Мерекелерде бірге ән айтып, бірге той-тойлап жобасыз-ақ тату-тәтті ынтымақтастықта өмір сүріп отыр. Бояудың үстіне бояу жағып, бейбіт өмірдегі халықты алжастырудың қажеті қанша? Қ.Сұлтанов болса соның бәрін байқамағансып: «Бізде ел болып Бірлік идеясын, Бірлік ұранын қолдай алмасақ, өзімізге-өзіміз қарсы шыққанымыз», - деп білгішсінеді.

Қазақ халқы қонақжай, кеңпейіл мінезімен қиын қыстау кезеңдерде өзге ұлттарды бауырына баса білуімен ерекшеленген. Еліміздегі бейбіт өмірмен бірлікте күн кешуді қазақ халқы жасаған. Сол қанға сіңген мінезімен жандайшап, жағымпаздардың «ұранынсыз-ақ» бірлесе тату-тәтті өмір сүруді жалғастыра бермек.

Анау-мынау деп әр нәрсенінің басын бір шалып, сенатор айтар ойын сөз соңында былай деп түйіндепті: «...Қандайда негізсіз байбалам мезгілсіз де орынсыз да. Аштық жариялап, азаматтарды тұйыққа шақырғаннан гөрі, салиқалы сөз, саналы пікір айтылғаны қазақтың ұлттық мәртебесін көтерері хақ.»

Сенатор мырза, аштық еріккеннің ермегі емес. Ол - қазақ ұлтының болашағына бей-жай қарай алмайтын ұлтжанды ағаларымыздың еріксіз әрекеті. Сіздің солардың қатарынан табылмағаныңызға өкінбегініңіз өкінішті-ақ.

Еркінбек СЕРІКБАЙҰЛЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394