Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2904 0 пікір 25 Мамыр, 2009 сағат 21:15

«Шәкен жұлдыздары» «шетел жұлдыздары» болып кетті

Жылдағы әдетпен тағы да халықаралық «Шәкен жұлдыздары» Алматы кинофестивалін қорытындыладық. Биыл жетінші рет өткен байқауда тағы да жалпақшешейлікпен жан-жақтан жұртты жинап, сый-сыяпат үлестіріп, «ойбай, бізде дағдарыс жоқ» деп ақшаны аямай шаштық. «Айдағаны – бес ешкі, ысқырығы жер жарады» демекші, соншалықты кинофестиваль деген дақпырт қана болмаса, алғанымыз – жалғыз ғана жүлде – «Студенттік анимация» секциясы бойынша жас режиссер Адай Әбілдиннің «Колокольчик» мультфильмі. Қолымызға бір «қоңырауды» ұстатып, алдап қойғандай, әйтеуір… Ал «Шәкен жұлдыздарының» Гран-Приі Германия мен Израиль бірігіп түсірген «Ради отца» фильмінің режиссері Дрор Захавиге бұйырды.
Ал қалған марапаттаулар былай үлестірілді.
«Жастар киносы» секциясы бойынша:
«Қысқаметражды көркем фильм» номинациясы бойынша ирандық кинорежиссер Дариуш Ғарибзаденің «Бумеранг» фильмі марапатталды;
«Толықметражды деректі фильм» номинациясы венгриялық «Другая планета» фильміне берілді. Режиссері – Ференц Молдованный;
«Қысқаметражды деректі фильм» – «Грубая обработка», режиссері Фирузе Хосровани, Иран;
«Анимация» номинациясы Өзбекстанның «Два соседа и дыня» атты мультипликациялық фильмінің режиссері Азизбек Мұхаммедовке берілді;
«Бастама» секциясы бойынша – Польшаның «Все будет хорошо» фильмі, режиссері – Томаш Вишневский.

«Студенттік кино» секциясында екі фильм жүлде бөлісті:
бірі – ресейлік «Письмо из будущего» фильмі, режиссері – Алина Акоефф, екіншісі – «Казнь» фильмі, режиссері – Сергей Марченко, Украина.
Сондай-ақ «Ең үздік әйел рөлі үшін» сыйлығы Босния-Герцеговина, Франция, Германия және Иран бірігіп түсірген «Снег» фильміндегі Альма рөлін сомдаған Зана Марьяновичке берілді. Режиссері – Аида Бегич. Ал «Ең үздік ер адам рөлі үшін» сыйлығына «Мир огромен и спасение затаилось где-то за углом» атты болгар фильмінде Бай Дан атай рөлін сомдаған Микки Манойлович лайық деп табылыпты. Ал фильм режиссері – Стефан Командарев.
Нана Джорджадзе, Кийонг Пак, Валерий Рузин, Меруерт Өтекешовалардан құрылған кинофестиваль әділқазылары өздерінің арнайы сыйлығын германиялық режиссер Ханна Дозенің «Между небом и землей» фильміне берді.
Мұның сыртында тағы да «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің арнайы дипломдары тапсырылып жатты. Анау үшін, мынау үшін деп тізімді жалғастыра беруге болады, бірақ… Ішінде бір қазақ киносы болмаған соң, қалпағымызды аспанға атып не етеміз? Қырық шақты кино қатыстырғанда соның тоғызы ғана іріктеуден өтіп еді, біреуі ғана, онда да анимациялық туындымыз топ жара алды. Топ жара алды ма, әлде оны да ештеңесіз қалдырғанша деп бере салды ма?.. Жарқырата көрсетіп жұртты тамсандыра алатындай туындыларымыз болмаған соң, осындай фестиваль ұйымдастырып не керек? Әлде марқұм Шәкен Айманов «менің атымды осылай шығарыңдар» деп кетіп пе еді? Керек десеңіз, әлі күнге күллі қазақ жабылып жүріп бір Шәкеннің деңгейінде кино түсіре алмай отыр емеспіз бе? Ал әзірге «Шәкен жұлдыздарының» «шетел жұлдыздары» болып тұрғаны – шындық. Шетелдік киноларға жүлде бергеніміз өз алдына, фестивальдің өзі де өзге тілде – орысша, ағылшынша аралас өтеді. Қазақтың киносы секілді, қазақ тілі де фестивальдің тек есігінен сығалап қана жүр…

Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері:
– Мен іріктеу комиссиясының құрамында болған жоқпын. Бірақ естуімше, биыл небір мықты туындылар сынға түсті дейді. Бір емес, жиырма шақты киноны жілікше шағатын кәсіби мамандар қарады ғой… Егер солар бізге ешқандай жүлде бермесе, демек, жүлде алуға лайықты туынды көрсете алмағанымыз ғой. Осы орайда бір айтатыным – біз өз киномыз жүлде ала алмаса, оған біреуді кінәлап шыға келеміз. Одан да кінәні неге өзімізден іздемеске? Режиссерлеріміз қайта бұдан сабақ алсын!..

Мәриям ӘБСАТТАР
«Алаш айнасы» газеті, (22.05.2009)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502