Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3177 0 пікір 4 Ақпан, 2010 сағат 07:00

Өскеменде жас өспірімдер мен балалар үшін екінші сенім телефоны ашылды

Өскемен. 4 ақпан. ҚазТАГ– Шығыс Қазақстанның облыс орталығында жас өспірімдерге арналған әлеуметтік –психологиялық қызмет аясында екінші сенім телефоны ашылды. Бұл туралы облыстық салауатты өмір салты (СӨС) орталығының директоры Бақыт Әбдрашев хабарлады.

«Біз жас өспірімдер мен балаларға көмек ретінде арнайы сенім телефонын (537 227) аштық. Бұл туралы ақпарат барлық лицейлер мен мектептерге, колледждерге жіберілді. Шындап келгенде, мұндай жағдайда арнайы суицидологиялық қызмет керек. Онда өзінің психологтары, педагогтары, заңгерлері, сондай-ақ тұрмыстық зорлықтың құрбандары тұратын баспана керек», - дейді орталықтағылар.

Бұрындары Өскемен әкімдігі мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің бірлескен жобасы аясында қалалық отбасын қолдау орталығында балалар үшін сенім телефоны ашылған болатын. Оған бір жылда жас өспірімдер мен қиын жағдайға душар болған ата-аналардан 400-дей қоңырау түсті.

ШҚО ішкі істер департаментінің кәмелетке толмаған жастар орталығының мәліметтерінше, облыста жыл сайын 30-дан 35- ке дейінгі өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары мен осыншама әрекеттер тіркеледі екен. Оның негізгі себебептері ата-аналарының моральдық және физикалық қысымы мен немқұрайлы қарауы және бөлінбеген махаббат екен.

«Көп жағдайда тез көңіліне алатын жас өспірімдерге аздаған психологилық көмек пен тіпті көңіліндегісін тарқатып алғанның өзі жеткілікті. Біздің сенім телефонымыз көп жағдайда осыны шешеді», - деп түсіндірді СӨС орталығынан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364