Ағылшындар келе жатыр
Футболдан 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында жалауын көтеретін әлем чемпионатына қатысуды мақсат тұтқан әр елдің ұлттық құрамалары таяу күндері тағы бірнеше кездесулер өткізеді. Бұл шешуші ойындар болмақ. Өйткені осы жылдың соңына дейін қара құрлыққа аттанатын командалар түгелдей анықталуға тиіс.
Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы ондай мүмкіндіктен әлдеқашан айырылып қалған. 6-топқа түскен аяқ доп шеберлеріміз осы күнге дейін бес кездесу өткізіп, соның біреуінде жеңіп, қалғандарында есе жіберді. Былтыр 20 тамызда өткен тұсаукесер бәсекеде Андорраны 3:0 есебімен жеңгеннен кейін жерлестеріміз жеңілістен бас көтерген емес. Өз алаңымызда Украина мен Беларусьқа, сырт алаңда Хорватия мен Англияға ұтылдық. Әсіресе, соңғы екі матчтағы сәтсіздік шымбайымзға батты. Атақты «Уэмбли» стадионында бір сағаттан астам уақыт бойы ағылшындармен терезесі тең өнер көрсетіп, соңғы минуттарда сылбырлық таныттық. Алматыда Беларусь құрамасын 1:0 есебімен ұтып тұрып, үзілістен кейін бес рет ойынды алаңның ортасынан бастауға мәжбүр болдық. Қос кездесуде де 1:5 есебі тіркелді.
Енді алда тағы бес кездесу бар.

6 маусымда Англияны қабылдаймыз. Арада төрт тәулік өткеннен кейін Киев қаласына сапар шегіп, Украинамен күш сынасамыз. 9 қыркүйек және 10 тамызда сырт алаңда Андорра мен Беларусьқа қарсы ойнаймыз. 14 қазан күні іріктеу турнирінің соңы матчында Хорватиямен шеберлік байқасамыз.
Англия құрамасының бас бапкері Фабио Капелло Қазақстан құрамасына қарсы матчта мына ойыншыларды алаңға шығаратынын мәлімдеді: Қақпашылар: Роберт Грин («Вест Хэм»), Пол Робинсон («Блэкберн»), Скотт Карсон («Вест Бромвич»); Қорғаушылар: Рио Фердинанд («Манчестер Юнайтед»), Джон Терри («Челси»), Глен Джонсон («Портсмут»), Жульен Лескотт («Эвертон»), Гари Невилл («Манчестер Юнайтед»), Уэин Бридж («Манчестер Сити»), Эшли Коул («Челси»), Мэтью Апсон («Вест Хэм»); Жартылай қорғаушылар: Стивен Джеррард («Ливерпуль»), Фрэнк Лэмпард («Челси»), Гарет Барри («Астон Вилла»), Давид Бекхэм («Милан»), Майкл Каррик («Манчестер Юнайтед»), Тео Уолкотт («Арсенал»), Шон Райт-Филлипс («Манчестер Сити»), Эшли Янг («Астон Вилла»); Шабуылшылар: Уэин Руни («Манчестер Юнайтед»), Карлтон Коул («Вест Хэм»), Питер Крауч («Портсмут»), Джермейн Дефо («Тоттенхэм»), Эмиль Хески («Астон Вилла»).
Іле-шала Украина құрамасының бас бапкері Алексей Михайличенко өз жігіттерінің басын қосып, алдағы матчтарда алаңға шығуы мүмкін деген футболшылардың есімдерін жария етті. Олар: Қақпашылар: Богуш («Динамо» К), Худжамов, Пятов (екеуі де – «Шахтер»). Қорғаушылар: Мандзюк («Динамо» К), Русол («Днепр»), Ищенко, Кучер, Шевчук, Чигринский (барлығы да – «Шахтер»), Ярмаш («Ворскла»). Жартылай қорғаушылар: Әлиев («Динамо» К), Гай («Шахтер»), Левченко («Гронинген», Голландия), Валяев, Слюсар (екеуі де – «Металлист»), Калиниченко, Назаренко, Ротань (барлығы да – «Днепр»), Тимощук («Зенит», Ресей). Шабуылшылар: Воронин («Герта», Германия), Гоменюк («Днепр»), Ковпак («Таврия»), Милевский («Динамо» К), Селезнев («Шахтер»), Шевченко («Милан», Италия).
Ал жарыс кестесіндегі жағдайға келер болсақ, Англия құрамасы алдына жан салатын емес. Бес ойынның барлығында жеңіске жеткен ағылшындар 15 ұпайға иелік етті. Екінші орындағы Хорватияның еншісінде 10 ұпай. Олар үш кездесуді өз пайдаларына шешіп, бір мәрте тең ойнады. Тағы бір матчта жеңілді. Украина мен Беларусь төрт ойыннан өткізді. Алғашқысының еншісінде – жеті, соңғысында – алты ұпай. Қазақстанның есебінде үш ұпай және Андорраның қоржыны бос.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН
“Айқын” газеті 27 мамыр 2009 жыл