Екі арыстың да, қажылықтың да қадірін қашыратын қадам
Таяуда «Егемен Қазақстанның» (20 01 2009ж) алғашқы бетінен Республика мұсылмандары діни бірлестігінің баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбектің «Абай үшін бәдәл қажылық жасады» деген мақаласын оқыдым. Онда Алматы қаласындағы Түркісіб мешітінің бас имамы, ұйғыр азаматы Ахмет қари Мұхамеджановтың қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлы үшін, одан бұрын қазақтың біртуар ұлы Дінмұхаммед Қонаев үшін бәдәл қажылық жасап қайтқанын жерден жеті қоян тапқандай жалпақ әлемге жария жасапты.
Менің осыған қатты қарыным ашып отыр. Мақалада аталып көрсетілген «Бәдәл» сөзінің қазақша мағанасы «біреудің орынына» дегенді білдіреді. Демек, біреудің орынына - тірі жанның өз келісімімен қажылыққа барып қайту деген сөз. Мұндай қажылық, дүние мүлкі жеткілікті, бірақ, барып қайтуға денсаулығы жоқ пенделердің өтініші бойынша орындалады. Қажылыққа баратын адам, сапар алдында атынан баратын кісісінің келісімі мен аманатын алып шығады, қажылықтан оралғанда аманат иесінің аманатын орындап қайтқандығын жеткізеді. Қажылық тірілер ғана орындайтын бес парыздың бірі. Мақалада есімдері келтіріліп отырған қазақтың екі алыбының да о дүниелік екені белгілі. Сонда бұл қай дарақылық?..

Мұны айтып отырғаным, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп зікір еткен Абай өзінің көзі тірісінде әкесі Құнанбай қажылыққа барғанда, бірге не соңынан қажылық етуді білмей қалған жоқ. Барамын десе дүниесі де, саулығы да болды. Бірақ, ол қажылық парыздың ұлықтығын құрмет тұтты. Абай сияқты өз заманында даңқы алысқа кеткен Димекең де иманды жолды өзінше таразылай білген жан. Екі арысты да «қажылық парызын тіршілігінде өтеген жоқ» деп кіналауға ешкімнің қақысы жоқ.
Қысқасы, Ұлы ғұла мен біртуар тұлға Димекеңнің атын жамылып, екі арыстың да, қажылықтың қадірін қашырмайық....
Бақтыбай АЙНАБЕКОВ,
«Қазақстан қажылары»
діни бірлестігінің төрағасы
«ҚАЗАҚСТАН» апталығы,
№19 (259), 21-мамыр, 2009