Британдық мұғалімдер Алматыда қазақстандық әріптестерінің тәжірибелерін қабыл алуда
Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Лариса Черненко. Алматыда 15-20 ақпан аралығында Ұлыбританиядан келген он үш мұғалім қазақстандық әріптестерінің бастауыш білімнен орта білімге өту мәселесіндегі тәжірибесін зерттеуде.
«Бес күндік сапардың бағдарламасы өте тығыз және бастауыш білімнен орта білімге өтудің теориялық және практикалық жұмыстарын қоса қамтиды», -деп хабарлады жұма күні болған баспасөз-мәслихатында British Council директоры Лиина Милошевич.
Оның айтуынша, сапар барысында британдық педагогтар Алматыдағы бірнеше гимназиялар мен колледждерде болады. Олар сабақтарға да қатысып үлгерді, қазақстандық педагогтар үшін мастер кластар өткізді және оқу бағдарламаларын талқылады.
«Біз қазақстандық әріптестерімізден ойлағандағымызға қарағанда көбірек ақпараттар алдық», -деді Ұлыбританияның Лестершир округі білім департаментінің өкілі Джен Пери. Ол бастауыш білімнен орта білімге өтудің Қазақстандағы және Ұлыбританиядағы жүйелерінің айырмашылығы бар деді. Мысалы Қазақстанда балалар бір мектепте жүріп-ақ өзге білім жүйесіне өтеді. Ал, Англияда бұл әртүрлі оқу орындарында болады.

Ол, сонымен бірге, қазақстандық мектептерде мұғалімдер болашақта өздері оқытатын оқушылармен алдын ала танысады, ал жоғары сыныптың оқушылары өздерінен кішілерге көмектеседі, деді. «Біз бұл тәжірибені зерттегіміз келеді, мүмкін болашақта оны біздің мектептерімізде қолданып қалармыз», -деді Джен Пери.
Л.Милошевичтің түсіндіргеніндей, британ мұғалімдерінің бұл сапары Қазақстан мен Ұлыбританияның ынтымақтастығы аясында, республика білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан. Ол болашақта қазақстандық мұғалімдердің де британ мектептеріне бару мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.
British Council – білім және мәдениет саласында қызмет ететін Ұлыбританияның халықаралық ұйымы. Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеуде.