Алматы облысында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды
Талдықорған. 20 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысының Райымбек ауданы Сарыжаз аулында бүркітшілердің республикалық «Сонар – 2010» жарысы аяқталды, деп хабарлады облыстық туризм және дене шынықтыру мен спорт басқармасынан.
Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан келген 40 бүркітші мен 8 қыраншы қатысты.
Бүркітшілер арасында бірінші орынды Алматы облысынан Ақиық бүркітімен Шәліпов Алдаберген алды, екінші орында – Атырау облысынан Ақ жайық бүркітімен Қошқаров Арман, үшінші орынды – Ақтөбелік Сәрсенбаева Аякөз өзінің Елек бүркітімен алды.
Қыраншылар арасында: 1-ші орында – Тараз тұрғыны, Түнжыркөк қыранымен Бауыржан Шернияз, 2-ші орында – Оңтүстік Қазақстан облысынан Көксүңгі қыранымен Тілеу Сырым, 3-ші орында – Алматы облысынан Көкжендет қыранымен Зейнелов Мейрамбек алды.
Алғашқы бес орын алғандарға 15 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлық берілді.
Жарыстың ұйымдастырушылары Алматы облысының әкімдігі мен «Қыран» федерациясы, ал жарыстың демеушісі Ксеll компаниясы болды.