Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5149 0 пікір 1 Наурыз, 2010 сағат 06:40

АШЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

АШЫҚ ХАТ

 

Құрметті Президент!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында Сіз ұсынған «Ел бірлігі» доктринасы зиялы қауым өкілдері, саяси партия жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен мерзімді басылым басшыларының және оларды қолдаған қалың көпшіліктің қарсылығына ұшырады әрі қоғам бұл құжатты қабылдамады. Бастауын американдық ұлттан алатын «қазақстандық ұлт» саясаты негізінде жасалған доктринаны қабылдау елімізде тіршілік етіп жатқан барлық ұлттарды жоюға алып баратын бірден - бір қадам болары сөзсіз еді. Сонымен қатар, «қазақстандық ұлт», «қазақстандық ел» немесе «ел бірлігі» саясаты (қалай атасақ та, бұл жымысқы идеяның мән - мазмұны өзгермейді) мемлекетқұрушы қазақ ұлтының тілі мен мәдениетіне, ділі мен дініне, салт - санасы мен әдет - ғұрпына да шексіз қауіп төндірері сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

АШЫҚ ХАТ

 

Құрметті Президент!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында Сіз ұсынған «Ел бірлігі» доктринасы зиялы қауым өкілдері, саяси партия жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен мерзімді басылым басшыларының және оларды қолдаған қалың көпшіліктің қарсылығына ұшырады әрі қоғам бұл құжатты қабылдамады. Бастауын американдық ұлттан алатын «қазақстандық ұлт» саясаты негізінде жасалған доктринаны қабылдау елімізде тіршілік етіп жатқан барлық ұлттарды жоюға алып баратын бірден - бір қадам болары сөзсіз еді. Сонымен қатар, «қазақстандық ұлт», «қазақстандық ел» немесе «ел бірлігі» саясаты (қалай атасақ та, бұл жымысқы идеяның мән - мазмұны өзгермейді) мемлекетқұрушы қазақ ұлтының тілі мен мәдениетіне, ділі мен дініне, салт - санасы мен әдет - ғұрпына да шексіз қауіп төндірері сөзсіз.

Бүгіндері ұлтымыздың тең жартысынан көбі өз ана тілінен, туған ұлтынан қол үзген. Жоғары билікте отырған лауазымды шенеуніктердің кемінде 90 пайызының ұлты қазақ болғанымен, олардың басым көпшілігі мемлекеттік тілді меңгермеген әрі тілді үйренуге, өз ана тілінде сөйлеуге де құлықсыз. Осындай жағдайда «қазақстандық ұлт» саясаты кімнің мақсат - мүддесі үшін қызмет етпек?! Оны қоғамға тықпалап, ресми БАҚ - та насихаттаудың не қажеті бар? Мұның астарында қандай жоспар жатыр? Қоғамды мазалаған осындай сан қилы сауалдарға жауап әлі берілген жоқ. Ал «қазақстандық ұлт» саясатын Қазақстан халқы Ассамблеясында жасаған баяндамаңызда Сіз былай түсіндірдіңіз: «Бiрiншi мәселе - ұлттық бiрлiктi бiз қалай түсiнемiз? Бұл бiздiң елде тұратын этникалық, дiни және басқа да әлеуметтiк - мәдени топтардың бiрiккен қауымдастығы болу деген сөз. Ең көпұлтты мемлекет - жүздеген этностар мекен­дейтiн АҚШ болса керек, бiрақ олардың бәрi де - американдықтар. Бразилияға ресми сапар барысында бұл елдiң де көпұлтты екенiн бай­қадым, бiрақ оның тұрғындарының бәрi - бразилиялықтар... Бiз осы жолмен жүруiмiз керек...». Мемлекетқұрушы ұлттары жоқ АҚШ  - тың да, Бразилияның да бізге үлгі бола алмасы анық. Біз ол жолмен жүре алмаймыз. Сондықтан да, әлгіндей пікірді дүйім жұрт «көзбояушылық» ретінде ғана қабылдайды. «Қазақстандық ұлттың» астарында барлық ұлттардан бір ұлт жасап, Ленин, Сталин, Мао Цзедун тәрізді халық көсемі атану, сөйтіп, халықаралық қауымдастық алдында бедел жинау мақсаты жатқанына қазір көпшіліктің көзі жетті. Ұлтты жою арқылы әлем алдында бедел жинағанша ұлттық мүдде жолындағы күрес әлдеқайда қасиетті қадам болмақ. Сіз бастаған жоғары билік осыны ұмытпаса екен. Сол себептен біз Сізді «қазақстандық ұлт» саясаты тәрізді жымысқы идеядан түбегейлі бас тартуға шақырамыз!

2008 жылы «Жас Алаш», «Қазақстан», «Ана тілі» газеттерінде және басқа да бірқатар орыстілді басылымдарда «Республика басшылары! Сіздер мемлекеттік тілді сыйлаңыздар, оның мәртебесі мен абыройын аяқасты етпеңіздер!» деген тақырыппен Сіздің өзіңізге, ҚР премьер - министрі мен парламент депутаттарына 10 мыңға тарта алматылық студент қолдаған ашық хат жолдаған болатынбыз. Онда «...болашақта мемлекет басшысы ретіндегі ресми сапарларыңызда, шет мемлекеттердің лауазымды тұлғалары мен басшыларын қабылдауда, ресми басқосуларда, мемлекетаралық келіссөздер жүргізуде және ел ішінде сөйлеген сөздеріңізде мемлекеттік тілді қолдануыңыз Қазақстан халқының шексіз мақтанышын тудырары даусыз деп сенеміз! Мемлекет басшысы мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс деген ұстанымды қолдаймыз» дегенге баса тоқталып, Сізді барлық ресми жиындарда мемлекеттік тілде сөйлеуге шақырған болатынбыз. Өкінішке қарай, біздің талап - тілегіміз ескерусіз қалды. 2009 жылы 22 желтоқсан күні бірқатар БАҚ басшыларымен кездесуде осы мәселеге қатысты Сіз былай дедіңіз: «Я не могу быть президентом, не говоря на языке, понятном всем, кто за меня голосовал. За меня голосовало 90 процентов населения. Как же я могу не говорить на языке, понятном всем гражданам?". Бұл ұстаныммен біз түбегейлі келіспейміз. Оған екі себеп бар. Біріншіден, еліміздегі қазақ ұлтының үлес салмағы 65 пайыздан асып, оның саны 10 миллионға жетті. Яғни, Сізді қолдаған халықтың 90 пайызының басым көпшілігі мемлекетқұрушы ұлт өкілдері емес пе? Онда неге солардың тілінде сөйлемеске? Әлде бұл мемлекеттік тілді мұқатудың бір амалы ма?! Екіншіден, бүгінгі таңда Қазақстандағы бүкіл мемлекеттік билік тек Сіздің ғана қолыңызда. Осы орайда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері А.Сәрсенбайұлының мына сөздері есімізге түсті. Ол былай деген еді: «Мәселен, егер Н.Назарбаев ресми орындарда тек қазақ тілінде сөйлей бастаса, қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тілге айналу мүмкіндігі 90 пайызға артады. Себебі, Қазақстан мемлекетіндегі шенеуніктердің 90 пайызы - қазақтар мен қазақ тілділер. Егер президент: «Жігіттер, біз енді тілімізді аяқасты ете алмаймыз, сондықтан да, мен қазақ тілінде сөйлеймін, үлкен мінберден айтылатын сөздердің барлығын теледидар қазақ тілінде, содан кейін орыс тілінде ілеспе аудармамен беріп отыратын болса, өзгелер ренжімес», - десе, онда орыстілділер де қажетті ақпаратын алып отырады және ана тілімізде сөйлеу үрдісі қалыптасады». Сөздеріңіздің бірінде бұл ойды Сіз де растағандай болдыңыз. «Мне по жизни как президенту страны приходится всем заниматься: и экономикой, и медициной, и образованием, и здравоохранением. Если я начинаю играть в теннис, то весь Казахстан тоже начинает играть. Никто раньше не ездил на Шымбулак, но когда я в 55 лет впервые встал на горные лыжи и стал кататься, многие последовали моему примеру. Теперь на Шымбулак проехать невозможно. Или вот на лошадях я стал кататься - стали возрождаться конезаводы», - деген сөзіңіздің өзі осы мәселені құптай түседі. Бұдан түсінгеніміз, Сіз мемлекеттік тілде сөйлей бастасаңыз, жоғары билік те, облыс, аудан, ауыл әкімдері де, мектеп директоры да, тіпті қарапайым мемлекеттік қызметкерлер де қазақ тілінде сөйлейтіні анық. Осы арқылы мемлекеттік тілді дамытуға бюджеттен бөлініп жатқан қаржыны үнемдеуге, қоғамдағы түсініспеушіліктерді реттеуге болар еді. Мәселен, Сіздің кеңесшіңіз Ермұхамет Ертісбаев «Экспресс - К» газетіне берген сұхбатында былай деді: «...начиная с 1991 года львиная доля всех бюджетных затрат в гуманитарной сфере шла на возрождение казахской культуры и языка, создание казахской государственности (для меня «казахская» и «казахстанская государственность» - одно и то же)». Бір сөзбен айтқанда, егер Сіз мемлекеттік тілді жоғары құрметтеп, ардақтай білсеңіз, өзгелері де осы өнегеден үлгі алар еді. Бұған біз сенеміз. Бұл - ақиқат.

 

Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Мұхтар Шаханов бастаған ұлт тұлғалары құрамына кірген «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық қозғалысын құру жөніндегі кеңес 19 қаңтар күні «Ел бірлігі» доктринасының орнына «Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының тұжырымдамасын» қабылдады. Біздің түсінігімізше, бұл құжаттың өзегі - біріншіден, қазақ ұлтын мемлекетқұрушы ұлт ретінде мойындау, ұлтты жоюға бастайтын «қазақстандық ұлт» саясатынан бас тарту, барша азаматтарды қазақ ұлтының маңында топтастыру, тәуелсіздігімізді баянды ету, қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізіп, оны барлық этностарды біріктіретін факторға айналдыру, екіншіден, Қазақстан Республикасының атауын «Қазақ Республикасына» ауыстыру. Сонымен қатар, бұл құжатта еліміздегі тату, бейбіт өмірді сақтай отырып, ұлттық саясатты қалай жүргізу керектігі дұрыс әрі орынды көрсетілген. Ұлтымыздың баянды келешегі үшін бұл аса қажетті құжат. Сондықтан да, біз Сізден «Ел бірлігі» доктринасынан бас тартып, оны халық талқысынан түсіруді, оның орнына ұлт жанашырлары дайындаған «Ұлттық саясат тұжырымдамасын» заңды құжат ретінде қабылдауды сұраймыз!

«Тәуелсіздікті қорғау» халықтық қозғалысының бастаған ісін толық қолдайтынымызды, қажет жағдайда, оның қатарына да өтуге дайын екенімізді мәлімдейміз! Егер жоғары билік өкілдері ұлт тұлғаларының және оны қолдаған халықтың талап - тілегін ескерусіз қалдырса, біз заң жолымен тыйым салынбайтын наразылық шараларының барлық түріне қатысатынымызды және оны ұйымдастыру істерін қолға алатынымызды ескертеміз!

 

Қадірменді Президент!

Ұлт мәселесі кейбір кеңесшілер сияқты кекетіп - мұқатуды, ойын - мысқылды көтермейтін аса нәзік проблема. Біз Сізді білгір саясаткер, тәжірибелі лауазымды шенеунік ретінде білеміз әрі сыйлаймыз. Өзіміздің талабымызды айтып, Сізге хат жазуымыздың себебі де сонда. Жоғарыда айтылған мәселелерді ескеріп, саяси дұрыс шешім қабылдайсыз деген үміттеміз. 

Жанболат МАМАЙ, «Рух пен тіл» клубының жетекшісі, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлықтың лауреаты; Дәурен БАБАМҰРАТОВ, Республикалық «Болашақ» қозғалысының жетекшісі, «Болашақ» газетінің бас редакторы; Азамат ЖЕТПІСБАЕВ

«Абырой» жастар қозғалысының төрағасы; Ырысбек ДӘБЕЙ, «Алаң» жастар әдеби бірлестігінің жетекшісі; Ернат ӘЛІМҒАЗИЕВ, «Азат» ЖСДП Жастар қанатының жетекшісі; Серік ЖОЛДАСБАЙ, «Алаш» қозғалысының төрағасы; Ақберен ЕЛГЕЗЕК, ақын, «Серпер», Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты; Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивальінің бас жүлдегері; Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ, ақын, «Серпер» сыйлығының иегері; Бейбіт САРЫБАЙ, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының кеңесшісі; Дархан БЕЙСЕНБЕК, жазушы; Ықылас ОЖАЙ, ақын, «Сарыарқа» журналының бас редакторының орынбасары; Мақсат РАМАЗАНҰЛЫ, жазушы, «Қазақ радиосының» қызметкері; Жанбота ҚАРАШОЛАҚОВ, саясаттанушы; Ғаділбек ӘКІМ, әлеуметтанушы; Шынар САҒЫНДЫҚОВА, журналист; Өміржан ӘБДІХАЛЫҚ, журналист; Ұларбек БАЙТАЙЛАҚ, ақын; Мирас НУРМУХАНБЕТОВ, «Свобода слова» газетінің тілшісі, публицист; Артур НЫҒМЕТОВ, журналист; Дина БАЙДІЛДАЕВА, «Азат» ЖСДП Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің белсендісі; Кәмшат ТАСБОЛАТ, журналист; Жанна БАЙТЕЛОВА, «Голос Республики» газетінің тілшісі; Дінмұхамед ЗИЯДИН, "Media Net" журналистер орталығының үйлестірушісі; Дилара ИСА, «Жас Алаш» газетінің тілшісі; Мөлдір АСҚАРҚЫЗЫ, журналист; Еркінбек ТҰРҒЫНОВ, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының алқа мүшесі; Бауыржан БЕРІКҰЛЫ, ақын; Қарагөз СМАДІЛ, журналист; Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ, экономика шолушысы; Ұмтыл ЗАРЫҚХАН, ақын; Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ, журналист; Есбол СОЦИАЛХАНҰЛЫ, ақын; Рауан ОҚАСОВ, журналист; Дилярам АРКИН, журналист; Бейбіт МОЛДАХМЕТ, «Жалын» журналының тілшісі; Инга ИМАНБАЙ, тілші; Ербол АЛШЫНБАЙ, ақын; Нұрболат АМАНЖОЛ, журналист; Олжас СӘНДІБЕКҰЛЫ, ақын, публицист; Думан БЫҚАЙ, журналист; Саламат ОМАШ, журналист; Мәди БЕКМАҒАНБЕТОВ, журналист; Гүлнәр ДІЛДӘХАНҚЫЗЫ, журналист; Санат УРНАЛИЕВ, журналист; Жасұлан МАЙЛЫБАЙ, журналист; Кәмшат ӘБІЛҚЫЗЫ, журналист; Азиз ОРАЗБАЙ, журналист; Серік ЖҰМАБАЕВ, журналист; Саян ЕСЖАН, журналист; Еркін ИСАХАН, журналист; Шынар АСАНҚЫЗЫ, журналист және т.б.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5359