Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3038 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 06:06

ҚР премьері КО аясындағы елдердің ынтымақтастығын Путинмен талқылау үшін Мәскеуге ұшып кетті

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ – ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов іс сапарымен мәскеуге ұшып кетті, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарланғандай, Мәскеуде К. Мәсімовтің ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Премьерлер екі елдің Кедендік одақ (КО) аясындағы ынтымақтастығын талқылайды деп күтілуде.

Ал кеше Астанаға РФ үкімет төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов келіп кетті. Онымен кездесу барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КО аясындағы келісімдерді мезгілінде орындау керектігіне назар аударды.

И.Шувалов Н.Назарбаевты Кедендік Одақ комиссиясының соңғы отырысында қабылданған шешім туралы, яғни 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға қарай бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жөніндегі құжаттар пакетін қалыптастыру процесі басталатындығынан хабардар етті.
ҚР премьерінің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, бірыңғай кедендік кодекске түзетулерге ортақ шешім қабылданып, КО аясында сырттан түсетін кедендік баж салығын бөлісу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жақын арада тараптар кедендік қызмет жұмысын үйлестіру мәселесін шешіп, кедендік қосын жұмыстарының бірыңғай регламентін әзірлеуі тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364