Сапура ЖҮСIПОВА: ЫҚПАЛ ЕТУШI ЫҚТА ЖҮРМЕЙДI
Сапура ЖҮСIПОВА күнi кеше ғана мемлекетiк қызметте болған, тәуелсiз Қазақстанды қалыптастыруға қатысқан билiктегi аз ғана қыздардың бiрi едi. Кезiнде қазақтың арда азаматы, марқұм Заманбек аға Нұрқадiлов Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмi болған кезiнде, қалалық әкiмдiктiң аппарат жетекшiсi, Алматы облыстық Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi агенттiктiктiң төрағасы болды.
Бүгiнде Сапура ханым - тәуелсiз саясаттың өкiлi, Республикалық «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгi төрағасының орынбасары. Жоғарғы мемлекеттiк қызмет пен билiктегi айтарлықтай лауазымын тәрк етiп, демократиялық оппозиция алаңына келген тағы да аз ғана әйелдердiң бiреуi. Ермұрат Бапи ұйымдастырған «Дат» жобасы бойынша шығып жатқан «Общественная позиция» газеті «қаңғырып қалған» қазақтарға араша iздеген қоғамдық ұйымның белсендiсi Сапура ханыммен төмендегідей сұхбат жасапты. Назар аударыңыз:
- Сапура ханым, иманшылығыңызды айтыңызшы, сiз ауызға аларлық лауазымды қызметтерiңiздi тастап, билiктен неге кеттiңiз?
- Ол - ұзақ әңгiме... Қысқаша айтсам, кезiнде маған үлкен ағалық қамқорлығын жасаған Заманбек ағаның бiр жағына шығысайын деген ойым болды. Ол кiсiнiң соңғы жылдарғы тағдыры аянышты болды ғой...
- Оны аянышты еткен, бiрiншi кезекте, тағы да өзiмiздiң қазақтар емес пе едi...
Сапура ЖҮСIПОВА күнi кеше ғана мемлекетiк қызметте болған, тәуелсiз Қазақстанды қалыптастыруға қатысқан билiктегi аз ғана қыздардың бiрi едi. Кезiнде қазақтың арда азаматы, марқұм Заманбек аға Нұрқадiлов Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмi болған кезiнде, қалалық әкiмдiктiң аппарат жетекшiсi, Алматы облыстық Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi агенттiктiктiң төрағасы болды.
Бүгiнде Сапура ханым - тәуелсiз саясаттың өкiлi, Республикалық «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгi төрағасының орынбасары. Жоғарғы мемлекеттiк қызмет пен билiктегi айтарлықтай лауазымын тәрк етiп, демократиялық оппозиция алаңына келген тағы да аз ғана әйелдердiң бiреуi. Ермұрат Бапи ұйымдастырған «Дат» жобасы бойынша шығып жатқан «Общественная позиция» газеті «қаңғырып қалған» қазақтарға араша iздеген қоғамдық ұйымның белсендiсi Сапура ханыммен төмендегідей сұхбат жасапты. Назар аударыңыз:
- Сапура ханым, иманшылығыңызды айтыңызшы, сiз ауызға аларлық лауазымды қызметтерiңiздi тастап, билiктен неге кеттiңiз?
- Ол - ұзақ әңгiме... Қысқаша айтсам, кезiнде маған үлкен ағалық қамқорлығын жасаған Заманбек ағаның бiр жағына шығысайын деген ойым болды. Ол кiсiнiң соңғы жылдарғы тағдыры аянышты болды ғой...
- Оны аянышты еткен, бiрiншi кезекте, тағы да өзiмiздiң қазақтар емес пе едi...
- Дұрыс айтасыз. Кезiнде «Зәке‑Зәкелеп» қасынан шықпайтын жiгiттердiң бiразы Заманбек ағаны сатып кеттi; бiразы басына күн туған сәтте қорған болуға жарамады; бiразы «Заманбек алжасты» деп күлкiге айналдырды. Сөйткен Зәкең - басынан сөз асырмайтын Заманбек аға еркiн елдiң ер жiгiтi қандай болуы керектiгiн көрсетiп кеттi. Бiрақ мен Заманбек ағаның оппозициялық қызметiне көмекшi болуға үлгермедiм... Ол кiсiнi де үлгертпедi...
- Уақытты ары‑берi айналдыра айтып көрiңiзшi: Заманбек аға тiрi болса, қоғам қайда, ел қайда болар едi?
- Айта алмаймын... Зәкеңнiң мiнезiн де, оның қайтпас қайсарлығын да бiлемiн ғой... оны бәрiбiр тiрi қоймас едi. Өмiрi осындай тағдырға таңылғанын өзi де бiлдi, бiле тұра, бiрбеткейлiгiнен қайтпады. Ешкiмнен сауға сұрамады. Бұл - үлкен ерлiк. Кейде маған бiзде ерлiк жасайтын Зәкеңдей жiгiттер қалмаған сияқты көрiнедi...
- Ал «Шаңыраққа» қалай тап болдыңыз?
- Соңғы президенттiк және парламенттiк сайлаулар кезiнде Алматының төңiрегiне алыс ауылдардан жұмыс iздеп келген қазақтардың баспана мәселесi ушығып кеткенi есiңiзде шығар. Кең даласынан тұрақ таппаған қандастарымыз қала маңынан алақандай жер ала алмай, «заңсыз» тұрғызылған лашықтары қиратылып, тағдырдың тепкiсiн тәуiр көрдi. Ол жағдайды сайлау науқанында жүрген бiз де көрдiк. Алматының iргесiндегi Шаңырақ ауылында болған 2006 жылғы көтерiлiс қазақ халқының тарихында қалған қара таңба болды. Қазақстанның әр түкпiрiнде баспана тауқыметiн тартып отырған дәл осындай ауылдар қаншама! Әдiлет iздеп, ауылдан қалаға сабылған қазақтардың құқына оппозициялық партиялардан басқа қамқоршы болмады. Сол қиянатқа жаны ауырған Асылбек Қожахметов бiр күнi: «Сапура, қазағымызды қорғайтын қоғам құрайық, көмек бере аласың ба?» - дедi. Мен бiрден келiстiм.
- Бiрақ «Шаңырақ» заңды ұйым ретiнде бiрден тiркелмегенi де есiмiзде...
- Иә, дұрыс айтасыз. «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгi заңды тiркеуден өте алмай, кедергiге тап болғаны жөнiнде сiздердiң де бiр ашылып, бiр жабылған газеттерiңiз аз жазған жоқ. Сол себептi де саяси партия өкiлдерi, қоғамдық қозғалыстар мен жанашыр азаматтардың бастамасымен «Шаңырақ» бiрлестiгi құрылып, әр облыста өзiнiң филиалдарын ашты. Оның өзi екi жылға созылған науқан болды. Қазаққа қорған болам деген ұйымды билiкте отырған қазақтардың өздерi тiркеуден өткiзбегенi «нонсенс» емей, не дейсiз!
Қазiр «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгi iшкi көшi‑қон мәселесiмен тiкелей айналысып, қалаға келiп, тұрақ таба алмай жүрген азаматтарға заңдық кеңестерiн берiп, олардың талаптарының шешiлуiн құзырлы мекемелерге жеткiзетiн аралық ұйым ретiнде қалыптасты. Қазiр бiздiң ұйымның қызметiмен мемлекеттiк мекемелер де санаса бастаған сияқты.
- Дегенмен көшi‑қон мемлекеттiк орындардың жауапкершiлiгiндегi мәселе ғой. Көшiп‑қонып жүрген - халық. Ал халықтың әлеуметтiк әуресiмен мемлекет айналысуы керек емес пе?
- Ол, негiзiнен, солай болуы керек... Бiрақ бiзде iшкi көшi‑қон мемлекеттiк көрсеткiштерге, әлеуметтiк тұрмыстың тұрақтылығына керi әсерiн тигiзетiн мәселе саналады. Сондықтан соңғы жылдарға дейiн бiздiң үкiмет көшi‑қон проблемасы бар екенiн, оны шешу қажеттiгiн мойындамай келдi. Солай бола тұрса да, тұрғындардың қалаға көшуi, негiзiнен, елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдаймен байланысты екендiгi белгiлi.
Бiрақ ауылдан қалаға келiп, қаңғып жүрген халықтың тұрмысы мен құқын қамтамасыз ету қажет емес пе? Егер олардың әлеуметтiк тұрмыс жағдайы жақсы болса, өскен-өнген ортасын тастап, қалаға несiне үдере көшедi? Мiне, солай бола тұрса да, билiк тарапынан iшкi көшi‑қон мәселесiн реттеудiң шарасы да жасалмаған.
- Ал оқырманның: «Шаңырақ» не жасады?» - деп сұрауы мүмкiн ғой.
- Жасалған шаруа аз емес. Бәрiн тiзiп шығуға газеттiң бетi көтермейтiн шығар. Мәселен, өткен жылы Алматы мен Астана қаласына көшiп келген азаматтардың арасында республикалық әлеуметтiк зерттеу‑сараптама жасадық. Әлеуметтiк зерттеу қорытындысы тұрғындарды қонысын өзгертуге мәжбүрлейтiн басты себептердi анықтап бердi. Олардың жиынтық үлесi мынадай қатынаста екенi анықталды: жұмысқа тұруға келгендер 69,1 пайызды, бiлiм алуға келгендер 60,1 пайызды, мамандық алуға келгендер 41 пайызды құрайды екен.
- Бұл пайыздардың пайдасы қандай? Бұны өкiметтiк органдар бiлмей ме?
- Мiне, қызық - бiлмейдi екен! Ал пайыздардың пайдасы сол - оның көмегiмен көшi‑қон мәселесiн реттеуге мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк шешiмдер шығаруға болады. Осы зерттеу дәйектерi бойынша, республикалық iшкi көшi‑қон мәселесiне қатысты мемлекеттiк бағдарламаның жобасын жасадық. Былтырғы қараша айында мемлекеттiк лауазым иелерi және депуттаттардың қатысуымен Астанада дөңгелек үстел өткiзiп, жобаның тұсауы кесiлдi.
Ал жобаның негiзгi мақсаты - әлеуметтiк мәселелердi шешуде iшкi мигранттарға көмек көрсету. Қазiр жоба тұжырымдамасын үкiметтiң «Көшi-қон туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгiзуге ұсыныс жасау үшiн, Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiне тапсырдық. «Шаңырақ» бiрлестiгiнiң төрағасы Асылбек Қожахметов министр Гүлшара Әбдiхалықовамен кездесiп, iшкi көшi‑қон мәселесiн талқылады. Министр тұжырымдамамен танысып, бұл құжатта мемлекеттiк көшi-қон саясатына құнды талдау жасалғанын атап өттi. Үкiметтiң жаңа заң жобасына бiздiң ұсынысымызды енгiзу мүмкiндiктерi қарастырылатынын айтты. Бұны елiмiздегi iшкi көшi-қонды реттеудегi алғашқы қадам деуге болады.
- Дегенмен «Шаңырақ» билiктiң ығында кеттi деген ел iшiндегi пiкiрге қандай уәж айтасыз?
- Ондай пiкiрдiң сан алуанын естiп жүрмiз. Егер қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың қолында күшi, мүмкiндiгi болса, қара халық баспана iздеп тентiремес едi. Қалаған жерiнен пәтер әперiп, жұмыспен қамтып, мамыражай қоғам орнатар едi. Бiздiң мақсатымыз - тұрғындардың әлеуметтiк жағдайын шешу үшiн, билiк орындарына ықпал ету. Ал ықпал ету үшiн, билiктiң ығында жүру мүмкiн емес.
Еуродақ қалтасынан қаржы бөлiп, елiмiздiң iшкi әлеуметтiк мәселесiн шешуге көмек қолын созды. Қазақстан болса, дамыған елу елдiң қатарына кiремiз деп мақтанып жатыр. Ал тұрғылықты халықтың заңды қақысы бар мәселесiн шешуге құлық танытпай отырған билiктiң бетiн берi бұру оңай шаруа емес. Азаматтардың заңды құқығын талап етiп, арыз‑өтiнiштерiн құзырлы орындарға жеткiзiп жүрген қызметiмiз үшiн кiнәлi деп тапса, өздерi бiлсiн.
- Иә, Сапура ханым, «Қазаққа Ассалаумағалейкум! десең, үш сом сұрайды», - демекшi, қаңқу сөз қуу қанымызға сiңген «қасиет» қой... Оған алаң болмай, сол сөзқуарларға қылған қызметтерiңiз өрлей берсiн! Сұхбатыңызға рақмет!
Бақытгүл КӨПБАЙҚЫЗЫ,
«D»
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 09 (46) от 3 марта 2010 г.
Суреттерде: Алматыдағы "Шаңырақ" оқиғасы