«Алтын белгі» неге азайып кетті?
Мектеп бітіруші түлектер арасында «Алтын белгіден» үміткерлердің едәуір азайып кеткені байқалып отыр. Кеше елордадағы №52 мектеп-гимназиясындағы мектеп бітірушілер жиынына қатысқан білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, биылғы «Алтын белгіден» үміткерлер саны – 2 мыңға жуық. Былтыр бұл көрсеткіш 3 мың 360 оқушы болған. «Алтын белгіге» бәсі бар оқушылардың мұншалықты азаюы екі түрлі қорытындыға жетелейді: оқушының білімін бағалауға талап күшейтілді немесе білім сапасы шынымен төмендеп барады…
Министр Жансейіт Түймебаев келтірген статистикалық мәліметтер бойынша, биыл мемлекетімізде 132 мың 733 түлек мектеп бітіріп, жаңа өмірге жолдама алғалы отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ-ға) олардың ішінен 108 мың 848 оқушы қатысуға өтініш білдірген. Қалған 23 мың 885 түлек жалпы орта білімі туралы аттестацияны жекелеген пәндер бойынша емтихан тапсыра отырып алатын болады. Ал елордадағы 76 мектептен барлығы 3 мыңға жуық жеткіншек «алтын ұясынан» түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққалы отыр.
«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 4-інен басталады. Ата-аналар мен оқушылардың талап-тілектеріне байланысты тестілеу уақыты 30 минутқа ұзартылды. Сонымен қатар өткен жылдан бері тестілеу сұрақтарына жіті тексеріс жүргізіліп, ретсіз деп саналғандар алып тасталды», – деп атап өтті Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, биылғы бітірушілер «Түлектер кешін» тек өз мектептері мен отбасы аясында ғана тойлайтын болады. Бұрынғыдай аста-төк той жоқ. Осыдан біраз бұрын Білім және ғылым министрлігінің барлық қоштасу кештерінің мектеп қабырғасында өтетіні және оған ақша жинауға тыйым салынатыны жөнінде хабарландыру бергені белгілі. «Мұндай шешім, қазіргі дағдарыс жағдайында барлық отбасылардың әлеуметтік жағдайы ұлан-асыр той жасауға мүмкіндік бермейтіндіктен қабылданып отыр», – деді ол. Осыған орай, №52 мектеп-гимназиясында да министрдің қатысып отырғанына қарамастан, бұрынғыдай ұлан-асыр салтанат болған жоқ. Шағын концерттік шараға мектеп бітіруші 34 түлек пен олардың ата-аналары ғана қатысты.
Министрдің Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназиясын таңдауы бекер емес. Бұл – бірнеше жыл қатарынан ҰБТ-да көш бастап келе жатқан оқу орындарының бірі. «Биыл да осындай көрсеткіштермен көзге түседі деп сенемін деген», – министр мектеп бітірушілерге ақ жол тіледі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Астанада 20 қазақ мектебі бар екен. «Осыдан 11 жыл бұрын Астанада жалғыз қазақ мектебі бар болатын. Бұл – үлкен бетбұрыс», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Еліміздің бас мұғалімі министрлік атынан мектеп-гимназия директоры Ғалияш Амринаны «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, ұстаздарының бірі Зәуреш Тұяқованы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапаттады.
Бүркіт НҰРАСЫЛ, Астана
“Алаш айнасы” газеті 26 Мамыр 2009 жыл