Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2508 0 пікір 15 Наурыз, 2010 сағат 20:39

Далалық дәстүрге сай дiн керек

Ж.Ш: Ислам дiнi бiздiң ұлттық мүддемiздi, ұлттық ерекше­лiгiмiздi жойып бара жатыр деген пiкiрлер айтылады. Осының ақ-қарасы қандай? Сонымен бiрге дiндегi «сопылық iлiм» туралы дау көп. Бiр қарағанда, сопының сөзi қазақтың төл танымына жақын сияқты көрiнедi. Неге?

А.Ә: Қазақ даласына келген ислам дiнiн бiз өзiмiздiң далалық мәдениетiмiзге, көшпендi өмiрiмiзге бейiмдеп қабылдадық. Бiздiң ұлттың дәстүрiмiз исламға үйлеспесе, онда бiз оны қабылдамас едiк қой. Ал бұл - қазақы бөрiк, кимешек, шапан исламда үйлесiм тапты деген сөз.

Сөйте тұра, исламның қағи­да­ларын пайдаланып, қазақтың тарихтан сыны кетпей жалғасып келе жатқан дәстүрлi өнерiн жоққа шығарушылар кездесiп жүр. Олар үшiн ән айту, домбыра тартып, қобызда ойнау - жынның тiрлiгi екен. Бұл ло­ги­калық тұрғыда көзге көрiнiп тұрған қателiк қой. Сондықтан оны зерт­теп, оған жауап қатудың қажетi болмас деп ойлаймын.

Ж.Ш: Ислам дiнi бiздiң ұлттық мүддемiздi, ұлттық ерекше­лiгiмiздi жойып бара жатыр деген пiкiрлер айтылады. Осының ақ-қарасы қандай? Сонымен бiрге дiндегi «сопылық iлiм» туралы дау көп. Бiр қарағанда, сопының сөзi қазақтың төл танымына жақын сияқты көрiнедi. Неге?

А.Ә: Қазақ даласына келген ислам дiнiн бiз өзiмiздiң далалық мәдениетiмiзге, көшпендi өмiрiмiзге бейiмдеп қабылдадық. Бiздiң ұлттың дәстүрiмiз исламға үйлеспесе, онда бiз оны қабылдамас едiк қой. Ал бұл - қазақы бөрiк, кимешек, шапан исламда үйлесiм тапты деген сөз.

Сөйте тұра, исламның қағи­да­ларын пайдаланып, қазақтың тарихтан сыны кетпей жалғасып келе жатқан дәстүрлi өнерiн жоққа шығарушылар кездесiп жүр. Олар үшiн ән айту, домбыра тартып, қобызда ойнау - жынның тiрлiгi екен. Бұл ло­ги­калық тұрғыда көзге көрiнiп тұрған қателiк қой. Сондықтан оны зерт­теп, оған жауап қатудың қажетi болмас деп ойлаймын.

Қ.Ә: Қазақ өз тарихында бiздiң дiндегi дәл бүгiнгi күйдi Қожа-Ахмет Яссауидiң тұсында бастан кештi. Егер мен бар қазаққа ортақ тұлға - Қожа Ахмет, Абай, Шәкәрiмдi айтсам, мен тарапында «зiкiр­шi» деген ұғым тумауы керек. Иә, Қожа-Ахмет Яссауидiң ке­зiн­де «сопылық iлiм» жарыққа шықты. Оны бүкiл түрiк ұлт­шыл­дары ұстанды. Бiзге де «сопылық iлiм» тү­рiк­терден келдi. Көшпендi қазаққа «сопылық iлiмнiң» тез сiңуi далалық мәде­ниетiмiзге бейiм болғандығынан шығар деп ойлаймын.

Ж.Ш: «Сопылық iлiм» туралы қоғамда жақсы пiкiр қалыптаспағаны анық. Дегенмен тарихи қалыптасқан мәдениетiмiзге, әлеуметтiк тұрмысымызға бiр­шама сай келетiн осы бағытты жоққа шығарғысы келетiндер­дiң мақсаты не болуы мүмкiн?

Қ.Ә: Қазiр халқымызда қа­зақ ретiнде қандай ерекшелiк қалды? Мәселен, киген кимiмiз ұлттық белгiмiздi бiлдiрмейдi. Дiнiмiздiң жайы белгiлi. Сонда қазақта ұлттық тұрғыда сақталған не бар? Тiлi ғана екен. Басқа ешбiр ерекшелiгiмiз қалмапты. Осы ұлттық ерекшелiгiмiздi насихаттауда ислам дiнi бiршама жұмыс iстеп жатыр. Мұны жоқ­қа шығара алмаймыз. Мәселен, қай мешiтке барсаңыз, ондағы имам-молдалар қазақы бас киiм, шапан киiп жүредi. Шариғатты да қазақша түсiндiредi. Тәуелсiз ел болғалы 20 жылдан берi үкi­меттiң қай ресми отырысы мешiттегiдей дәстүрде өттi? Жоқ! Демек, дiн осы жолда ұлттық мүддемiзге едәуiр қызмет етiп отыр.

А.Ә: Осы дiн жолында жүр­ген бiр азаматтардан: «Қазақ хал­қы әйелдi сыйлауды ислам дi­нi келгеннен кейiн үйрендi», - деген сөздi құлағым шалып қалды. Мұны қалай түсiнемiз? Сақтарды билеген Томирис патшайым кiм едi? Әйел заты ғой. Сол тарихтан бергi жүздеген-мыңдаған жылдардың қойна­уында қаншама қыздарымыздың ерлiгi, батырлығы, данышпандығы, еркекпен бiрге кеңес құр­ған теңдiгi жатыр. Эпостық жыр­лардан да қазақ өз қыздарын қадiр­легенiн, оларды пiр тұтқанын, тiршiлiктiң тiрегiн Анаға тiреге­нiн бiлемiз. Ежелгi жазбалар мен тарихқа сүйенсек, қазақ халқының ұлттық мәде­ниетi - ислам дiнi келуден iлгерi қалыптасып қойған.

Билiкте отырған азаматтардың басым мұңы - билiк пен ақша. Олардың билiкте ұзақ уақыт қом жинауы үшiн, халықтың мәңгүрт болғаны тиiмдi. Халқы мәңгүрт болуы үшiн, өз iштерiнен алауыз болғаны абзал. Ақиқатында халық өз тамырын бiлiп, өткен тарихын таныса, онда рухы оянуы мүмкiн. Бұл билiктегiлерге жақпайды.

Қазiр мектептерде «дiнтану» пәнi оқытылғалы жатыр. Бiрақ одан қауiптенуiмiз керек. Өйт­ке­­нi «дiнтану» қай дiндi танытады? Мақсаты қандай? Бұған еш­кiм жауап бере алмайды. Дiн ар­қылы жас ұрпақ санасын улау - жауыздық. Қай жағынан алып қарасаңыз да, мектеп қабыр­ға­сындағы балаларға дiндi оқытуды ұлт болашағына қарсы iсте­лiп отырған қарекет деп түсiну қа­жет.

Қ.Ә: «Дiнтану» дегеннен шы­­ғады. Мен мектептi Алматы қаласында оқыдым. Бiзге «Самопознание» деген сабақ оқы­тылды. Яғни «өзiңдi-өзiң тану» пәнi. Кейiн зерттеп қарасам, сол пән Саентология дiнiн жарыққа шығарған Рональд Хаббардтың iлiмi екен. Бұл арада айтайын де­генiм - мектептерде «дiнтану» пәнi оқытылмай тұрып, дiни жобалар бiраз жылдың алдында бас­талып кеткен.

А.Ә: Дiндi сауда-саттыққа айналдыру үдерiсi де бой көрсете бастады. «Сетевой маркетинг» деген пәлекет исламға да ендi. Таяуда басын орамалмен тұмшалап алған бiр қыз: «Таза әрi нағыз мұсылман тауары», - деген соң, тiс пастасын алдым. Мақтауын жеткi­зiп айтты. Сөйтсем, пастаның жартысы - бос ауа. Тазалап жарытқаны да шамалы. Бiз сол тауарларды, яғни бұйымдар мен хиджабтарды сатып алу арқылы белгiлi бiр елдiң экономикасы үшiн қызмет етiп жатырмыз.

Ендеше, өз ұлттық экономикамыз қалай дамиды? Оған халық iшiнде сұраныс тудыратын идеология жетiспейдi. Сұранысқа орай халқымыздың төл киiмдерiн шығаратын өндiрiс орындарының жұмысы да жандана түсер едi.

 

Жұқамыр ШӨКЕ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT»10 (47) от 10 марта 2010 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478