Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4081 0 пікір 25 Наурыз, 2010 сағат 04:22

Тарбағатай. Алапат тасқын алған Ақсуат (ВИДЕО)

Қалың қар түсіп саршұнақ аяз қысқан  Шығыс Қазақстан облысының аумағы алты ай қыс ақ түтек бораннан да көз ашпады.  Енді міне, жылымық есіп күннің көзі жылт ете қалып еді қызыл су қаптай жөнелді. Таулы аймақтарда сірескен қасат қардың көбесі сөгілісімен етекке құлап аяғы алапат тасқынға ұласып жатыр. «Ақсуат «аралға» айналды» деген алақандай ақпаратымызда біз Жәнтекей ауылындағы жағдаяттарды шұғыл жария еткенбіз. Іле «Абай-ақпараттың» форумына қатысып пікір білдірген оқырман естіп білгендері мен көргендерін жасырып қала алмады. Сондағы бір байқағанымыз Шығыс өңірі түгел, оның ішінде әсіресе, Тарбағатай ауданы табиғат апатына ұшырап қатты күйзелісті хәлге тап болғанын байқадық. Мына суреттерден сіздер Тарбағатай ауданындағы Көкжыра ауылындағы апаттан кейінгі ахуалды көріп отырсыздар.

Сонымен суреттерде:

1.Ақсуаттағы Базар өзенінің үстіндегі көпір бел ортасынан үзілді
2. Су алған Көкжыра ауылындағы бір түтін
3. Көкжырамен іргелес Есім ауылын да «Есіл» басты
4. Мына бір кепенің қалпына келуі енді мүмкін емес
5. Көкжырадағы шағын жанармай стансасы істен шықты
6. Алапат тасқынның арты қызыл суға айналып қаптап жатыр
7. Көңілсіз Көкжыра
8. Құлазып батты қызыл күн
9. Ауыл көшіп барады...
10. Тасқын орған жерлерден жұрт ат жалдап  өтіп жатыр.
11. Көкжыра аулына «Қош келдіңіз!»
12. Тірі қалу үшін тарктордың күрегіне отырып алып  ауыл адамдары ауа жөнелді.

Қосымша видео

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364