Астана приднестровьелік шиеленісті территориялық тұтастық қағидасында реттеу жөніндегі келіссөздерге ресми сипат беруге болады деп отыр
Кишинев.1 сәуір. ҚазТАГ –Дина Ермағанбетова. Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде приднестровьелік шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздерге территориялық тұтастық қағидасын сақтай отырып, ресми сипат беруге болады деп есептейді. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті.
«Қазақстан осы сияқты шиеленістерге деген көзқарасында принципті түрде, біз үшін маңызды басымдылық тәуелсіз елдердің территориялық тұтастығы деген ұстанымды басшылыққа алады», - деді ол бейсенбі күні, Молдовияның сыртқы істер мен еуропалық интеграция министрі Юрие Лянкэмен өткен кездесуінен соңғы баспасөз брифингінде.
Қ. Саудабаев приднестровьелік шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздер үдерісі 2006 жылдан бері бейресми сипатта болып отырғанына назар аударды.
«Егер біз жақын арада осы диалогты ресмилендірсек, және ол, тараптардың бұл мәселені дәл осы қалыптасқан форматта («5+2» форматында – ҚазТАГ) екі жақтан қарастыруға қайта оралғанын растай алса, онда алдағы перспективада бұл ең маңызды қадам болған болар еді», - деді дипломат.
Оның пікірінше, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде келіссөздер үдерісі ресми сипат алса, онда ол «біздің бірлескен күш жігеріміздің маңызды нәтижесі болады».

Қазақстан, деп жалғастырды ол, шиеленістің реттелуіне барлық бар ресурстарымен септігін тигізуге әзір. «Бізде бардың барлығын біз осы үдеріске оң сипат беруге пайдалануға дайынбыз. Бізде, біздің ел мен президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік кеңістікте ие болып отырған сыйлау мен сенім деген де ресурсымыз бар», - деді Қ. Саудабаев.
Өз кезегінде Ю. Лянкэ, Қазақстан шиеленістің күрделілігі мен оны шешу жолдарын терең түсінетінін атап өтті. «Біз созылып кеткен шиеленістің әп-сәттік шешімін табу мүмкін еместігін түсінеміз. Сондықтан бізде алға қарай асықпай, бірақ нық әрі ілгерілей жылжу керектігін түсінушілік бар», - деді ол.
Екі тарап та приднестровьелік шиеленісті реттеу жөніндегі алдағы Астанада өтетін келіссөздер тобының кездесуі келешекте шиеленісті реттеуге септігін тигізетініне сенім білдірді. Брифинг барысында ЕҚЫҰ төрағасы Молдовия басшылығының ұстанымын сындарлы деп бағалады.
Сондай-ақ Қ. Саудабаев Ю. Лянкэні шілде айында Алматыда өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің СІМ басшыларының бейресми кездесуіне шақырды.