Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3039 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 04:30

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР МӘСІМОВКЕ ХАТ

Қадірлі Кәрім Қажымқанұлы!

Республикамыздағы 50-ден аса қоғамдық ұйымдарды, партияларды және баспасөз орындарын біріктіретін «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысының атынан өзіңізге сенбі күні, 03.04.2010 ж., жолығып, соңғы кездері ел, ұлт болашағы үшін алаңдайтын адамдарды ерекше толғандырып жүрген Кедендік одақ туралы төрт сауал қойдым. Олар мыналар:

1. Қазақстанның Ресей Федерациясымен және Беларус Республикасымен бірге Кедендік одаққа енуі мемлекетіміздің тәуелсіздігіне елеулі деңгейде қауіп төндіретіні жайлы 2010 жылдың 18 наурызында зиялы қауым өкілдері мен қарапайым азаматтардың арнайы мәлімдеме жасағанын білесіз. Осы күдікті проблемадан туындайтын сұрақтың бірі - Ресей, Беларусь, Қазақстан Республикалары аралығына ортақ валюта енгізу жоспарланған ба?

2. Кейбір Ресей басылымдары жазып жүргендей Кедендік одақ негізінде болашақта үш мемлекеттің халқына ортақ төлқұжат болуы мүмкін бе?

3. Ресеймен, Беларусиямен шектесетін шекараларда Қазақстанның жеке кедендік қызметі сақталады ма?

4. Кедендік одаққа енген Қазақстанда осы елдер шекараларында мемлекеттік тіл тек орыс тілі болатыны жөнінде де баспасөз беттерінде әңгіме өрбіді. Бұған қандай жауап қайырасыз?

 

Қадірлі Кәрім Қажымқанұлы!

Республикамыздағы 50-ден аса қоғамдық ұйымдарды, партияларды және баспасөз орындарын біріктіретін «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысының атынан өзіңізге сенбі күні, 03.04.2010 ж., жолығып, соңғы кездері ел, ұлт болашағы үшін алаңдайтын адамдарды ерекше толғандырып жүрген Кедендік одақ туралы төрт сауал қойдым. Олар мыналар:

1. Қазақстанның Ресей Федерациясымен және Беларус Республикасымен бірге Кедендік одаққа енуі мемлекетіміздің тәуелсіздігіне елеулі деңгейде қауіп төндіретіні жайлы 2010 жылдың 18 наурызында зиялы қауым өкілдері мен қарапайым азаматтардың арнайы мәлімдеме жасағанын білесіз. Осы күдікті проблемадан туындайтын сұрақтың бірі - Ресей, Беларусь, Қазақстан Республикалары аралығына ортақ валюта енгізу жоспарланған ба?

2. Кейбір Ресей басылымдары жазып жүргендей Кедендік одақ негізінде болашақта үш мемлекеттің халқына ортақ төлқұжат болуы мүмкін бе?

3. Ресеймен, Беларусиямен шектесетін шекараларда Қазақстанның жеке кедендік қызметі сақталады ма?

4. Кедендік одаққа енген Қазақстанда осы елдер шекараларында мемлекеттік тіл тек орыс тілі болатыны жөнінде де баспасөз беттерінде әңгіме өрбіді. Бұған қандай жауап қайырасыз?

 

Сіз өз сөзіңізде, бұл проблемалар төңірегінде жан-жақты толғанғандарыңызды, Кедендік одаққа енген үш мемлекет арасындағы ортақ валютаға, ортақ төлқұжат иеленуге жол берілмейтінін айттыңыз. Сонымен қатар, республикамызда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кеден бекеттерінің сақталатынына және онда мемлекеттік тіл қазақ тілі өз күшінде қалатынына сендірдіңіз.

Бұған қоса мен Сіздің назарыңызды мынандай сұраққа бұрдым: «Осыдан едәуір уақыт бұрын Астанада өткен бір жиында Сізден «Мемлекеттік тіл» туралы заңды биыл қабылдатуға уәде бересіз бе?» деп сұрағанмын. Сол өтінішімді тағы да қайталағым келіп тұр?!» дегенімде Сіз: «Қайткен күнде де биыл, 2010 жылы мемлекеттік тіл туралы заңды қабылдатуға күш саламыз» дедіңіз. Жасыратыны жоқ, бұл жауабыңызға риза болдым. Екеуміз осыған қол алыстық.

Әрине, арамызда болған қысқа ғана сұхбат екеуара әңгіме деңгейінде өтті. Бұл Кедендік одақ туралы басты мәселелердің беташары ғана еді. Біздің негізгі талаптарымыз Президентке, қос палаталы Парламент басшыларына және өзіңізге жолданған ашық хатымызда жан-жақты баяндалған-ды. Сол хатқа және одан кейін де алдымызды ораған мынадай күрделі сұрақтарға өзіңізден жазбаша жауап алғанды жөн санап отырмыз. Қозғалыс мүшелері ақылдаса келе осы шешімге тоқтадық. Енді біздің сол сұрақтарымызға ден қойсаңыз.

Біртұтас кедендік тарифтің 92%-ы Қазақстандікінен 2-3 есе жоғары Ресейдің тариф бағамына негізделген. Бұл бізді қанағаттандырмайды. Сарапшылардың бағалауынша, Ресейдің ішкі сауда жүйесі өзара үйлестірілгендіктен, ол Қазақстан экономикасына мүлдем сәйкес келмейді. Бұл бойға шақ емес бешпент кигенмен пара-пар!

Ресей Кеңес Одағының экономикалық әлеуетінен дайын өнім өндіретін кәсіпорындарды олжалап қалды. Ресей үкіметі мемлекеттік протекционизмді қолдана отырып, зауыттар мен оның иелерін қорғау үшін дайын импорттық өнімдерге тым жоғары баж салығын белгіледі. Сонымен қатар Беларусь елі де  егемендіктің алғашқы жылдарында бізде мүлде жойылып кеткен өздерінің бұрынғы колхоздары мен совхоздарын және зауыттарын сақтап қалуы арқасында бүгінде кең ауқымда дайын тауарлар өндіруде.

Қазақстанда тәуелсіздіктің соңғы 18 жылында дайын өнім секторы сол қалпы құрылмады, ал там-тұм ғана шағын және орта бизнес өлместің күнін кешуде. Сондықтан Ресейлік тауар өндірушілерді қорғайтын Кеден Одағының қымбат салығы қарапайым қазақстандықтардың қалтасын қаққаннан басқа ел экономикасына ешқандай пайда әкелмейді.

Біз сонымен бірге Кеден одағындағы көзге ұрып тұрған тараптар теңсіздігіне де келіспейміз. Ресей Кеден одағы комиссиясындағы бүкіл дауыстың 57%-ын өзіне бекітті, ал Қазақстан мен Беларусияның үлесіне 21,5%-дан-ақ тиіп отыр. Егер комиссия шешімді 2/3 мөлшеріндегі дауыс артықшылығымен қабылдаған күнде де, Ресейдің Беларуссияны өз жағына тартып, Қазақстанның үстінен шешім қабылдауға, Қазақстанмен бірігіп Беларуссияның құқығын елемеуге мүмкіндігі бар. Ал, Қазақстан мен Беларуссия бірлесіп дауыс берсе де Ресейдің келісімінсіз комиссия қорытындысына өзгеріс енгізе алмайды. Теңдік қайда? Мұндай жағдайда қалайша мемлекет мүддесін қорғап қалмақсыздар?

Сіздер мұндай дауыс алшақтығына Кеден одағына мүше елдердің экономикалық әлеуетін есепке алу нәтижесінде бардық деп отырсыздар. Міне, осының өзі-ақ біздің мемлекеттер арасында тең құқылы Одақтың болмайтынын (болмағанын және бола алмайтынын) растап отыр. Өйткені, олар әр түрлі экономикалық және демографиялық қуатқа ие. Ресей экономикасы жағынан Қазақстаннан 14 есе, демография бойынша 10 есе күшті. Бұл - «піл мен қанденнің» одағы іспетті.

Еуропалық одақтағы 27 мемлекет экономикалық және демографиялық қуатты бірнеше елдермен таразы басын тең ұстап отыр. Онда бірде-бір мемлекет қай мәселеде болсын артық дауысқа ие емес. Сондықтан еуропалық шағын елдер әлеуетті көршілерінің жұтқыншағында кетуден қорықпайды.

Біз әлі мықты ұлттық экономика құрып үлгермедік, берік мемлекеттік институттар мен дәстүрлер қалыптастырмадық, тіпті күні кеше санамызға сіңген құлдық психологиядан да арылмадық. Қазақстанда демократиялық институттардың, азаматтық қоғамның қалыптасуы тежеліп тұр, соның салдарынан жемқорлық мемлекеттік құрылымдарды іштей шірітуде.

Бізге тез арада тәуелсіздігімізді жан-жақты нығайтумен айналысуымыз керек. Олай болмаған жағдайда мықты демократиялық және құқықтық мемлекет құрудың тарихи мүмкіндігін жоғалтамыз.

Біз өзара тиімді және теңқұқылы халықаралық әріптестікті жақтаймыз. Сонымен қатар, бұрынғы біржақты Одақтық денгейдегі емес, дүниежүзілік көлемдегі әлемдік қауымдастықтарға қолдау көрсетеміз. Қазақстан болашақта әлемнің 150 елі сияқты Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуы керек деп есептейміз. Бірақ оған Қазақстан өзге мемлекеттің, тіпті ол бізге дос пиғылдағы ел болса да, оның мүддесі үшін емес, өз болашағы үшін енуі керек. Біз бұл тұрғыда да Ресейдің мүддесі алға шыға ма деп қауіптенеміз. Мұны айтып отырған себебіміз, Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту үшін Кедендік одаққа мүше елдердің келісімі болуы керек деген ресми тұлғалардың мәлімдемесі жарияланғанын неге ескермейміз?

БСҰ-ның жарғысына сәйкес бұл ұйымға одақ түрінде емес, тек жеке мемлекет ретінде кіруге болады. Сондықтан Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену үшін Қазақстанға Кедендік одақтан шығуға тура келеді.

Бұл өте маңызды міндет және тәуелсіздігіміз үшін әрі балаларымыздың жарқын болашағы үшін жүзеге асуға тиісті шаруа. Біз әр нәрсенің басын бір шалмай Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуіне байланысты нақты жұмыстармен айналысқанымыз жөн еді. Сондықтан бұл ұйымға ену үшін құрылған жұмысшы тобына өз өкіліміз - Варшава университетінің магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты, халықаралық экономика саласын жетік меңгерген, мемлекеттік қызметте және бизнесте  тәжірибесі бар Мұхтар Тайжан бастаған 5 маманды теңқұқылы мүшелікке ұсынамыз.

Өздеріңізге белгілі, 11 сәуір күні Алматы қаласының Астана алаңына Қазақстанның демократиялық жас қауымы Кедендік одақтың келеңсіздігін түсініп және оны қолдамайтындықтарын білдіру мақсатында, әкімшіліктің рұқсат беру-бермеуіне қарамай, қарсылық митингісіне шықпақшы. Бұған қоса 17 сәуірде «Азат» партиясы да Кедендік одаққа байланысты митингі өткізбекші. Биліктің ойланбай асығыс жасаған шалыс қадамы салдарынан қоғамдық қарсылықтың деңгейі өршіп барады.

Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты біз Қазақстанның Кеден одағына кіру мәселесін 5 жылға шегере тұруды, бұл уақыт аралығында саяси жүйені жетілдіріп, экономиканы индустриализацияландыруды және Қазақстанды БСҰ-на ендіруге дайындау жұмыстарымен айналысуды ұсынамыз.

Мен сізден осы хатта көтерілген мәселелерді ақылға салып шешуге күш табады деп үміттенемін және өзіңізден жауап күтемін.

 

Құрметпен,  М.Шаханов,

«Тәуелсіздікті қорғау»

халықтық-демократиялық қозғалысы

ұйымдастыру комитетінің төрағасы,

Қазақстанның халық жазушысы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371