Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2801 0 пікір 12 Сәуір, 2010 сағат 09:29

Қазақстанға осы аптада Израильдің индустрия, сауда және еңбек министрі келеді

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанға Израильдің индустрия, сауда және еңбек министрі Биньямин Бен Элиезер келеді, деп хабарлайды индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Сәуірдің 13-інен 15-іне дейінгі уақытта өтетін сапардың негізгі мақсаты 14-15 сәуірде Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-израиль үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысын өткізу болып отыр», - делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Отырыс барысында тараптар индустриалды-инновациялық саланың және жаңа технологиялар мәселелерін, стандарттау, метрология, сертификаттау және ғарыш, ауыл шаруашылықты дамыту, көлік, туризм және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.

Үкіметаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылады.

Бұдан басқа, сапар барысында Израиль делегациясы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, бірқатар министрліктің басшыларымен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазАгро» ҰХ» АҚ жетекшілігімен және Астана әкімімен кездеседі.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2829
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 933
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 877