ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда сандық телерадио хабарларын таратуды енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді
Сандық телехабар таратуға көшу 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын дамыту Стратегиялық жоспарының өзекті бағыттарының бірі болып табылады.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда сандық телерадио хабарларын таратуды енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Сандық телехабар таратуға көшу 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын дамыту Стратегиялық жоспарының өзекті бағыттарының бірі ретінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті қалыптастыру қажеттігінен туындап отыр және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі жүргізген ағымдағы техникалық және экономикалық мүмкіндіктерге талдаудың нәтижесінде тарату ұлттық операторын құру және техникалық және экономикалық елеулі артықшылығы бар сандық жерүсті (эфирлік), кәбілдік, спутниктік және ұялы (жылжымалы) тарату стандарттарын анықтау жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ жер бедері, климаттық жағдайлары және халықтың тығыздығы ескеріле отырып, сандық хабар таратуді енгізу жоспары жасалатын болады.
ҚР Премьер-Министрі тұтастай алғанда ұсыныстарды қолдады және сандық телерадиохабарлар таратуды енгізу, сондай-ақ оның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

http://kz.government.kz/site/news/2010/04/74