Бәкиев Қырғызстанның уақытша үкіметін заңдастыруға көмектесуге дайын
Бішкек. 14 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиев уақытша үкіметті заңдастыру мәселелері бойынша нақты іс-әрекеттерге дайын, деп хабарлайды уақытша үкіметтің баспасөз қызметі.
Сәрсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, арнайы құрылған тәуелсіз комиссияның мүшелері Қ. Бәкиевпен Жалал Абад облысы Созақ ауданы Тейит Ырыс айыл Токмоту ауылындағы әкесінің үйінде кездескен.
«Комиссия мүшелері Бәкиевке 2010 жылдың 7 сәуірінде Қырғызстанда болған қайғылы оқиғаларға қатысты өткір сұрақтар қойған, ол оқиғалар кезінде 83 адам қаза болып, 1200 адам жарақат алған, 400 адам ауыр халде ауруханаларда жатыр. Қ. Бәкиев бейбіт халық та, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де оққа ұшқан Қырғызстандағы қайғылы оқиғалардың тереңдігі мен дәрежесін түсінетінін жеткізді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Өз кезегінде Қ. Бәкиев «Қырғызстанның қазіргі уақытта тығырықта тұрғанын, биліктің ауысу процесінде заңдылықтың жоқтығын» айтты, делінген хабарламада.
Оның айтуынша, «бұл аса қауіпті тенденция елдің мемлекеттік тұтастылығына нақты қатер болып табылады». «Мен қазіргі уақытша үкіметті заңдастыру мәселелері бойынша нақты әрекеттерге дайынмын. Бұл форматта ауыспалы үкімет мәселелері бойынша құжаттарға қол қою сияқты нақты құралдар менің қолымда бар», - деді ол.

Қ. Бәкиев өзіне және отбасы мүшелеріне қауіпсіздік кепілдігі берілсе, соттан тыс жазалау болмаса, болған оқиғалар үшін жауапкершілікті мойнымен көтеруге дайын екенін жеткізді, делінген хабарламада.
Қ. Бәкиев жақтастарының айтуынша, ол БҰҰ-ның өкілі Ян Кубишпен телефон арқылы әңгімелескен. «Құрманбек Бәкиев Я. Кубишке келіссөздер процесінде ілгерілеу бар екенін, бүгін емес, ертең келіссөздер аяқталатынын айтты», - дейді олар.