Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3280 0 пікір 14 Сәуір, 2010 сағат 16:28

Қытай АҚШ-ты ығыстырып, әлем экономикасы драйверінің орнын басты – сарапшы

Алматы. 14 сәуір. ҚазТАГ - Игорь Киндоп. Соңғы уақытта Қытай АҚШ-ты ығыстырып, әлем экономикасы драйверінің орнын басты. Сәрсенбі күні Катон институтының аға ғылыми қызметкері, «Экономикалық сараптама институты» қорының президенті Андрей Илларионов осындай пікір білдірді.

«Қазір әлемдік экономикалық өсімнің негізгі моторы болып отырған АҚШ емес, Қытай. 2007 жылы Қытайда сатып алу қабілетінің паритеті (САҚП) бойынша ЖІӨ өсімі АҚШ-тағы ЖІӨ-ден асып түскенде-ақ, осындай қорытынды жасауға болатын еді. Алайда қазіргі кезде Қытай экономикасы САҚП және абсолютті көлемдер бойынша АҚШ экономикасынан төмен болып табылады. Бірақ ұзақ мерзімді динамикадан қуат тасымалдаушылардың бағасына да, дағдарысқа кіру мен одан шығудың кезектілігіне де әсер етіп отырған Америка экономикасы емес, Қытай экономикасының қарқыны негізгі рөл атқаратынын байқап отырмыз», - деп мәлім етті ол сәрсенбі күні Алматыда риск-менеджменттен алтыншы халықаралық конференцияда.

Оның пікірінше, ағымдағы экономикалық дағдарыс және әлем экономикасының қалпына келуі ҚХР-дың өндірістік секторына «байлаулы». «Қуат тасымалдаушылардың әлемдік бағасы Қытайдағы өнеркәсіптік өсімінің қарқыны төмендегенде басталды. Осыдан кейін Қытай экономикасының өсімі баяулап, дамушы нарықтардағы шетелдік капитал кері қайта бастады да, содан кейін ғана АҚШ-тағы несиелік дағдарыс орын алды... (Егер экономиканың қалпына келу процесін қарасақ - ҚазТАГ) алдымен Қытайда өнеркәсіптік өсім қалпына келді, содан кейін қуат тасымалдаушылардың бағасы реттелді, кейін әлемнің қор нарығы қалпына келіп, былтыр жазда АҚШ-та өнеркәсіптік өсім байқалды, бірақ АҚШ-тағы несие нарығы қалпына келген жоқ», - деп түсіндірді А. Илларионов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506