Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3606 0 пікір 14 Сәуір, 2010 сағат 16:31

Kazmeat пен американдық Global Beef ет өнімдерін өндіретін БК құрмақшы

Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Kazmeat кәсіпорны мен американдық Global Beef компаниясы ет өнімдерін шығаратын және өнімділігі жоғары ірі қара мал (ІҚМ) өсіру жөніндегі KazBeef бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандумға қол қойды. 

«Аталған бірлескен кәсіпорын тең үлеспен қатысу негізінде құрылады», - деді «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингінің (ҰБХ) басқарма төрағасының орынбасары Берік Бейсенғалиев, меморандумға қол қойылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында.

Ақпараттық парақшада айтылғандай, ҰБХ осы айдың өзінде бірден 5 мың малды бордақылауға арналған кешен құрылысына кіріседі. Осы бордақылау алаңында ет өнімдерін өндіру цехы жұмыс істейтін болады.

Одан басқа, меморандумға сай, Қазақстандағы климаттық жағдайға бейімделген асыл тұқымды аналық бастарды көбейтетін екі шаруашылық құру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылады.  Ол шаруашылықтың әр қайсысы АҚШ-тан әкелінген етті ІҚМ түрінің бірін өсірумен айналысады. Алғашқы мәліметтер бойынша, америкалық тарап Ангус және Герефорд тұқымдарынан мың бастан әкелмекші.

Нысандар биыл жыл соңына тапсырылуы тиіс.

Жобаның жалпы құны Т5 млрд. Оның Т1,2 млрд-ды бордақылау алаңын тұрғызуға кетеді. «Kazmeat» ЖШС директоры Марат Құраловтың айтуынша, жоба 6-7 жылда ақталып шығуы тиіс. 

«Kazmeat» ЖШС «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ-ның еншілесі болып табылады. Ал ол өз кезегінде «ҚазАгро» ҰБХ құрамына кіреді.

Global Beef 1865 жылы Солтүстік Дакотада (АҚШ) құрылған. Компания ірі қара малды асылдандыру, бордақылау, генетикалық зерттеулер жобаларын әзірлеу мен оларды қолдау жұмысымен айналысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1282
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2829
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 931
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 875