Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2126 0 пікір 15 Сәуір, 2010 сағат 05:10

Қазақ жерiн «САТАНАДАН» кiм құтқарады?

Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған «Байқоңыр» космодромының құрылысы 1955 жылы басталып, қазiр 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергi 50 жылда әртүрлi мақсаттағы 1100 космос аппараты және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета ұшырылып, сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлi соғысқа қажеттi, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерiнiң 80-нен астам модификациясы да сыналған.

Космодромдардан ұшқан ракеталардың бiрiншi бө­лiктерi Қа­ра­ғанды облы­сын­­дағы № 25-зо­наға түс­се, екiншi бөлiктерi сол облыстағы № 4-зонаға, үшiн­шi бөлiк­терi де Қазақстанда орналасқан     № 310-зонаға (Шы­ғыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсiк, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерiн де көбейтуде.

Радиоактивтi улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсiп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде.

Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған «Байқоңыр» космодромының құрылысы 1955 жылы басталып, қазiр 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергi 50 жылда әртүрлi мақсаттағы 1100 космос аппараты және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета ұшырылып, сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлi соғысқа қажеттi, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерiнiң 80-нен астам модификациясы да сыналған.

Космодромдардан ұшқан ракеталардың бiрiншi бө­лiктерi Қа­ра­ғанды облы­сын­­дағы № 25-зо­наға түс­се, екiншi бөлiктерi сол облыстағы № 4-зонаға, үшiн­шi бөлiк­терi де Қазақстанда орналасқан     № 310-зонаға (Шы­ғыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсiк, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерiн де көбейтуде.

Радиоактивтi улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсiп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде.

Ресей космос әскер­лерiнiң негiзгi стратегиялық базасы боп саналатын «Байқоңыр» мына алмағайып заманда бiздiң мемле­кетiмiздiң қауiпсiз­дiгiне, елiмiздiң тәуел­сiздiгiне де үлкен қатер төндiрiп отыр. Себебi, космодромнан жиi-жиi Камчаткадағы «Кура» сияқты полигондарға сынақ үшiн жiберiлiп тұратын, СС-18, НАТО-ның классификациясы бойынша «Стилет» деп аталатын СС-19, СС-20 ракеталары бар, оның үстiне космостағы ұшып жүрген ядролық «Космос» сериялы әскери спутник­тердi бас­қарып отырған «Бай­қоңырдың», бiз қанша жерден атом қаруы жоқ аймақпыз десек те, ядролық қаруы бар елдердiң өзара соғыс жанжалы туа қалған жағдайда, бiрiншi нысана көзi болары даусыз!!!

Қазiр ғарышқа ұшатын ракета қозғалтқыштарында гептилден бас­тап, небiр улы құрамды заттармен қатар, криогендi отындар да қолданылады. Яғни ауа бөлгiш қондыр­ғыларда оттегi мен сутегi 184 градуста сұ­йыл­тылып, ерекше тех­нология­лық әрекетпен қатайтылып, ауасыз кеңiстiкте ракета отындарын жағуға қажеттi, бiздiң өзi­мiзге, өмiрiмiзге қажеттi оттегi газдары тонналанып, ауа кеңiс­тiгiмiз тоналып, космосқа қайтарымсыз кетiп жатады. Табиғат-ананың әр аймаққа өлшеп берген ауасы, суы, желдерi болады. Әрi осы космодромның теңiз бен мұхит жағалауында емес, тақыр құрлықта орналасуы жерiмiзде күн өткен са­йын оттегiнiң ауадағы қалыпты мөлшерден азайып кетуiне әкелуде. Тiптен сәуiр мен қазан айлары арасында бұл жерден оттегi алу мүмкiн болмай қалған. Оттегiнiң ауа құрамындағы аз ғана ауытқушылығы тек қана тыныс алуға емес, адам ағзасындағы зат алмасу процестерiне де керi әсерiн тигiзiп, қаназдық, қанның қызыл түйiр­шiктерiнiң азаюы, қатерлi iсiк, терi аурулары мен көптеген медицинаның шамасы келмейтiн ауруларды да көбейтуде, ал оған неше түрлi мутацияға ұшыраған жан-жануарлар әлемi мен өсiмдiктер дүние­сiн қосыңыз...

Осыншама қолдан жаса-лып жатқан зардапты апаттардың негiзгi себеп­терi Ресейдiң iстен шығарылған «Satan» SS-18, 19, 20 ракеталары болып тұр. Орысша МБР РС-20А деп белгiле­нетiн ракеталардың ядролық тастұмсықтары алынып таста­лып, жер серiктерi ғарышқа ұшыру­ға бейiмделген. Бұл ракеталар Ке­ңес Одағының басшысы М.Горбачев пен АҚШ президентi Р.Рей­ганмен арадағы келiссөз негiзiнде қоршаған ортаға аса қа­терлi қару ретiнде жойылуға тиiс болатын. Оны сырт көзден және халықаралық қауымдастықтан жасыру үшiн, ауыр «Про­тон» ракеталары деп, жаңа ат берген. Және де бұл ракеталарды орбитаға шығарған кез­дегi болып қалатын кездейсоқтықтан сақтану мақсатында 20 тонналық қосымша ракеталық отын бактары қойылған. Бұл ракеталарда қоршаған ортаға аса қауiптi гептил отыны қолданылады. Оның ауадағы рұқсат етiл­ген шектi таралу мөлшерi 1 мг/куб-шақырым. Яғни өте улы, зиян­ды бұл гептил, химия тiлiмен айт­қанда, симметриясыз диметилгидразинмен (С2Н8N2) бiрге ауасыз кеңiстiкте отынның жануын қамтамасыз ететiн оттегi газы. Оттегi газы айналамызды қоршаған атмосферадағы ауа құрамының 20,95%-ын, азот 78%-ын, ал қалған 1% -ын барлық қалған аргон, сутегi, ксенон, криптон, неон, көмiр қышқыл газы сияқты басқа да газдар құрайды.

Бұл экологияға аса қауiптi ракета отындарының 50-60%-ы ғана жанып үлгерiп, қалғандары жерiмiзге төгiледi екен. Гептил сұйық отыны - аса улы, тiр­шiлiктiң нағыз қас жауы. Осы ракеталарда жануды күшейте­тiн катализатор ре­тiнде күмiстiң ионы қолданылады. Бұл, өз кезегiнде, гептилмен бiрге төгiлiп, ракета ұшып өткен траектория бойында мыңдаған шаршы шақырым жерлерде ылғалды бұлттар мен жерден ұшқан буларды қоюлатып, қат­ты буландырады. Әсi­ре­се күз, қыс, көк­тем айларында ақша бұлт­тар мен қатпар бұлттардың қалыңдығы 100-500 метр болса, «Протондар» ұшқаннан кейiн бұлт­тар буланып, қалыңдығы 7 шақырымға дейiн жетiп, ауада жер бетiне күн сәу­ле­сiн түсiрмей, күннен та­райтын энергия көзiн тұмшалап, одан ауа райы күрт суып, жаңбыр, артынан қа­лың (қыс кезiнде) қар жауып, соңы 40-50 градустық аязға айналады.

2001 жылы желтоқсан айында Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен ылғалы көп Архангельс­к облысында орналасқан Плисе­ц­­к космодромынан осы «Про­тонның» бiреуiн ұшырғанда, Ресейдiң еуропалық бөлiгiн­де қалыңдығы бiрнеше метрге жеткен қар жауып, Мәскеудiң өзiнде 40 градустай аяз болып, мыңдаған қаңғыбас «бомж» қырылып, одан кейiн бұл ракеталарды Ресей космодромдарынан ұшыруға тыйым салынды. Батыс елдерiнiң өлердей қорқып, «Сатана» деп атаған ракеталары ылғалы көп жерлерден ұшырылғанда, сұмдық аязды апаттар әкелетiнi - әскерилерге бұрыннан белгiлi жағдайлар.

Тәжiкстан мен Өзбекстан­ның оңтүстiгiнде өсiрiлетiн биязыталшықты мақта плантацияларын жазғытұрымда бұршақтан қорғап, оны жауынға айналдыру үшiн бұлттарды күмiстi-иодты снарядтармен атқылау тәжiрибесi қолданылады. Ал Грузияның ылғалды таулы қыраттарындағы шай плантацияларын суғару үшiн, жаз айларында метеоракета ұшырылып, одан күмiс иондары бүркiлiп, жауын жаудырылады.

1997 жылы Жапон елi Қысқы Олимпиада өткiзерде күмiс иондарын ұшақтармен бүркiп, қар жаумайтын жерде орасан қалың қар жа­уып, айналасын ылғалды теңiз қоршаған елде апатты жағдай қалыптасып, пайда болған қалың бұлттарды ыдырату үшiн, жүздеген истребитель-ұшақтарды қолданып, зорға тоқтатқан.

Ал есептен шығарылған бұл ракеталардың бүгiнгi күндерi 150-ден астамы Байқоңырда сақталып отыр. Оның үстiне, оқу-жаттығу жиындарында Ресейдiң Байқоңырда орналасқан стратегиялық мақсаттағы космос әскерлерi негiзгi қолданыста тұрған жаңа ракеталарды үнемдеп, ескi, есептен шығарылған ракеталарды Камчаткада орналасқан Кура нысана-полигонына қалаған уақы­тында, Қазақстаннан сұрамай-ақ жiбере бередi. Егер бұл ұшырулар осылай жалғаса берсе, жо­ғарыдағы ракеталар 2018 жылы ғана таусылып, оған дейiн осылай табиғатымыздың ойран-топалаңын шығара бермек...

Бұрындары жер серiктерi Целиноград-Ақмола үстiнен ұшып өтiп, бұл аймақтарда сұм­дық аяздар болып тұратын. Қазiр бұл қала Астанаға айналған соң, мемлекеттiк басшылық органдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, ғарышқа шығатын жер се­рiк­терiнiң басқарылу траекториясы өзгертi­лiп, қазiргi күндерi қыста бұрынғыдай қатты аяздар азайған. Оның есесiне траектория бағыты ОҚ облысының солтүс­тiк аудандары мен Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына қарлы борандар әкелiп, оның әсерi республиканың барлық аймақтарына тарап, оңтүс­тiкте өзбек, қырғыз жерi түгiлi, сонау тәжiк жерiне дейiн жетуде. Биылғы қыстағы Шығыс Қазақстан мен Моңғолиядағы жалпы ғаламдағы сұмдық аяздар мен оңтүс­тiктегi теңiз бен мұхит жағасындағы елдерде орын алған су тасқыны апаттары да - осы «Протондардың» әкелiп жатқан қасi­ретi. Бұл жер серiктерiн алып ұшатын зымырандар тапсырыстағы белгiленген өз орбитасына шыққанша ғаламшарымызды ондаған рет айналатындығы көпшiлiкке белгiлi. Сондықтан Батыс елдерi бұл зымырандарды «Сатана» деп атаған.

Жоғарыда аталып өткен аяздардан кейiн Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда жерлерiндегi көктемде гүлдеп тұрған жемiс ағаштары мен жидектердi үсiктер ұрып кетуде.

Осыдан келетiн шығындарды қарапайым арифметика тiлiмен есептеп көрейiк. Оңтүстiк облыстарды республика хал­қының жартысына жуығы мекендейдi. Ең аз мөлшердi алып, бұл өңiрлерде 1 миллион отбасы тұрады деп есептесек, оларды адам басына бөлмей, тағы да ең аз дегенде бiр жылда бiр отбасы 200 келi жемiс-жидек пайдалан­ған жағдайда 200 000 000 келi болады екен. Ал осы өнiмдер­дiң әр келiсiнде орта есеппен 150 теңгеден алып көрейiк, сонда 200 000 000 * 150 = 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгенiң жемiс-жидектерiн жоғалтқан болып шығамыз.

Бұған жыл сайын әр отбасының үйлерiн жылытуға кеткен отынын (газ, мазут, дизель отыны, көмiр, ағаш, электр энергиясын) қосыңыз. Балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелерi, қарттар үйлерi мен басқа да мемлекеттiк мекеме­лердiң пайдаланған энерго­көз­дерiн қаржымен есептеп көрiңiз. Осы ұшырулардан пайда болған суық­тардың әсерiнен туындайтын тұмау және басқа да ауруларды емдеуге кеткен дәрi-дәрмектерге кеткен халықтың шығынын кiм көте­редi? Ал осы космостық ұшырулардан кейiн пайда болатын дауылдар мен қарлы борандардың зардаптарын жоюға, қар басқан үйлер мен авто және темiржолдарды аршуға кеткен шығындар қанша болады? Жабайы аңдардың (ақ­бөкен, киiк, арқар, таутеке, жайран т.б.) көктемде төлдеп жатқанда үсiп өлген шарана-жандықтарын кiм есептеп жатыр?

Байқоңырды үкiметiмiз 50 жылға Ресейге жалға бердi. Олар­дан алатын жылдық ақы бар болғаны 115 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда атап өткен жалпы шығындардың бәрiн қосқанда, бұл ақының түкке де тұрмайтындығы белгiлi. Аумағы алты мың шаршы шақырымнан астам жердi алып жат­қан Байқоңыр космодромынан қазақ елiне бүгiнгi күндерi зияннан басқа ешбiр пайда түсiп жатқан жоқ. Қасiреттi көп көрген көпұлтты хал­қымыз қашанғы басқа елдiң зертханасындағы тәжiрибе үшiн жаралған көжектердiң күйiн кеше бередi? Осы елдiң егесi бар ма, бар болса, неге оны, яғни Назарбаев мырзаны алдымен елдiң мүд­десi ойландырмайды? Адам баласына күнделiктi нанынан басқа, таза ауа, таза су, экологиялық жағынан таза өнiмдер керек емес пе?

Америкадан бастап, космостық державалар космодромдарын теңiз жағасына, мұхит ортасындағы аралдар мен атоллдарға орналастырады, себеп - жоғарыда айтылған жалпы экологиялық зардаптарды мейлiнше азайту. Атлант мұхиты жағасында орналасқан Флорида штатындағы космодромнан ұшқан әрбiр космос кемесiне американдық «НАСА» сол штатқа 85 миллион доллар экологиялық өтемақы тө­лейдi.

Ресей құрлықтардағы космодромдардың табиғат пен тiршiлiк­тiң қас жауы екенiн ескерiп, өз жерiндегi космодромдарын Қиыр Шығыстағы «Свободный» елдi мекенiне, ал Архангельск облысындағы «Плисец­кiнi» теңiз жағаларына орналастырған. Ал құрлықтағы «Байқоңыр» өз жерi болмағандықтан, әрi оны пайдалану арзан­ға түсетiн­дiк­тен, сонымен бiрге қазақтардың экологиялық танымы тайыздығын пайдаланып, Ресей ойына келгенiн iстеуде. «Росавиакосмос» агент­тiгi 2010 жылға дейiн «Байқоңыр» жерi­нен коммерциялық ұшырулардан 40 млрд. АҚШ долларынан астам пайда табуды жоспарлаған болатын.

Соншама зиян келтiрiп жат­қан космодромды Ресей-ге 50 жылға жалға берудi созған өкi­ме­тiмiз қандай мақсатты негiзге алды деген заңды сұрақ туады осындайда. Бiздiң билiк басшыларымыз да, бизнесмендер де экологиясы нашар Қазақстанда емес, алыс шетелдерде демалыс­тарын өткiзетiнiн мер­зiм­дi БАҚ-нан естiп те, көрiп те жүрмiз. Ал экологиялық қиын зардаптарды сол аймақтарда кедей­шiлiк жағда­йында тұратын, күнде­лiктi рациондары нан мен шайдан тұратын, тойып тамақ iшпейтiн, қарапайым халық тартуда.

Бүгiнгi күндерi ескi, есептен шығарылған, қолдану мерзiмде­рi әлдеқашан өтiп кеткен қоршаған ортаға аса қауiптi, салмағы 700 тоннадан астам «Сатана», «Про­тон­дарды», салмақтары 300 тонналық «Союзды», 459 тонналық «Зениттi», 207 тонналық «Днепрдi», 2360 тонналық «Энергия - Буранды» және бас­қа да аса ауыр әскери зымырандарды қазақ жерiнен ұшыруға тыйым салатын уақыт жеттi деп есеп­теймiз. Өткен жылы, яғ­ни 2008 жылдың 6 қыркүйек кү­нi «Протон-М» ракетасы, құдай сақтап, Жезқазғаннан 40 шақырым жерге асып барып құлады. Соңғы 6 жылда бұл ра­кеталар 10 рет құласа, ендi әбден тозығы жетiп ескiрген бұ­лардың құлауы ендiгi жерде жиiлей бермек. Жоғарыдағы жайларды қорыта айтқанда, елiмiз­дiң, жерiмiздiң, мемлекетiмiз­дiң эко­логиялық қауiп­сiз­дiгiн қамтамасыз етiп сақтау үшiн, төмен­дегi iс-шараларды жүзеге асыру қажет:

Елiмiзде орналасқан «Байқоңыр» космодромынан және Са­рышаған, Ембi, Мұғаджар және бас­қа да Ресейге жалға берiлген ракеталық-әскери полигондардан Ресей­дiң «Протон», «Зенит», «Союз», «Днепр» типтес және гептил отынын қолда­на­тын басқа да ауыр зымырандарын ұшыруға қатаң тыйым салу;

«Байқоңыр» космодромында кезекшiлiкте тұрған Ресейдiң барлық стратегиялық ядролық зымырандарының жә­не жойылуға тиiстi «Сатана» зымырандарының барлығын, оның компоненттерiмен қосып, Қаз­ақ­станнан тыс жерге әкеттiру;

Қазақстанның кез келген жерiнде орналасқан «Байқоңырдан» ұшатын космос пен басқа да зымырандарда пайдалануға тиiстi оттегiнi ауадан бөлiп алатын қондырғылардың жұмыстарына тыйым салу. Оның орнына суды электролизбен ыдыратып, оттегi алу қондырғыларын iске қосуды ұсыну;

«Байқоңыр» космодромы әсер етер (Қазақстанның 70 пайыз жерiн қамтиды) аймағын «Экологиялық апатты аймақ!» - деп жариялап, бұл аймақтардың тұрғындары мен қоршаған ортаға тигiзген орасан зор зардаптары үшiн, Ресейден экологиялық өтемақы төлеудi халықаралық сотқа дейiн берiп, талап ету;

Ол аймақтардың әрбiр тұрғынының денсаулығын қалпына келтiру үшiн және радиация, түрлi ауытқулар мен анемиядан сақтандыру мақсатында күнделiктi тамақ рациондарына жарты литр томат шырыны мен басқа да көкөнiстердi қостыруды мемлекет тарапынан жүзеге асыру;

«Байқоңыр» космодромына тө­ле­нетiн ақыны, оның экологиялық ахуалдарға әсерiн және жоғарыдағы айтылған мәселелердi жүзеге асыруға кеткен барлық шығындарды қо­са есептеп, қайта қарап, оның мөл­шерiн тез арада көбейттiру;

«Байқоңыр» айлағы мен осы әскери кешеннiң әсерi бар барлық аймақтарға ғылым мен техниканың соңғы жетiстiкте­рiмен жарақтандырылған экологиялық зертханалар орналастырып, әсiресе ауа құрамын тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыру;

Космодром айлағы мен ав­то және темiржолдар бойына, үл­кен қалалар айналасына оттегiнi көп бөлiп шығаратын, шөлге төзiмдi қарағайлар мен то­раңғыл, терек сияқты ағаштар мен басқа да бұталарды көптеп өсiрудi жүзеге асыру үшiн, мемлекет деңгейiнде бағдарлама қабылдау;

Осы маңызды iс-шараларды тез арада қолға алу және бұларды орындау - қоршаған ортамызды, жерiмiздi, ең бастысы, елiмiздi, келешек ұрпағымызды аман сақтап қалудың басты кепiлi болмақ.

 

 

Ж.Өтеген, Е.Пернеев, Н.Әмiрова, А.Күмiсбек, I.Байжанов, Қ.Махан, Н.Шыңбаев, Ж.Сейтiмбет, Ш.Пiрмат, Х.Рахманбердиев, К.Бақбергенов, Т.Қанаев және тағы басқалар.

Шымкент қаласы

«Общественная позиция»

(проект «DAT»10 (47) от 10 марта 2010 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527