Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2643 0 пікір 15 Сәуір, 2010 сағат 05:12

ҚЫЗЫ ЕДIҢ ТОҚТАМЫСТЫҢ АТЫҢ – САРА... (ЕЖЕЛГI ЭССЕ)

Жалпақ қазаққа мәлiм айтыстың бiрер жолын бұрып айтқанымыз болмаса, Тоқтамыстың Сарасы да Тастанбектiң қызынан кем соқпаушы едi. Бұл Сара жеңбеген жiгiт, бұл Сара алмаған жүлде жоқ: машинаның бiраз түрiн талғап та, таңдап та мiндi. «Сенi аламын» деген талай алкеуде ақынның аузын артына қаратты. Бәйге бiткеннiң басында Сара ақынның аты аталмаған айтыс жоқ.

Бiрақ аламан айтыста ол Сараны сан соқтырған ұрғашылық, ақыры, бұл Сараның да «басына туды». Туғанда оңбай туды: белдi бiткенге бет қаратпаған ақын Сара ата баласы арғынды «жау» санаған шапыраштының келiнi болып шыға келдi. «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несi бар?» дегендей, қалың арғын-найман етектi қызына естi ұл таппай, сүйекке таңба түсiрдi.

Иә, дейсiң-ау сонда, бұл Сара бұдан екi ғасыр бұрын Арқадан «ауып» кетсе, айғайы Алтайды кернеген осындай күңiренудiң ретi болар едi-ау. Ендi ше? Ендi заман басқа: «тең с теңом, тезек с қабом» деген доғал дүние туды. Ерiк өзiңде: алтын басты ақын болмақ түгiлi, бақыр басты басқа болсаң да, сүйгенiңдi сона-а-у Африкадан таңдап табуға қақың бар. Бұл қалауыңа қыңқ дейтiн қара шал таппайсың.

Әйтсе де, дәтке қуат бiр жайт бар, сара сөздiң Сарасы тiзе қосқан Есiл есiмдi жiгiт арқар ауған аймақтың естiсi екен. Ақын Сара қызғалдақтың ғұмырындай ғана қыз күндерiнен айырылса да, айтыстан айырылмайтын бопты. Оны баспасөз арқылы төркiнiне үшбу сәлем жолдаған Сараның өзi айтыпты: «Күйеу балаларың өзiм сияқты өнерге қатысы бар жiгiт», - деп.

Осыны естiген Аягөздегi Аман ағам күрсiндi де қойды: «Е-е, тәйiрi, әйтеуiр, аман болсын, Есiлдiң елiне қарсы келiп, өле алмай жүрген жай қайсы?!».

Мен тамағыма тiрелген өксiктi үш толғап, әрең жұттым: «Қайран ағам-ай, шапшығанға шапалақ, шатағы шәлкес мiнезiң арқармен бiрге ауып кеткен-ау!...».

Алтай САУЫР

«Общественная позиция»

(проект «DAT»7 (32) от 18 ноября 2009 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529