Қырғызстан үкіметінің экс-басшысы Құлов парламенттік республика құруды қолдайды
Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ - Лариса Черненко. Қырғызстан үкіметінің бұрынғы басшысы, танымал оппозиционер Феликс Құлов өзінің елі үшін ең тиімдісі - парламенттік республика болған тиімді дейді.
«Біздің партия парламенттік республика құруды қолдайды. Ақаев пен Бакиевтің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай жағдайда алқа басқаруына барған жөн», - деді Ф. Құлов сенбі күні Алматыдағы «АйтPARK» пікірталас клубында, елдегі оқиаларға болжам айта отырып.
«Өздеріңіз білетіндей, демократияның ең негізгі жауы - қайырымды патша. Қайырымды патшаны күту, бәлкім, күрделі. Қазіргі кезеңде парламентаризм жарайтындай, ал егер жалпы саяси мәдениет өсіп, қалыптасатын болса, президенттік басқару түріне қайта оралу мәселсін көтеруге болады», - дей келіп ол, бұл мысал басқа елдер үшін үлгі бола алмайтынын жеткізді. «Біздің жағдай - ерекше», - деп атап көрсетті саясаткер.
Сонымен қатар ол, экономикалық дағдарыс кезеңінде президенттік басқару жүйесі тиімдірек екенін атап өтті.
Оның мәліметтерінше, алдағы парламенттік сайлауда блоктар болмайды, және әр партия өзінше сайлауға қатысады.

«Президенттің құзыреті аз болып, болжам бойынша оған баратын адамдар да аз болады», - дейді ол. Жаңа үкіметті кім басқаратыны туралы сауалға жауап беріп, Ф. Құлов қазіргі уақытша үкімет басшысы туралы күмән білдірді. «Роза Отунбаева үкімет басшысы бола қоймас, себебі ол білімі бойынша дипломат», - дей келіп ол, «үкімет басшысы Атамбаев (уақытша үкіметтің бірінші вице-премьері Алмазбек Атамбаев, 2007 жылы Қырғызстанның премьер-министрі болған, оппозициялық социал-демократиялық партия басшысы, 2009 жылы сәуірде оппозициядан президенттікке үміткер жалғыз тұлға болған - ҚазТАГ) болуы мүмкіндігін» жоққа шығармады.
Ф.Құловтың өзі де үлкен саясатта қалу жоспары бар болғанымен жаңа үкіметтің құрамына кіре алатындығы туралы сенімі жоқ. «Мен, саяси партияның басшысы ретінде, сөзсіз елдегі саяси ахуалға ықпал етуге тырысамын», - деді ол.
Сонымен қатар саясаткер Қырғызстанда келешекте тұрақты, күшті мемлекет болуының барлық мүмкіндігі бар дейді. «Осы оқиғалардан соң ел, аяғна тұрып кетуінің толық мүмкіндігі бар. Бізде өте талантты жас саясаткерлер бар. Сеніңіздер, мен оны қызыл тіл үшін айтып тұрған жоқпын. Мен әлеуетін көріп тұрмын», - денді ол осыған байланысты. Ф. Құловтың айтуынша, олардың көбі қазір Ресей мен Қазақстанда жұмыс істеп жатыр және келешекте ел басқаоруына тартылуы мүмкін.
Ф. Құлов әр жылдары Қырғызстанда ішкі істер министрлігін, ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарғаны белгілі. Асқар Ақаевтың тұсында оппозицияны басқарып, түрмеде де отырды. Құрманбек Бакиевтің тұсында үкіметті басқарып, бірақ кейін бұл қызметтен аластатылды. Қазір «Ар-намыс» партиясының төрағасы.