«Мұнай табыстары – қоғам бақылауына!» коалициясы үкіметке ҚР-да EITI жүзеге асырудың тиімділігін арттыруды ұсынады
Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ – Ақжол Сәдешов. «Мұнай табыстары – қоғам бақылауына!» коалициясы үкіметке Қазақстанда өндіру өнеркәсібіндегі ашықтық бастамасын (EITI) жүзеге асырудың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шара ұсынды.
Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге коалиция мүшесі, «Салық мәдениетін қалыптастыру» қоғамдық қорының президенті Наталья Янцен хабарлады.
Коалиция ұлттық баспасөз орталығында қоғам назарына Қазақстанда EITI жүзеге асыру бойынша үшінші балама есебін таныстырды. Құжат 2008 жылдың ақпанынан 2009 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңді қамтиды. Өз есебінде коалиция бастаманы жүзеге асыруға кедергі жасап отырған бірқатар мәселелерді анықтап, алға тартты.
«Бірінші есеп шыққаннан кейін жер қойнауын пайдалану туралы заңға өзгертулер енгізілді, оларға сәйкес, пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияға қол қоятын компаниялар бірден бастамаға қосылуға тиіс. Алайда бұл мәселе бақыланбай отыр, лицензиялар алынып жатыр, бірақ бұл компаниялардың меморандумға қол қойғаны-қоймағаны белгісіз», - деді Салық мәдениетін қалыптастыру» қоғамдық қорының президенті.
«Коалиция мемлекетке және компанияларға әрбір компания бойынша бөлек есеп жасауды ұсынады. Қазір бізде жалпы сала бойынша ортақ, жиынтық есептер бар», - деп атап көрсетті ол.

Сондай-ақ, коалиция өндіруші компаниялардың әлеуметтік инвестициялары туралы ақпаратты жария етіп, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттардың шарттарын немесе кем дегенде мемлекетке төлемдерге қатысты жерлерін ашып көрсетуді, EITI шеңберіне Қазақстанда өндірілетін пайдалы қазбаларды тасымалдаумен айналысатын компанияларды енгізуді ұсынады.
Бұған қоса, коалиция үкіметке компаниялардың қоршаған ортаны қорғау, қазақстандық мазмұн және жұмыскерлердің еңбегін қорғау, өндірістегі қауіпсіздік жөніндегі талаптарды орындауы туралы халықты ақпараттандырудың пәрменді механизмдерін ұсынады.
Қазақстан EITI-ға 2005 жылы қосылды. Ол жылы 5 қазанда Алматыда парламенттің, үкіметтің және 26 өндіруші компанияның өкілдері ҚР-да EITI жүзеге асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
EITI-ды жүзеге асыру туралы 2005 жыл үшін тұңғыш ұлттық есеп 2008 жылы жарыққа шықты, 2006 жыл үшін екінші есеп 2009 жылдың ақпанында шықты. 2007-2008 жылдар үшін есептерді биылғы жылдың күзіне қарай жариялау жоспарланып отыр.
«Мұнай табыстары – қоғам бақылауына!» коалициясы 2004 жылы құрылды және бүгінгі күні оның құрамына 60-тан астам ҮЕҰ кіреді.