Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3673 0 пікір 19 Мамыр, 2014 сағат 10:24

Қытай басшысының сапарында тосын уақиғалар көбейіп кетті

 

The New York times пен The Japan Times Си Цзиньпиннің Шыңжаң атономиясына сапары кезінде үш қытай қызметкері өлітірілгендігін жарыса хабарлады.

 

Қытайдың батысындағы Шыңжаң автономиясының полицейлерінде жақынннан бері тыным жоқ, алдыңғы айда Си Цзиньпиннің автономияға келуі кезінде аталған автономияда арт-артынан қанды уақиғалар орын алған дейді The New York times 15 мамырдағы ақпаратында. Қытай президентінің Шыңжаң автономиясына төрт күндік сапарының алғашқы күні-ақ қанды уақиға орын алған. Автономияның Қашғар аймағына қарасты Қарғалық елді мекенінде  27 сәуір күні туған бұл уақиғада «Көккөлжар» деген көлге балық аулауға келген үш қызметкердің өлтірілгендігін, үшеудің түгелдей этникалық қытай екендігін жазады Нью-Йорк таймс. Жергілікті полиция бөлімшесі бастығының  орынбасары берген ақпаратқа сүйенсек, өлгендердің екеуі мойнынан бауыздалған, ал қалған біреуі 31 жерден пышақталған соң көлге лақтырылып жіберілген деп түсіндіреді The Japan Times ақпараты.

Төрағаның осы жолғы сапары автономиядағы ұйғырлар мен қытайлар арасындағы бірлікті жандандыруды тіпті де күшейтеді деп Қытай ресми БАҚ-тары ерекше дәріптеп еді. Алайда, Си Цзиньпиннің бұл келуінде бүкіл Қытайды шарпыған қанды қарсылықтарды жаныштауды мақсат тұтып келгені көп байқалды, Бейжиң жағы діндік экстремистер мен сепаратистер деп атаған бұл қарсылықтарды тамырымен құртуға екпін бергендігін жиі байқатты. Өкінішке қарай, Сидің автономияға сапарының соңғы күнінде де автономия орталығы Үрімші қаласында үш адам жанына жұда болған жарылыс туып үлгерді,-дейді жоғарыдағы ақпарат құралдары.

Үш қызметкердің бауыздалып өлтірілгені туралы ақпарат әліге дейін Қытай ресіми БАҚ-тарында жарияланбаған. Ақпараттарға негізделгенде, қанды уқиғаға байланысты тексерулердің жалғасқанына екі аптадай уақыт болған, 150-ден артық күдіктілер тексеріліп жатыр.

Уақиғаның туылу себебін сараптаған адам құқығы белсенділері былай дейді: «Аталмыш өңірдегі дәстүр мен дінге қысымның артуы, күшейіп бара жатқан тексерулер және өңірге зор мөлшердегі этникалық қытайлардың иммиграциясы жергілікті тұрғындарды ашындырған». Өлтірілген қытай қызметкерлердің үшеуі де екі жылдың алдында Шыңжаң автономиясына ауысытырылып келген дәрежелі қызметкерлер екен, біреуі банк басшылығында жұмыс істесе, қалған екеуі телекоммуникациялық қызметте жұмыс атқарады екен. Уақиға орын алған күні Қытай президенті де Қашғар аймағындағы қарулы сақшы бөлімдерінде болып, оларға терроризмге қарсы тұрудың «маңыздылығы мен күрделілігін» түсіндірген көрінеді. Ал Қытай басшысының өңірге сапарын аяқтайтын күнінде 79 адам зардап шегіп, үш адам жанынан жұда болған Үрішмідегі жарылыс уақиғасы дүние жүзі БАҚ-тарын бір шулатқан еді.

 

  Талғар Дәлелғазы

Абай-ақпарат

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475