Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Аласапыран 8193 0 пікір 6 Мамыр, 2014 сағат 09:47

Қажымұқан Ғабдолла. Бүлінген әлемнің бүгіні

 Ақпараттың заманы... Қай елде де, қайбір жерде де азғындаған адам, қираған ғимарат, қаптаған қызыл су, тілсіз жау, зорлық пен зомбылық, қорлық пен қиянат... Төбе шашың тік тұрады, тұла бойың шымырлайды, жүрегің сыздайды...

...Айдың күні аманында Шымкенттен Ақтауға отан алдындағы борышын өтеуге барған бір теңіз жаяу әскерінің жауынгері өзінің екі әріптесін пышақтап, өлтіріп тастады. Күдікті әріптестерінің денелерін қаланың №4-ші ықшам ауданына жасырыпты. Қолға түскен күдікті өзінің қылмысын мойындап, үш жауынгердің алдымен бірге арақ ішіп, мас болған соң, ерегісіп қалғандығын, сосын, өзінің екі әріп­тесінің біріне 15 жерден, екін­шісіне 10 жерден пышақ салған­дығын айтқан. Неткен қатыгездік?!.

...Үлкен қоңсымыз Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялы ауданы Үрімші қаласындағы оңтүстік теміржол бекетіндегі жарылыстан таяуда үш адам қаза болып, 79 адам жарақат алды. Жарылғыш зат бекет пен автобус аялдамасының ортасында іске қосылыпты. Келеңсіз оқиғалар жиі орын алатын  Синьцзян-Ұйғыр автономиялы ауданын Қытай билігі әрдайым «Шығыс Түркістан ислам қозғалысының» мойынына арта салуға дағдыланған. Біздің­ше, қадым заманнан парасат пен пайымға сүйенген шығыс жұрты құбылыстың себеп-салдарын тереңнен іздеуі керек сияқты...

...Украинадағы жағдай мен Ресейдің басқыншылық қылығы әлемді теңселтіп тұр. Орысты ашық қолдаған Қытай егер американдықтар Ресей­ге қысымын күшейте түссе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің аталған мәселе бойынша қабылдан­ған қатаң шешімдерін қолдамай­тындығын мәлімдеді. Ол-ол ма, бүгінде Қытай басшылығы Түркия билігімен келіссөздер жүргізіп, оны Босфор бұғазы арқылы НАТО-ның корабльдерін өткізбеуге көндірген. Сонымен қатар, Қытайдың билігі АҚШ-қа өз қарыздарын алтынмен қайтаруды талап етіп, американдықтардың «геосаяси өркөкіректігін» су сепкендей басты...

...Әйткенмен, орыс елінің прези­­денті Путиннннің қытай­лықтарға ризашылық қуаны­шы көпке соз­ылмады. Қытай жетекшісі Си ЦЗИНЬ­ПИН Герма­нияға ресми сапа­ры кезінде ел басшысы Ангела МЕРКЕЛЬДЕН аса құнды сыйлық алды. Бұл - сонау 1735 жылы неміс карто­граф­тары құрастырған Қытай елінің ескі картасы еді. Құны «жүз мың сөзден де қымбат» бұл картада бүгінгі Ресейдің құрамындағы Қиыр Шығыс, Сібір, Тыва жерлері бір заманда Қытайдың иелігінде болған екен. Қазіргі Ресейдің озбырлығын бүгінгі таңдағы жер жүзіндегі ақылды әйелдердің бірі осылайша тарихи дерекпен дәлелдеп, ауызына құм құйды...

...Иә, елі мен жері үшін қасық қандары қалғанша күресіп, ғазиз жандарын құрбан қылған біздің ата-бабаларымыздың рухани күш-қуаты дәп қазір әрбір қазақтың баласына ауадай қажет болып тұр.

Намысы нарттай көсемсөзші ағамыз Несіп Жүнісбайұлының бірде:

“Жігітте қорған болмаса – ол таяқ жейді,

Қызда қорған болмаса – ол көкпарға тартылады,

Малда қорған болмаса – ол қасқырға жем болады,

Елде қорған болмаса – ол азып-тозып құриды...” – деп жазғаны бар еді...

...Ақырзаманның белгілері бадырайған бүгінгі бүлінген әлемде Жаратқан Иеміз қазақ халқына медет болғай!..

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965