Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5602 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 13:37

РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН ӘУЕ КЕҢІСТІГІН БІРЛЕСІП ҚОРҒАЙДЫ

"ҚазАқпараттың" хабарлауынша, бүгін Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлдады.

Яғни бұдан кейін Ресей мен Қазақстанның әуе қорғанысы біріңғай жүйеде жұмыс жасайды. Бір таңғаларлығы, бұған дейін ТМД мемлекеттерінің де әуе шабуылына қарсы біріккен жүйесі болған. Сонда Қазақстан мен Ресей тағы қандай біріңғайлыққа қол жеткізді екен? 

Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаровтың айтуынша, бірыңғай жүйе бейбіт уақытта әскерлердің жауынгерлік кезекшілігін атқару мен бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыруды көздейді. Ал соғыс уақытында Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларында көзделген тәртіппен өз әскерлері мен құралдарын қолдану туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерін Тараптардың қорғаныс министрлерінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен РФ Президенті лауазымға тағайындайтын қолбасшы басқаратын болады. Ал Қазақстандағы қолбасшылық Алматы қаласында орналасады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1172
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2696
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 817
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 789