Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 7291 0 пікір 16 Сәуір, 2014 сағат 11:14

"БОЛАШАҒЫ ЖОҚ АУЫЛ" БОЛА МА?

 Қазіргі биліктің «болашағы жоқ ауыл» дегені мүлдем қате пікір. «Болашағы жоқ ауыл» болушы ма еді. Ауыл дегенде ең алдымен менің көз алдыма қалың қазақ келеді. Бүгінге дейін ұлтымыздың тең жартысы ауылды жерлерде тұрып келді және әлі де сонда тұрады. Турасын айтатын болсам, ауылды құрту – қазақты құрту дер едім.

Бүгінгі орысқұл, орысшыл биліктің біздің қазаққа теріс қарағанына биыл 23 жыл толады. Осы жылдар ішінде қазақтар тұратын елді мекендер азды, тозды. Cаналы түрде, қасақана ауылдарды қараусыз қалдырды. Қазақтың ең шұрайлы деген жерлері түгелдей басқа бір келімсектерге берілген. Менің естуімше, Қазақстандағы жарамды 25 млн гектар жердің нақты қожайыны төрт-ақ адам екен. Олар: Школьник, қайтыс боп кеткен Метте, Терещенко, Мәскеудің бұрынғы мэрі Лужковтың әйелі, т.б.

Ал, біздің ауылды жерлерде тұратын қазақтар солардың жалдамалы құлдары іспетті. Қазақстан жерінің 70 пайызы тек мал шаруашылығына ғана арналған. Бізде суармалы жерлер өте тапшы. Бір кездегі 50 миллион басқа жуық малдан бүгінде тігерге тұяқ қалмаған десе де болады. Малы жоқ қазақ – қайыршы қазақ. Бұл ащы да болса, ақиқат!

Бүгінде ауылды жерлердегі қандастарымыздың 90 пайызы жұмыссыз, қайыршылықтың алдында әзер күн кешуде. Ауылды жерлердегі мәдениет ошақтары, тіпті, орта білім беретін мектептердің көбі жабылған немесе жабылудың аз-ақ алдында тұр.

Турасын айтқанда, жер тозған, ел азған. Бүгінде ауыл халқы түгелге жуық қалалы жерлерге босуда. Енді аздаған жылдардан кейін Қазақстандағы ауыл атаулы қаңырап бос қалады. Ол бүгінгі Мәскеушіл, «Еуразияшыл» билікке өте тиімді. Бос қалған жерлерге орекеңдерді, көршіміз қытайларды қоныстандырмақ. Барар жер, басар тауы қалмаған біздің қазақтар қала мен ауылдың екі ортасында босып жүріп, ту-талақайы шығады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйіні, ауылды құрту – қазақты құртумен бірдей деген сөз. «Болашағы жоқ» ауыл деген сөз тіркесі, міне осыдан шыққан...

Жұмаш КӨКБӨРІ, ақын

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318