Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6891 0 пікір 10 Сәуір, 2014 сағат 10:37

«ИТ ЗАМАНҒА СЫЙМАЙ КЕТКЕН ҚАСҚЫРЫМ!»

(Әмірхан Балқыбектің рухына)

 

Ей, адамдар, содан қалған отты ізде,

Ондай сері қалмады енді көк-түзде.

Бөрі болсаң ит ғұмырды кешуден,

Өткен азап жоқ бізде!

 

Абаданым, айға қарап ұлыған,

Қара түнек болып кетті шұғылам.

Қайда кеттің қазағыңды қалдырып,

Қайда кетті сен айтатын тұнық ән?

 

Бүгін балбал күрсінеді, мен білем,

Қонбас жанға жалғандағы ендігі ем.

Тар заманға симай кеткен сен де бір,

Құдіреттің бере салған кеңдігі ең.

 

Бөрімді іздеп, ұли берем мен енді,

Сен бақидан жырақ салдың кемеңді.

"Қасқыр құдай болған кезде" тумадың,

Еме алмадың Ашина-Ару енеңді.

 

Табаныңда үгілуші еді тас бұрын...

Қалмады ма түңілуден басқа ырым?

Сес көрсетіп жүрмедің бе, ездерге,

Ит заманға сыймай кеткен қасқырым!

 

Жанат Жаңқашұлы 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297