Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4160 0 пікір 7 Сәуір, 2014 сағат 10:43

РЕСЕЙ ШЫҒЫС УКРАИНАҒА АУЫЗ САЛДЫ

Шығыс Украинада ресейшілдер кеңселерді басып алды деп хабарлайды «Азаттық» радиосының сайты.

Ақпараттарға жүгінсек, ресейшіл демонстранттар Украинаның шығысындағы үш қаладағы үкімет үйлерін  басып алған. Бүлікшілер Ресей туын көтеріп, Харьков қаласындағы әкімшілік ғимараттарының төбесіне тіккен. Сондай-ақ Донецк облысына қарасты Луганск қаласындада дәл осындай жағдай орын алған.

Бір таңғаларлығы, Украина құқық қорғау қызметкерлері ешқандай қарсы күш қолданбапты. Бүлікшілердің қолында «Донецк республикасы» деп жазылған плакат бар көрінеді. Талаптары Шығыс Украина бойынша да Қырымдағыдай референдум өткізу, сондай-ақ Украина қауіпсіздік қызметі ұстаған бірнеше адамды босатуды талап еткен.

Украина тарапы мұндай «бассыздыққа» Путиндік Ресейдің қолдау көрсетіп отырғандығын айыптады. Ал Чехия Президенті Милош Земан егер Украинаның шығыс аймағына қауіп төнсе, бұл аймаққа «Нато» әскерін кіргізу қажет деп есептейді.

Абай-ақпарат

сурет: "Азаттық" радиосының сайтынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383