Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 32260 0 пікір 2 Сәуір, 2014 сағат 19:58

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЙҒЫР ДИАСПОРАСЫ

Abai.kz бүгін бастап «Қазақстандағы диаспоралар»  атты жаңа айдар ашып отыр. Бұл айдардар Қазақстан Республикасының территориясында тұрып жатқан диаспоралардың қысқаша тарихын оқып біле аласыздар.

Айдарды Қазақстандағы ұйғыр диаспорасынан бастап отырмыз.

Abai.kz

 

 Ұйғырлар ең көп орналасқан мемлекеттер:

 

Қытай

 

 

10,069,346

 

(2010)

 Қазақстан Республикасы

237,582

(2012)

 Қырғызстан

46,944 (1999)

 Өзбекстан

45,800 (2000)

 Пәкістан

3,000 (2009)

Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының жергілікті халқы. Сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Жалпы саны 8,5 млн. адам (2001). Тілі - түркі тілінің оңт. -шығыс тобына жатады.

Ұйғырдың ата қонысы ерте кезден-ақ Шығыс Түркістан аталған. 1760 ж. бұл өлкені Цинь империясы жаулап алып, Шығыс Түркістан атауын Синьцзян (Шыңжаң) (жаңа жер, жаңа шекара) деп өзгертті. Кейіннен өлке атауы ШҰАР (Шыңжаң — Ұйғыр Автономиялы районы) деп өзгертілді. Қытайлар Ұйғырды басқа да мұсылман ұлыстарымен қосып хуэйцзу, хуэйхуэй деп, кейде чантоу деп те атаған. Моңғолдар Ұйғырды хотан деп атайды. “Ұйғыр мемлекеті”, “Ұйғыр жазуы”, “Көне ұйғыр тілі” деген тарихи атаулар туралы қазіргі Ұйғырдың этнографиясы арасындағы байланыс, сабақтастық туралы әр қилы пікірлер бар.

Ұйғырлар  Қазақстан территориясына  алғаш рет 19 ғасырдың соңына таман келіп қоныстанған.

1881-83 жылдары қазіргі Алматы облысының  территориясына Қытайдан 40 мыңнан астам  ұйғыр көшіп келген.

Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  өңірі бүгінгі таңда ұйғыр халқы өкілдерінің  ең көп тұратын  жалғыз ғана  географиялық  нүктесі. Олардың саны -  237,582.   Ұйғырлар Қазақстандағы ең   көп санды диаспора  қатарына   жатады. Қазақстанның  оңтүстік-шығысымен шектесіп жатқан    Қытай елінде, яғни, Шынжаң –ұйғыр автономды   ауданында  11 миллионға  жуық  ұйғыр тұрады.   Ал, әлемдегі  ұйғырлардың саны 20 миллионнан асып жығылады.

Қазақстандық ұйғырлардың көпшілігі  Алматы облысында шоғырлана орналасқан.    Олардың  жартысына  жуығы   ауылда   тұрып  еңбек етеді, қалғандары   қалаларда, басым көпшілігі   Алматыда   тұрады.  Республикалық  мәдени орталық та   осында  жұмыс істейді.  Қазақстанның  ең ірі  қаласында әлемдегі  жалғыз ғана кәсіби  ұйғыр театры және  әлемдегі  жалғыз ғана   ұйғыр гимназиясы   орналасқан.  Ал республикада   таза  ұйғыр тілінде  оқытатын немесе аралас мектептер  саны  жетпіске  жетіп  жығылады. Ұйғыр диаспорасы  өкілдерінің 20 мыңға  жуық жас буын өкілі    туған тілінде   білім алады. 

Республикалық ұйғыр мәдени орталығының  деректері  бойынша,  Қазақстандағы  ұйғырлардың  бәрі дерлік туған тілінде сөйлейді.  Қазір ғана туған тілін меңгеруге  талпына  бастаған  шағын топ бары да  рас, олар көбіне  қала тұрғындары.  Ал ауыл-аудандардағы ұйғыр диаспорасының   өкілдері тек туған тілін ғана емес, қазақ тілін  де  жақсы меңгерген.

Бүгінгі таңда  Қазақстандағы  ұйғыр диаспорасының  өкілдері барлық салаларда- экономикада, саясатта,  мәдениетте  табысты еңбек етіп  жүр.  Бірнеше  жыл бұрын құрылған  республикалық  ұйғыр  мәдени орталығының ұйымдастыруымен атқарылған ұлттық салт-дәстүрді, тіл және мәдениетті сақтауға  бағытталған іс-шаралар әдеттегі  жұмыс шегінен  асып кеткен.  Қазір орталық шамалы  да  болса   мемлекеттің   әлеуметтік жауапкершілігінің  бір бөлігін өз мойнына алып,  Алматы облысының   бірқатар ауылында ұйғыр орталығы тартқан демеушілік  қаржыға   қалпына келтірілген    мектептер,  ауруханалар,   сумен жабдықтау  жүйелері бар.

Ұйғыр халқының тарихы туралы толығырақ Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедиясынан оқып біле аласыздар.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969