Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4283 0 пікір 15 Қыркүйек, 2014 сағат 08:48

«Бәйтеректе» мемтілдің насихатын кеңейту мақсатында байқау өтті

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында Тілдер күніне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» сайысы өтті деп хабарлайды  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі. 

 Сайысқа «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының өзге ұлт өкілдері қатысты. Конкурстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін насихаттау және қолданылу аясын кеңейту, түрлі ұлт өкілдерін бір-біріне жақындата түсу, қазақ тілін еркін меңгеруі үшін жағдайлар жасау, қызметкерлердің корпоративтік имиджін және мәдени деңгейін арттыру. 

Қатысушылар қазақ тіліндегі мәтіндерді орыс тіліне аудару, мақал-мәтелдер жарысы, өзін таныстыра білу шеберліктерін көрсетіп, сайысқа түсті. Конкурстың ерекше бөлігі шығармашылық өнерлері мен викторина болды. Бұқаралық ақпарат құралдары, еліміздің жоғары оқу орындарының профессорлары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінен құралған әділқазылар алқасы сайыскерлерді бес балдық жүйе бойынша бағалады.    

Сайыс нәтижелері бойынша 1 орынды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметкері – Светлана Назарюк иеленіп, Samsung планшетын ұтып алды. 2 орынды «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қызметкері – Зальмира Кемалова алды, оған кофе машина табысталды. З орынға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан келген Галина Калябина ие болып, оған фотоаппарат ұсынылды.

 Сайыстың қалған қатысушыларына да бағалы сыйлықтар табысталды. Әділқазы мүшелері «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобы қызметкерлерінің қазақ тілі білімдерін жоғары деп бағалады.  

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.  Холдингтің құрамына кіретіндер:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Kazyna Capital Management», АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «Мемлекеттік-жешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС. Холдинг осы компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакетін иемдену және пайдалану құқығана ие. 

Дереккөзі:  www.baiterek.gov.kz
Абай-ақпарат

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397