Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5753 0 пікір 8 Тамыз, 2014 сағат 13:31

Қанат Ислам 18-рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам 18-ші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. Бұл туралы eluniversal.com сайтына сілтеме жасап, Bnews.kz хабарлады.

  

Колумбиялық Фидель Монтерросаны тізерлету үшін Қанатқа 5 раунд жеткілікті болды. Бірінші раундта Фидель белсенді бокстасқанымен, екінші кезеңнен бастап Қанат басымдықты өз қолына алды. Әсіресе, сол қолмен ұрған соққылары қарсыласын есеңгіретіп тастады. Төртінші раундтан бастап Қанаттың соққыларынан Фидельдің тізесі дірілдей бастады. Бесінші кезеңнің 2 минут 50 секундында Монтерроса еденге етпеттеп жатып алып, тұрмай қойды. Төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Кәсіпқой боксқа өткелі 44 жекпе-жек өткізген Фидель Монтерроса осымен 10-шы рет жеңіліп отыр. Бұған дейін ол 34 кездесудің 26-сында нокаутпен жеңген еді. Ал қазақстандық боксшы бүгінге дейін 18 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жетті, оның 15-ін нокаутпен аяқтады. Жекпе-жектен кейін Қанат Ислам өзіне қолдау көрсеткен Колумбия жұртшылығына алғысын білдірді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 995
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2542
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 670